Хадис
كِتَابُ الصَّوْمِ

Ораза кітабы

Сахих әл-Бұхари, 31-кітап · 53 хадис · № 926–978

Мазмұны: 43 бап
  1. 1Оразаның артықшылығы туралы
  2. 2Ораза ұстаушыларға арналған Райян қақпасы туралы
  3. 3«Рамазан» немесе «Рамазан айы» деп айтуға бола ма?
  4. 4«Рамазан» немесе «Рамазан айы» деп айтуға бола ма? Осы атаулардың бәрін дұрыс деп санағандар туралы
  5. 5Рамазанда жалған сөз айтуды және соған сай әрекет етуді қоймаған адам туралы
  6. 6Балағатталған кезде «Мен оразамын» деп айта ма?
  7. 7Үйленуге шамасы келмей, нәпсісінен қауіптенген адамның ораза ұстауы туралы
  8. 8Пайғамбардың (с.а.с.): «Жаңа айды көргенде ораза ұстаңдар, ал келесі жаңа айды көргенде оразаны аяқтаңдар» деген сөзі туралы
  9. 9Екі айт айының кемімейтіні туралы
  10. 10Пайғамбардың (с.а.с.): «Біз жазбаймыз әрі есептемейміз» деген сөзі туралы
  11. 11Рамазаннан бір немесе екі күн бұрын ораза ұстамау туралы
  12. 12Ұлық Алланың: «Сендерге ораза ұстаған түні әйелдеріңмен төсек қатынасына түсу адал етілді. Олар сендер үшін киім, сендер де олар үшін дәл сондай киімсіңдер» («Бақара», 187) деген сөзі туралы
  13. 13Алла Тағаланың: «Әрі таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер» («Бақара», 187) деген сөзі туралы
  14. 14Сәресі мен таң намазының арасында қанша уақыт болғаны туралы
  15. 15Сәресінің берекесі және міндетті еместігі туралы
  16. 16Күндіз оразаға ниет еткен адам туралы
  17. 17Ораза ұстаушының таңды жүніп күйінде қарсы алуы туралы
  18. 18Ораза ұстаған адамның жұбайын аймалауы туралы
  19. 19Ораза ұстаушының ұмытып жеп немесе ішіп қоюы туралы
  20. 20Рамазанда жұбайымен жақындасып, кәффарат өтеуге ештеңесі болмаған адамға садақа берілсе, сонымен кәффарат өтеуі туралы
  21. 21Ораза ұстаған адамның хижама жасатуы және құсуы туралы
  22. 22Сапарда ораза ұстау және ұстамау туралы
  23. 23Рамазанның бірнеше күнінде ораза ұстап, кейін сапарға шыққан адам туралы
  24. 24Пайғамбардың (с.а.с.): «Сапарда ораза ұстау ізгілікке жатпайды» деген сөзі туралы
  25. 25Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларының сапарда ораза ұстағаны немесе ұстамағаны үшін бір-бірін кінәламағаны туралы
  26. 26Мойнында өтелмеген оразасы бар күйінде қайтыс болған адам туралы
  27. 27Ораза ұстаушыға қашан ауыз ашуға болатыны туралы
  28. 28Ауыз ашуға асығу туралы
  29. 29Рамазан айында ауыз ашқаннан кейін күн қайта көрінген жағдай туралы
  30. 30Балалардың ораза ұстауы туралы
  31. 31Оразаны ауыз ашпастан сәресі уақытына дейін жалғастыру туралы
  32. 32Оразаны ауыз ашпай шектен тыс жалғастырғандарды жазалау туралы
  33. 33Бауыры нәпіл оразасын бұзсын деп ант еткен адам туралы
  34. 34Шағбан айында ораза ұстау туралы
  35. 35Пайғамбардың (с.а.с.) ораза ұстауы мен ұстамауы туралы риуаяттар
  36. 36Ораза ұстау кезінде дененің ақысы туралы
  37. 37Ораза кезінде отбасының ақысы туралы
  38. 38Бір қауымға қонаққа барып, олардың үйінде оразасын бұзбаған адам туралы
  39. 39Айдың соңғы күндерінде ораза ұстау туралы
  40. 40Жұма күні ораза ұстау туралы
  41. 41Белгілі бір күндерді арнайы бөліп, ораза ұстау туралы
  42. 42Тәшриқ күндері ораза ұстау туралы
  43. 43Ашура күні ораза ұстау туралы
بَابُ فَضْلِ الصَّوْمِ

1-бапОразаның артықшылығы туралы

926
Бұхари, № 926 · Сахих: 1894Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الصِّيَامُ جُنَّةٌ، فَلَا يَرْفُثْ وَلَا يَجْهَلْ، وَإِنِ اِمْرُؤٌ قَاتَلَهُ أَوْ شَاتَمَهُ فَلْيَقُلْ: “إِنِّي صَائِمٌ” (مَرَّتَيْنِ). وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَخُلُوفُ فَمِ الصَّائِمِ أَطْيَبُ عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى مِنْ رِيحِ الْمِسْكِ: “يَتْرُكُ طَعَامَهُ وَشَرَابَهُ وَشَهْوَتَهُ مِنْ أَجْلِي، الصِّيَامُ لِي وَأَنَا أَجْزِي بِهِ، وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Ораза – қалқан. Ораза ұстаған адам әдепсіз сөз айтпасын әрі надандықпен әрекет етпесін. Егер біреу онымен төбелеспек болса немесе оны балағаттаса: “Мен оразамын! Мен оразамын!” – деп айтсын. Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін! Ораза ұстаушының аузының иісі Алла Тағаланың құзырында мисктің иісінен де хош. Алла Тағала: “Ол Мен үшін тамағын, сусынын және нәпсі қалауын тәрк етеді. Ораза – Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін. Ал әрбір ізгі амалдың сауабы он есе көбейеді”, – дейді», – деген.

