Хадис
كِتَابُ الشُّفْعَةِ

Шұфға кітабы

Сахих әл-Бұхари, 37-кітап · 2 хадис · № 1061–1062

بَابُ عَرْضِ الشُّفْعَةِ عَلَى صَاحِبِهَا

1-бапШұфға құқығын оның иесіне ұсыну туралы

1061
Бұхари, № 1061 · Сахих: 2258Риуаят етуші: Әбу Рафиғ

عَنْ أَبِي رَافِعٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مَوْلَى النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ جَاءَ إِلَى سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ، فَقَالَ لَهُ: «اِبْتَعْ مِنِّي بَيْتَيَّ فِي دَارِكَ»، فَقَالَ سَعْدٌ: «وَاللَّهِ، لَا أَزِيدُكَ عَلَى أَرْبَعَةِ آلَافٍ مُنَجَّمَةً». قَالَ أَبُو رَافِعٍ: «لَقَدْ أُعْطِيتُ بِهَا خَمْسَ مِائَةِ دِينَارٍ، وَلَوْلَا أَنِّي سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: “الْجَارُ أَحَقُّ بِسَقَبِهِ” مَا أَعْطَيْتُكَهَا بِأَرْبَعَةِ آلَافٍ، وَأَنَا أُعْطَى بِهَا خَمْسَ مِائَةِ دِينَارٍ». فَأَعْطَاهَا إِيَّاهُ.

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) азат еткен құлы Әбу Рафиғтың (р.а.) айтуынша, ол Сағд ибн Әбу Уаққасқа келіп: «Аулаңдағы екі үйімді менен сатып ал», – деді. Сағд: «Алланың атымен ант етемін, саған бөліп төлеу шартымен төрт мыңнан артық бермеймін», – деді. Әбу Рафиғ: «Маған олар үшін бес жүз динар ұсынылды. Егер Пайғамбардың (с.а.с.): “Көрші іргелес мүлікті сатып алуға өзгеден гөрі хақылырақ”, – дегенін естімегенімде, маған бес жүз динар ұсынылып тұрғанда, оларды саған төрт мыңға бермес едім», – деді. Сөйтіп, екі үйін Сағдқа сатты.

بَابُ أَيُّ الْجِوَارِ أَقْرَبُ؟

2-бапКөршілердің қайсысы жақынырақ?

1062
Бұхари, № 1062 · Сахих: 2259Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِي جَارَيْنِ فَإِلَى أَيِّهِمَا أُهْدِي؟» قَالَ: «إِلَى أَقْرَبِهِمَا مِنْكِ بَابًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Мен: “Уа, Расулалла! Менің екі көршім бар. Сыйлықты қайсысына берейін?” – деп сұрадым. Ол: “Есігі саған ең жақынына бер”, – деді», – деп жеткізді.