عَنْ أَبِي جُحَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: آخَى النَّبِيُّ ﷺ بَيْنَ سَلْمَانَ وَأَبِي الدَّرْدَاءِ، فَزَارَ سَلْمَانُ أَبَا الدَّرْدَاءِ، فَرَأَى أُمَّ الدَّرْدَاءِ مُتَبَذِّلَةً، فَقَالَ لَهَا: «مَا شَأْنُكِ؟» قَالَتْ: «أَخُوكَ أَبُو الدَّرْدَاءِ لَيْسَ لَهُ حَاجَةٌ فِي الدُّنْيَا».
فَجَاءَ أَبُو الدَّرْدَاءِ فَصَنَعَ لَهُ طَعَامًا، فَقَالَ: «كُلْ». قَالَ: «فَإِنِّي صَائِمٌ». قَالَ: «مَا أَنَا بِآكِلٍ حَتَّى تَأْكُلَ». قَالَ: فَأَكَلَ.
فَلَمَّا كَانَ اللَّيْلُ ذَهَبَ أَبُو الدَّرْدَاءِ يَقُومُ، قَالَ: «نَمْ»، فَنَامَ، ثُمَّ ذَهَبَ يَقُومُ فَقَالَ: «نَمْ»، فَلَمَّا كَانَ مِنْ آخِرِ اللَّيْلِ قَالَ سَلْمَانُ: «قُمِ الْآنَ»، فَصَلَّيَا.
فَقَالَ لَهُ سَلْمَانُ: «إِنَّ لِرَبِّكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَلِنَفْسِكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَلِأَهْلِكَ عَلَيْكَ حَقًّا، فَأَعْطِ كُلَّ ذِي حَقٍّ حَقَّهُ»، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «صَدَقَ سَلْمَانُ».
Әбу Жухәйфа (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Салман мен Әбу әд-Дарданың арасында бауырластық орнатты. Бірде Салман Әбу әд-Дардаға қонаққа барып, Үммі әд-Дарданың сәнденбей, күнделікті киіммен жүргенін көрді. Ол одан: “Саған не болған?” – деп сұрады. Ол: “Бауырың Әбу әд-Дарданың жұбайына ықыласы жоқ”, – деді.
Кейін Әбу әд-Дарда келіп, Салманға тамақ әзірледі. Салман оған: “Же”, – деді. Әбу әд-Дарда: “Мен ораза ұстап жүрмін”, – деді. Салман: “Сен жемейінше, мен де жемеймін”, – деді. Сонда Әбу әд-Дарда тамақ жеді.
Түн болғанда Әбу әд-Дарда намазға тұрмақ болды. Салман оған: “Ұйықта”, – деді. Ол ұйықтады. Біраздан кейін тағы да намазға тұрмақ болғанда, Салман: “Ұйықта”, – деді. Түннің соңғы бөлігі келгенде, Салман: “Енді тұр”, – деді. Екеуі бірге намаз оқыды.
Содан кейін Салман оған: “Расында, Раббыңның да, өз басыңның да, отбасыңның да сенде ақысы бар. Ендеше әрбір ақы иесіне өз ақысын бер”, – деді. Кейін Әбу әд-Дарда Пайғамбарға (с.а.с.) барып, болған жайды айтып берді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Салман дұрыс айтты”, – деді».