بَابُ «الرَّيَّانُ لِلصَّائِمِينَ»

2-бапОраза ұстаушыларға арналған Райян қақпасы туралы

927
Бұхари, № 927 · Сахих: 1896Риуаят етуші: Сәһл

عَنْ سَهْلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ بَابًا يُقَالُ لَهُ الرَّيَّانُ، يَدْخُلُ مِنْهُ الصَّائِمُونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، لَا يَدْخُلُ مِنْهُ أَحَدٌ غَيْرُهُمْ، يُقَالُ: “أَيْنَ الصَّائِمُونَ؟” فَيَقُومُونَ، لَا يَدْخُلُ مِنْهُ أَحَدٌ غَيْرُهُمْ، فَإِذَا دَخَلُوا أُغْلِقَ فَلَمْ يَدْخُلْ مِنْهُ أَحَدٌ».

Қазақша аудармасы

Сәһлдің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, жәннатта Райян деп аталатын бір қақпа бар. Қиямет күні ол қақпадан ораза ұстаушылар кіреді. Ол қақпадан олардан өзге ешкім кірмейді. “Ораза ұстаушылар қайда?” – деп шақырылады. Сонда олар орындарынан тұрады. Ол қақпадан олардан басқа ешкім кірмейді. Олар кіріп болғаннан кейін қақпа жабылады да, одан енді ешкім кірмейді», – деді.

928
Бұхари, № 928 · Сахих: 1897Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ أَنْفَقَ زَوْجَيْنِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ نُودِيَ مِنْ أَبْوَابِ الْجَنَّةِ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ، هَذَا خَيْرٌ”، فَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصَّلَاةِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الصَّلَاةِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الْجِهَادِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الْجِهَادِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصِّيَامِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الرَّيَّانِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصَّدَقَةِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الصَّدَقَةِ».

فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي، يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا عَلَى مَنْ دُعِيَ مِنْ تِلْكَ الْأَبْوَابِ مِنْ ضَرُورَةٍ، فَهَلْ يُدْعَى أَحَدٌ مِنْ تِلْكَ الْأَبْوَابِ كُلِّهَا؟» قَالَ: «نَعَمْ، وَأَرْجُو أَنْ تَكُونَ مِنْهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Кім Алла жолында біртекті екі нәрсені жұмсаса, жәннат қақпаларынан: “Уа, Алланың құлы! Мынау – игілік”, – деп шақырылады. Намазға ден қойған адам намаз қақпасынан шақырылады. Жиһадқа ден қойған адам жиһад қақпасынан шақырылады. Оразаға ден қойған адам Райян қақпасынан шақырылады. Садақаға ден қойған адам садақа қақпасынан шақырылады».

Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Уа, Расулалла! Әке-шешем сізге құрбан болсын! Осы қақпалардың бірінен шақырылған адамға өзге қақпалардан шақырылмаудың еш зияны жоқ. Алайда осы қақпалардың барлығынан бірдей шақырылатын адам бола ма?» – деп сұрады. Ол: «Иә. Сенің солардың қатарынан болатыныңа үміттенемін», – деді.

بَابُ هَلْ يُقَالُ «رَمَضَانُ» أَوْ «شَهْرُ رَمَضَانَ»؟

3-бап«Рамазан» немесе «Рамазан айы» деп айтуға бола ма?

929
Бұхари, № 929 · Сахих: 1898Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا جَاءَ رَمَضَانُ فُتِحَتْ أَبْوَابُ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Рамазан келген кезде жәннаттың қақпалары ашылады», – деген.

930
Бұхари, № 930 · Сахих: 1899

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا دَخَلَ شَهْرُ رَمَضَانَ فُتِّحَتْ أَبْوَابُ السَّمَاءِ، وَغُلِّقَتْ أَبْوَابُ جَهَنَّمَ، وَسُلْسِلَتِ الشَّيَاطِينُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен бір риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.): «Рамазан айы кірген кезде аспанның қақпалары ашылып, жаһаннамның қақпалары жабылады және шайтандар шынжырланады», – дегені келтірілген.

بَابُ هَلْ يُقَالُ «رَمَضَانُ» أَوْ «شَهْرُ رَمَضَانَ»؟ وَمَنْ رَأَى ذَلِكَ كُلَّهُ

4-бап«Рамазан» немесе «Рамазан айы» деп айтуға бола ма? Осы атаулардың бәрін дұрыс деп санағандар туралы

931
Бұхари, № 931 · Сахих: 1900Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا رَأَيْتُمُوهُ فَصُومُوا، وَإِذَا رَأَيْتُمُوهُ فَأَفْطِرُوا، فَإِنْ غُمَّ عَلَيْكُمْ فَاقْدُرُوا لَهُ». يَعْنِي هِلَالَ رَمَضَانَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Жаңа айды көрген кезде ораза ұстаңдар, келесі жаңа айды көрген кезде оразаны аяқтаңдар. Ал аспанды бұлт торлап, оны көре алмасаңдар, айдың күн санын отызға толтырыңдар”, – дегенін естідім», – деген. Яғни рамазан айының жаңа айы туралы айтылған.

بَابُ مَنْ لَمْ يَدَعْ قَوْلَ الزُّورِ وَالْعَمَلَ بِهِ فِي رَمَضَانَ

5-бапРамазанда жалған сөз айтуды және соған сай әрекет етуді қоймаған адам туралы

932
Бұхари, № 932 · Сахих: 1903Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ لَمْ يَدَعْ قَوْلَ الزُّورِ وَالْعَمَلَ بِهِ، فَلَيْسَ لِلَّهِ حَاجَةٌ فِي أَنْ يَدَعَ طَعَامَهُ وَشَرَابَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім жалған сөз айтуды және соған сай әрекет етуді қоймаса, Алла оның ішіп-жеуді доғаруына мұқтаж емес», – деген.

بَابُ هَلْ يَقُولُ «إِنِّي صَائِمٌ» إِذَا شُتِمَ؟

6-бапБалағатталған кезде «Мен оразамын» деп айта ма?

933
Бұхари, № 933 · Сахих: 1904Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ الْحَدِيثُ الْمُتَقَدِّمُ: «كُلُّ عَمَلِ ابْنِ آدَمَ لَهُ إِلَّا الصِّيَامَ، فَإِنَّهُ لِي وَأَنَا أَجْزِي بِهِ». وَقَالَ فِي آخِرِهِ: «لِلصَّائِمِ فَرْحَتَانِ يَفْرَحُهُمَا: إِذَا أَفْطَرَ فَرِحَ، وَإِذَا لَقِيَ رَبَّهُ فَرِحَ بِصَوْمِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жоғарыда келтірілген: «Адам баласының барлық амалы өзі үшін, оразадан басқасы. Өйткені ораза – Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін», – деген хадис жеткен. Оның соңында: «Ораза ұстаушының екі қуанышы бар: ауыз ашқан кезде қуанады және Раббысына жолыққан кезде ұстаған оразасына қуанады», – делінген.

بَابُ الصَّوْمِ لِمَنْ خَافَ عَلَى نَفْسِهِ الْعُزُوبَةَ

7-бапҮйленуге шамасы келмей, нәпсісінен қауіптенген адамның ораза ұстауы туралы

934
Бұхари, № 934 · Сахих: 1905

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «مَنِ اسْتَطَاعَ الْبَاءَةَ فَلْيَتَزَوَّجْ، فَإِنَّهُ أَغَضُّ لِلْبَصَرِ وَأَحْصَنُ لِلْفَرْجِ، وَمَنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَعَلَيْهِ بِالصَّوْمِ، فَإِنَّهُ لَهُ وِجَاءٌ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге болғанымызда, ол: “Кімнің үйленуге шамасы келсе, үйленсін. Өйткені үйлену көзді харамнан жақсырақ тыяды әрі ар-намысты жақсырақ қорғайды. Ал кімнің оған шамасы келмесе, ораза ұстасын. Өйткені ораза оның шәһуатын тежейді”, – деді», – деген.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «إِذَا رَأَيْتُمُ الْهِلَالَ فَصُومُوا وَإِذَا رَأَيْتُمُوهُ فَأَفْطِرُوا»

8-бапПайғамбардың (с.а.с.): «Жаңа айды көргенде ораза ұстаңдар, ал келесі жаңа айды көргенде оразаны аяқтаңдар» деген сөзі туралы

935
Бұхари, № 935 · Сахих: 1907Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الشَّهْرُ تِسْعٌ وَعِشْرُونَ لَيْلَةً، فَلَا تَصُومُوا حَتَّى تَرَوْهُ، فَإِنْ غُمَّ عَلَيْكُمْ فَأَكْمِلُوا الْعِدَّةَ ثَلَاثِينَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Ай жиырма тоғыз түн болуы мүмкін. Сондықтан жаңа айды көрмейінше ораза ұстамаңдар. Егер аспанды бұлт басып, ай сендерге көрінбесе, айдың күн санын отызға толтырыңдар», – дегенін жеткізді.

936
Бұхари, № 936 · Сахих: 1911Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ آلَى مِنْ نِسَائِهِ شَهْرًا، فَلَمَّا مَضَى تِسْعَةٌ وَعِشْرُونَ يَوْمًا غَدَا أَوْ رَاحَ، فَقِيلَ لَهُ: «إِنَّكَ حَلَفْتَ أَنْ لَا تَدْخُلَ شَهْرًا»، فَقَالَ: «إِنَّ الشَّهْرَ يَكُونُ تِسْعَةً وَعِشْرِينَ يَوْمًا».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмәнің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) жұбайларына бір ай жақындамауға ант еткен. Жиырма тоғыз күн өткен соң, таңертең немесе кешке олардың жанына барды. Сонда оған: «Сіз бір ай бойы кірмеуге ант еткен едіңіз», – делінді. Ол: «Ай жиырма тоғыз күн де болады», – деді.

بَابُ «شَهْرَا عِيدٍ لَا يَنْقُصَانِ»

9-бапЕкі айт айының кемімейтіні туралы

937
Бұхари, № 937 · Сахих: 1912Риуаят етуші: Әбу Бәкра

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «شَهْرَانِ لَا يَنْقُصَانِ، شَهْرَا عِيدٍ: رَمَضَانُ وَذُو الْحَجَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Кемімейтін екі ай бар. Олар – екі айт айы: рамазан мен зулхижжа», – деді.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «لَا نَكْتُبُ وَلَا نَحْسُبُ»

10-бапПайғамбардың (с.а.с.): «Біз жазбаймыз әрі есептемейміз» деген сөзі туралы

938
Бұхари, № 938 · Сахих: 1913Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «إِنَّا أُمَّةٌ أُمِّيَّةٌ، لَا نَكْتُبُ وَلَا نَحْسُبُ. الشَّهْرُ هَكَذَا وَهَكَذَا»، يَعْنِي مَرَّةً تِسْعَةً وَعِشْرِينَ، وَمَرَّةً ثَلَاثِينَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, біз – хат танымаған үмбетпіз. Біз жазбаймыз әрі есептемейміз. Ай бірде осынша, бірде осынша күн болады», – деді. Яғни бірде жиырма тоғыз, бірде отыз күн болады.

بَابُ لَا يَتَقَدَّمَنَّ رَمَضَانَ بِصَوْمِ يَوْمٍ وَلَا يَوْمَيْنِ

11-бапРамазаннан бір немесе екі күн бұрын ораза ұстамау туралы

939
Бұхари, № 939 · Сахих: 1914Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَتَقَدَّمَنَّ أَحَدُكُمْ رَمَضَانَ بِصَوْمِ يَوْمٍ أَوْ يَوْمَيْنِ، إِلَّا أَنْ يَكُونَ رَجُلٌ كَانَ يَصُومُ صَوْمَهُ فَلْيَصُمْ ذَلِكَ الْيَوْمَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Ешбірің рамазаннан бір немесе екі күн бұрын ораза ұстамасын. Алайда үнемі белгілі бір күні ораза ұстап жүрген адам болса, сол күнгі оразасын ұстай берсін», – деген.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ جَلَّ ذِكْرُهُ: ﴿أُحِلَّ لَكُمْ لَيْلَةَ الصِّيَامِ الرَّفَثُ إِلَى نِسَائِكُمْ هُنَّ لِبَاسٌ لَكُمْ وَأَنْتُمْ لِبَاسٌ لَهُنَّ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187]

12-бапҰлық Алланың: «Сендерге ораза ұстаған түні әйелдеріңмен төсек қатынасына түсу адал етілді. Олар сендер үшін киім, сендер де олар үшін дәл сондай киімсіңдер» («Бақара», 187) деген сөзі туралы

940
Бұхари, № 940 · Сахих: 1915Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ أَصْحَابُ مُحَمَّدٍ ﷺ إِذَا كَانَ الرَّجُلُ صَائِمًا فَحَضَرَ الْإِفْطَارُ فَنَامَ قَبْلَ أَنْ يُفْطِرَ لَمْ يَأْكُلْ لَيْلَتَهُ وَلَا يَوْمَهُ حَتَّى يُمْسِيَ.

وَإِنَّ قَيْسَ بْنَ صِرْمَةَ الْأَنْصَارِيَّ كَانَ صَائِمًا، فَلَمَّا حَضَرَ الْإِفْطَارُ أَتَى امْرَأَتَهُ فَقَالَ لَهَا: «أَعِنْدَكِ طَعَامٌ؟» قَالَتْ: «لَا، وَلَكِنْ أَنْطَلِقُ فَأَطْلُبُ لَكَ»، وَكَانَ يَوْمَهُ يَعْمَلُ، فَغَلَبَتْهُ عَيْنَاهُ، فَجَاءَتْهُ امْرَأَتُهُ، فَلَمَّا رَأَتْهُ قَالَتْ: «خَيْبَةً لَكَ»، فَلَمَّا انْتَصَفَ النَّهَارُ غُشِيَ عَلَيْهِ.

فَذُكِرَ ذَلِكَ لِلنَّبِيِّ ﷺ فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿أُحِلَّ لَكُمْ لَيْلَةَ الصِّيَامِ الرَّفَثُ إِلَى نِسَائِكُمْ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187]، فَفَرِحُوا بِهَا فَرَحًا شَدِيدًا، وَنَزَلَتْ: ﴿وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187].

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабаларының бірі ораза ұстап, ауызашар уақыты келгенде аузын ашпай ұйықтап қалса, келесі күннің кешіне дейін сол түні де, күндіз де тамақ жемейтін.

Қайс ибн Сирма әл-Ансари ораза ұстаған еді. Ауызашар уақыты келгенде, әйеліне келіп: “Тамағың бар ма?” – деп сұрады. Әйелі: “Жоқ, бірақ барып, саған тамақ іздеп келейін”, – деді. Ол күні бойы еңбек еткендіктен, көзі ілініп, ұйықтап қалды. Әйелі қайтып келіп, оның ұйықтап жатқанын көргенде: “Сор болған екенсің!” – деді. Келесі күні тал түсте ол есінен танып қалды.

Бұл жағдай Пайғамбарға (с.а.с.) айтылғанда, “Сендерге ораза ұстаған түні әйелдеріңмен төсек қатынасына түсу адал етілді” (“Бақара”, 187) деген аят түсті. Сахабалар бұған қатты қуанды. Сондай-ақ: “Әрі таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер” (“Бақара”, 187) деген аят түсті».

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187]

13-бапАлла Тағаланың: «Әрі таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер» («Бақара», 187) деген сөзі туралы

941
Бұхари, № 941 · Сахих: 1916Риуаят етуші: Ади ибн Хатим

عَنْ عَدِيِّ بْنِ حَاتِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا نَزَلَتْ: ﴿حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187]، عَمَدْتُ إِلَى عِقَالٍ أَسْوَدَ وَإِلَى عِقَالٍ أَبْيَضَ، فَجَعَلْتُهُمَا تَحْتَ وِسَادَتِي، فَجَعَلْتُ أَنْظُرُ فِي اللَّيْلِ، فَلَا يَسْتَبِينُ لِي، فَغَدَوْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَذَكَرْتُ لَهُ ذَلِكَ، فَقَالَ: “إِنَّمَا ذَلِكَ سَوَادُ اللَّيْلِ وَبَيَاضُ النَّهَارِ”».

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатим (р.а.) былай деген: «“Таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін” (“Бақара”, 187) деген аят түскен кезде, бір қара бау мен бір ақ бау алып, екеуін жастығымның астына қойдым. Түнде оларға қарай бердім, бірақ екеуін бір-бірінен ажырата алмадым. Таңертең Алла Елшісіне (с.а.с.) барып, бұл жайды айттым. Сонда ол: “Мұнда айтылғаны – түннің қараңғылығы мен күндіздің жарығы”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ قَدْرِ كَمْ بَيْنَ السَّحُورِ وَصَلَاةِ الْفَجْرِ؟

14-бапСәресі мен таң намазының арасында қанша уақыт болғаны туралы

942
Бұхари, № 942 · Сахих: 1921Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит

عَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «تَسَحَّرْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ ثُمَّ قَامَ إِلَى الصَّلَاةِ»، فَقِيلَ لَهُ: «كَمْ كَانَ بَيْنَ الْأَذَانِ وَالسَّحُورِ؟» قَالَ: «قَدْرُ خَمْسِينَ آيَةً».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сәресі іштік. Содан кейін ол намазға тұрды», – деген. Одан: «Азан мен сәресінің арасында қанша уақыт болды?» – деп сұралды. Ол: «Елу аят оқитындай уақыт», – деді.

بَابُ بَرَكَةِ السَّحُورِ مِنْ غَيْرِ إِيجَابٍ

15-бапСәресінің берекесі және міндетті еместігі туралы

943
Бұхари, № 943 · Сахих: 1923Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «تَسَحَّرُوا، فَإِنَّ فِي السَّحُورِ بَرَكَةً».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Сәресі ішіңдер. Расында, сәресіде береке бар», – деген.

بَابُ إِذَا نَوَى بِالنَّهَارِ صَوْمًا

16-бапКүндіз оразаға ниет еткен адам туралы

944
Бұхари, № 944 · Сахих: 1924

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ بَعَثَ رَجُلًا يُنَادِي فِي النَّاسِ يَوْمَ عَاشُورَاءَ: «إِنَّ مَنْ أَكَلَ فَلْيُتِمَّ أَوْ فَلْيَصُمْ، وَمَنْ لَمْ يَأْكُلْ فَلَا يَأْكُلْ».

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Акуағ (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Ашура күні адамдардың арасында: “Кім тамақ жеп қойған болса, күнін оразамен аяқтасын немесе ораза ұстасын. Ал кім әлі тамақ жемеген болса, бұдан былай тамақ жемесін”, – деп жариялау үшін бір адамды жіберді», – деп жеткізді.

بَابُ الصَّائِمِ يُصْبِحُ جُنُبًا

17-бапОраза ұстаушының таңды жүніп күйінде қарсы алуы туралы

945
Бұхари, № 945 · Сахих: 1926

عَنْ عَائِشَةَ وَأُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُدْرِكُهُ الْفَجْرُ وَهُوَ جُنُبٌ مِنْ أَهْلِهِ، ثُمَّ يَغْتَسِلُ وَيَصُومُ.

Қазақша аудармасы

Айша мен Үммі Сәләмә (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) жұбайымен жақындасқаннан кейін жүніп күйінде таңды қарсы алатын. Содан соң ғұсыл құйынып, оразасын ұстайтын».

بَابُ الْمُبَاشَرَةِ لِلصَّائِمِ

18-бапОраза ұстаған адамның жұбайын аймалауы туралы

946
Бұхари, № 946 · Сахих: 1927, 1928Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُقَبِّلُ وَيُبَاشِرُ وَهُوَ صَائِمٌ، وَكَانَ أَمْلَكَكُمْ لِإِرْبِهِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) ораза ұстап жүрген кезінде жұбайын сүйетін әрі оны аймалайтын. Ал ол өз нәпсісін бәріңнен де жақсы меңгере алатын», – деді.

بَابُ الصَّائِمِ إِذَا أَكَلَ أَوْ شَرِبَ نَاسِيًا

19-бапОраза ұстаушының ұмытып жеп немесе ішіп қоюы туралы

947
Бұхари, № 947 · Сахих: 1933Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا نَسِيَ فَأَكَلَ أَوْ شَرِبَ فَلْيُتِمَّ صَوْمَهُ، فَإِنَّمَا أَطْعَمَهُ اللَّهُ وَسَقَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Ораза ұстаған адам ұмытып жеп немесе ішіп қойса, оразасын бұзбай, соңына дейін жалғастырсын. Өйткені оны Алла тамақтандырып, сусындатты», – деді.

بَابُ إِذَا جَامَعَ فِي رَمَضَانَ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ شَيْءٌ فَتُصُدِّقَ عَلَيْهِ فَلْيُكَفِّرْ

20-бапРамазанда жұбайымен жақындасып, кәффарат өтеуге ештеңесі болмаған адамға садақа берілсе, сонымен кәффарат өтеуі туралы

948
Бұхари, № 948 · Сахих: 1936Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَيْنَمَا نَحْنُ جُلُوسٌ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ إِذْ جَاءَهُ رَجُلٌ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلَكْتُ». قَالَ: «مَا لَكَ؟» قَالَ: «وَقَعْتُ عَلَى امْرَأَتِي فِي رَمَضَانَ وَأَنَا صَائِمٌ»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَلْ تَجِدُ رَقَبَةً تُعْتِقُهَا؟» قَالَ: «لَا». قَالَ: «فَهَلْ تَسْتَطِيعُ أَنْ تَصُومَ شَهْرَيْنِ مُتَتَابِعَيْنِ؟» قَالَ: «لَا»، فَقَالَ: «فَهَلْ تَجِدُ إِطْعَامَ سِتِّينَ مِسْكِينًا؟» قَالَ: «لَا».

قَالَ: فَمَكَثَ النَّبِيُّ ﷺ، فَبَيْنَا نَحْنُ عَلَى ذَلِكَ أُتِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِعَرَقٍ فِيهِ تَمْرٌ – وَالْعَرَقُ الْمِكْتَلُ – قَالَ: «أَيْنَ السَّائِلُ؟» فَقَالَ: «أَنَا». قَالَ: «خُذْهَا، فَتَصَدَّقْ بِهِ». فَقَالَ الرَّجُلُ: «أَعَلَى أَفْقَرَ مِنِّي، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَوَاللَّهِ، مَا بَيْنَ لَابَتَيْهَا – يُرِيدُ الْحَرَّتَيْنِ – أَهْلُ بَيْتٍ أَفْقَرُ مِنْ أَهْلِ بَيْتِي»، فَضَحِكَ النَّبِيُّ ﷺ حَتَّى بَدَتْ أَنْيَابُهُ، ثُمَّ قَالَ: «أَطْعِمْهُ أَهْلَكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбардың (с.а.с.) жанында отырғанымызда, бір адам келіп: “Уа, Расулалла! Құрыдым!” – деді. Ол: “Саған не болды?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Рамазанда ораза ұстап жүргенімде әйеліммен жақындасып қойдым”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Азат ететін бір құл таба аласың ба?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Ол: “Екі ай қатарынан ораза ұстауға шамаң жете ме?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Жоқ”, – деді. Ол: “Алпыс мұқтажды тамақтандыруға шамаң жете ме?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Жоқ”, – деді.

Пайғамбар (с.а.с.) біраз уақыт үнсіз отырды. Біз осы күйде отырғанымызда, Пайғамбарға (с.а.с.) құрма салынған үлкен себет әкелінді. Сонда ол: “Сұрақ қойған адам қайда?” – деді. Әлгі адам: “Менмін”, – деді. Ол: “Мынаны ал да, садақа етіп бер”, – деді. Әлгі адам: “Уа, Расулалла! Мұны менен де кедей адамға беремін бе? Алланың атымен ант етемін! Мәдинаның екі қаратасты алқабының арасында менің отбасымнан да кедей отбасы жоқ”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) азу тістері көрінгенше күліп, кейін: “Оны отбасыңа жегіз”, – деді».

بَابُ الْحِجَامَةِ وَالْقَيْءِ لِلصَّائِمِ

21-бапОраза ұстаған адамның хижама жасатуы және құсуы туралы

949
Бұхари, № 949 · Сахих: 1938Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ اِحْتَجَمَ وَهُوَ مُحْرِمٌ وَاحْتَجَمَ وَهُوَ صَائِمٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) ихрамда болған кезінде де, ораза ұстаған кезінде де хижама жасатқан.

بَابُ الصَّوْمِ فِي السَّفَرِ وَالْإِفْطَارِ

22-бапСапарда ораза ұстау және ұстамау туралы

950
Бұхари, № 950 · Сахих: 1941Риуаят етуші: Ибн Әбу Әуфа

عَنِ ابْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ، فَقَالَ لِرَجُلٍ: «اِنْزِلْ فَاجْدَحْ لِي». قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الشَّمْسُ؟» قَالَ: «اِنْزِلْ فَاجْدَحْ لِي». قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الشَّمْسُ؟» قَالَ: «اِنْزِلْ فَاجْدَحْ لِي»، فَنَزَلَ فَجَدَحَ لَهُ فَشَرِبَ، ثُمَّ رَمَى بِيَدِهِ هَا هُنَا، ثُمَّ قَالَ: «إِذَا رَأَيْتُمُ اللَّيْلَ أَقْبَلَ مِنْ هَا هُنَا فَقَدْ أَفْطَرَ الصَّائِمُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Әбу Ауфа (р.а.) былай деген: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге сапарда едік. Ол бір адамға: “Көлігіңнен түс те, маған талқан сусынын әзірле”, – деді. Әлгі адам: “Уа, Расулалла! Күннің жарығы әлі бар ғой?” – деді. Ол: “Көлігіңнен түс те, маған талқан сусынын әзірле”, – деді. Әлгі адам тағы да: “Уа, Расулалла! Күннің жарығы әлі бар ғой?” – деді. Ол: “Көлігіңнен түс те, маған талқан сусынын әзірле”, – деді. Сонда әлгі адам көлігінен түсіп, оған талқан сусынын әзірледі. Пайғамбар (с.а.с.) оны ішті. Содан кейін қолымен бір жақты нұсқап: “Түннің мына жақтан келе жатқанын көрсеңдер, ораза ұстаушының ауыз ашатын уақыты кірді”, – деді».

951
Бұхари, № 951 · Сахих: 1943Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّ حَمْزَةَ بْنَ عَمْرٍو الْأَسْلَمِيَّ قَالَ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «أَأَصُومُ فِي السَّفَرِ؟» – وَكَانَ كَثِيرَ الصِّيَامِ – فَقَالَ: «إِنْ شِئْتَ فَصُمْ، وَإِنْ شِئْتَ فَأَفْطِرْ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшаның (р.а.) айтуынша, көп ораза ұстайтын Хамза ибн Амр әл-Әсләми Пайғамбардан (с.а.с.): «Сапарда ораза ұстауға бола ма?» – деп сұрады. Сонда ол: «Қаласаң, ораза ұста, қаласаң, ораза ұстама», – деді.

بَابُ إِذَا صَامَ أَيَّامًا مِنْ رَمَضَانَ ثُمَّ سَافَرَ

23-бапРамазанның бірнеше күнінде ораза ұстап, кейін сапарға шыққан адам туралы

952
Бұхари, № 952 · Сахих: 1944Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ إِلَى مَكَّةَ فِي رَمَضَانَ فَصَامَ حَتَّى بَلَغَ الْكَدِيدَ أَفْطَرَ، فَأَفْطَرَ النَّاسُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) рамазан айында Меккеге қарай жолға шықты. Ол Кадидке жеткенге дейін ораза ұстап, сол жерде аузын ашты. Содан кейін адамдар да ауыздарын ашты», – деп жеткізген.

953
Бұхари, № 953 · Сахих: 1945Риуаят етуші: Әбу Дәрда

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ فِي يَوْمٍ حَارٍّ حَتَّى يَضَعَ الرَّجُلُ يَدَهُ عَلَى رَأْسِهِ مِنْ شِدَّةِ الْحَرِّ، وَمَا فِينَا صَائِمٌ إِلَّا مَا كَانَ مِنَ النَّبِيِّ ﷺ وَابْنِ رَوَاحَةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу әд-Дарда (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарлардың біріне аптап ыстық күні шықтық. Ыстықтың қаттылығы сонша, адамдар бастарына қолдарын қоятын. Арамызда Пайғамбар (с.а.с.) мен Ибн Рауахадан басқа ораза ұстаған ешкім болмады».

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «لَيْسَ مِنَ الْبِرِّ الصَّوْمُ فِي السَّفَرِ»

24-бапПайғамбардың (с.а.с.): «Сапарда ораза ұстау ізгілікке жатпайды» деген сөзі туралы

954
Бұхари, № 954 · Сахих: 1946Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ، فَرَأَى زِحَامًا وَرَجُلًا قَدْ ظُلِّلَ عَلَيْهِ، فَقَالَ: «مَا هَذَا؟» فَقَالُوا: «صَائِمٌ»، فَقَالَ: «لَيْسَ مِنَ الْبِرِّ الصَّوْمُ فِي السَّفَرِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) сапарда келе жатқанда, бір жерге жұрттың жиналып қалғанын және үстіне көлеңке түсірілген бір адамды көріп: “Бұл не?” – деп сұрады. Олар: “Ол ораза ұстап жүр”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Сапарда ораза ұстау ізгілікке жатпайды”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ لَمْ يَعِبْ أَصْحَابُ النَّبِيِّ ﷺ بَعْضُهُمْ بَعْضًا فِي الصَّوْمِ وَالْإِفْطَارِ

25-бапПайғамбар (с.а.с.) сахабаларының сапарда ораза ұстағаны немесе ұстамағаны үшін бір-бірін кінәламағаны туралы

955
Бұхари, № 955 · Сахих: 1947Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا نُسَافِرُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فَلَمْ يَعِبِ الصَّائِمُ عَلَى الْمُفْطِرِ، وَلَا الْمُفْطِرُ عَلَى الصَّائِمِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарға шығатынбыз. Ораза ұстаған адам ораза ұстамаған адамды, ал ораза ұстамаған адам ораза ұстаған адамды кінәламайтын», – деген.

بَابُ مَنْ مَاتَ وَعَلَيْهِ صَوْمٌ

26-бапМойнында өтелмеген оразасы бар күйінде қайтыс болған адам туралы

956
Бұхари, № 956 · Сахих: 1952Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ مَاتَ وَعَلَيْهِ صِيَامٌ صَامَ عَنْهُ وَلِيُّهُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім мойнында өтелмеген оразасы бар күйінде қайтыс болса, оның атынан жақын туысы ораза ұстайды», – дегенін жеткізді.

957
Бұхари, № 957 · Сахих: 1953Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ أُمِّي مَاتَتْ وَعَلَيْهَا صَوْمُ شَهْرٍ، أَفَأَقْضِيهِ عَنْهَا؟» قَالَ: «نَعَمْ، فَدَيْنُ اللَّهِ أَحَقُّ أَنْ يُقْضَى».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Анам мойнында бір айлық оразасы бар күйінде қайтыс болды. Оның атынан қазасын өтейін бе?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді де: “Алланың алдындағы борыш өтелуге ең лайық”, – деп қосты», – деп жеткізді.

بَابُ مَتَى يَحِلُّ فِطْرُ الصَّائِمِ؟

27-бапОраза ұстаушыға қашан ауыз ашуға болатыны туралы

958
Бұхари, № 958 · Сахих: 1956

حَدِيثُ ابْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَقَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «اِنْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا». تَقَدَّمَ قَرِيبًا. وَقَالَ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: «إِذَا رَأَيْتُمُ اللَّيْلَ قَدْ أَقْبَلَ مِنْ هَا هُنَا فَقَدْ أَفْطَرَ الصَّائِمُ». وَأَشَارَ بِإِصْبَعِهِ قِبَلَ الْمَشْرِقِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Әбу Ауфаның (р.а.) хадисі мен Пайғамбардың (с.а.с.): «Түс те, бізге талқан сусынын әзірле», – деген сөзі жоғарыда келтірілді. Осы риуаятта: «Түннің мына жақтан келе жатқанын көрсеңдер, ораза ұстаушының ауыз ашатын уақыты кірді», – делінген. Ол саусағымен шығыс жақты нұсқады.

بَابُ تَعْجِيلِ الْإِفْطَارِ

28-бапАуыз ашуға асығу туралы

959
Бұхари, № 959 · Сахих: 1957Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَزَالُ النَّاسُ بِخَيْرٍ مَا عَجَّلُوا الْفِطْرَ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағдтың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Адамдар ауыз ашуға асығып жүрсе, игілікте бола береді», – деген.

بَابُ إِذَا أَفْطَرَ فِي رَمَضَانَ ثُمَّ طَلَعَتِ الشَّمْسُ

29-бапРамазан айында ауыз ашқаннан кейін күн қайта көрінген жағдай туралы

960
Бұхари, № 960 · Сахих: 1959Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «أَفْطَرْنَا عَلَى عَهْدِ النَّبِيِّ ﷺ يَوْمَ غَيْمٍ، ثُمَّ طَلَعَتِ الشَّمْسُ».

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) кезінде бұлтты бір күні ауыз аштық. Содан кейін күн қайта көрінді», – деген.

بَابُ صَوْمِ الصِّبْيَانِ

30-бапБалалардың ораза ұстауы туралы

961
Бұхари, № 961 · Сахих: 1960

عَنِ الرُّبَيِّعِ بِنْتِ مُعَوِّذٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: أَرْسَلَ النَّبِيُّ ﷺ غَدَاةَ عَاشُورَاءَ إِلَى قُرَى الْأَنْصَارِ: «مَنْ أَصْبَحَ مُفْطِرًا فَلْيُتِمَّ بَقِيَّةَ يَوْمِهِ، وَمَنْ أَصْبَحَ صَائِمًا فَلْيَصُمْ». قَالَتْ: «فَكُنَّا نَصُومُهُ بَعْدُ، وَنُصَوِّمُ صِبْيَانَنَا، وَنَجْعَلُ لَهُمُ اللُّعْبَةَ مِنَ الْعِهْنِ، فَإِذَا بَكَى أَحَدُهُمْ عَلَى الطَّعَامِ أَعْطَيْنَاهُ ذَاكَ حَتَّى يَكُونَ عِنْدَ الْإِفْطَارِ».

Қазақша аудармасы

Әр-Рубәййиғ бинт Муғәууиз (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Ашура күні таңертең ансарлардың ауылдарына: “Кім таңды оразасыз қарсы алса, күннің қалған бөлігін оразамен аяқтасын. Ал кім таңды оразамен қарсы алса, оразасын жалғастырсын”, – деп хабар жіберді. Содан кейін біз сол күні ораза ұстайтын болдық әрі балаларымызға да ораза ұстататынбыз. Оларға жүннен ойыншық жасап беретінбіз. Балалардың бірі тамақ сұрап жыласа, ауызашар уақытына дейін әлгі ойыншықты беріп, сонымен алдандыратынбыз».

بَابُ الْوِصَالِ إِلَى السَّحَرِ

31-бапОразаны ауыз ашпастан сәресі уақытына дейін жалғастыру туралы

962
Бұхари, № 962 · Сахих: 1963Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا تُوَاصِلُوا، فَأَيُّكُمْ إِذَا أَرَادَ أَنْ يُوَاصِلَ فَلْيُوَاصِلْ حَتَّى السَّحَرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін естіген: «Ауыз ашпай үздіксіз ораза ұстамаңдар. Араларыңнан біреу үздіксіз ораза ұстағысы келсе, сәресі уақытына дейін ғана жалғастырсын».

بَابُ التَّنْكِيلِ لِمَنْ أَكْثَرَ الْوِصَالَ

32-бапОразаны ауыз ашпай шектен тыс жалғастырғандарды жазалау туралы

963
Бұхари, № 963 · Сахих: 1965Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْوِصَالِ فِي الصَّوْمِ». فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ: «إِنَّكَ تُوَاصِلُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «وَأَيُّكُمْ مِثْلِي؟ إِنِّي أَبِيتُ يُطْعِمُنِي رَبِّي وَيَسْقِينِ».

فَلَمَّا أَبَوْا أَنْ يَنْتَهُوا عَنِ الْوِصَالِ وَاصَلَ بِهِمْ يَوْمًا، ثُمَّ يَوْمًا، ثُمَّ رَأَوُا الْهِلَالَ، فَقَالَ: «لَوْ تَأَخَّرَ لَزِدْتُكُمْ»، كَالتَّنْكِيلِ لَهُمْ حِينَ أَبَوْا أَنْ يَنْتَهُوا.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) оразаны ауыз ашпастан үзбей жалғастыруға тыйым салды. Сонда мұсылмандардың бірі оған: “Уа, Расулалла! Өзіңіз оразаны үзбей жалғастырасыз ғой”, – деді. Ол: “Сендердің қайсысың мен секілдісің? Мен түнімді Раббым мені тамақтандырып, сусындатқан күйде өткіземін”, – деді.

Олар үзбей ораза ұстауды тоқтатудан бас тартқан кезде, Пайғамбар (с.а.с.) олармен бірге бір күн, одан кейін тағы бір күн оразаны үзбей жалғастырды. Содан кейін олар жаңа айды көрді. Сонда ол: “Егер жаңа ай кешіккенде, сендермен бірге оразаны тағы да жалғастырар едім”, – деді. Бұл олардың тыйымды орындаудан бас тартқаны үшін берілген жаза іспетті еді», – деп жеткізді.

964
Бұхари, № 964 · Сахих: 1966

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ لَهُمْ: «فَاكْلَفُوا مِنَ الْعَمَلِ مَا تُطِيقُونَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен бір риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.) оларға: «Шамаларың жететін амалдарды ғана атқарыңдар», – дегені келтірілген.

بَابُ مَنْ أَقْسَمَ عَلَى أَخِيهِ لِيُفْطِرَ فِي التَّطَوُّعِ

33-бапБауыры нәпіл оразасын бұзсын деп ант еткен адам туралы

965
Бұхари, № 965 · Сахих: 1968Риуаят етуші: Әбу Жухайфа

عَنْ أَبِي جُحَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: آخَى النَّبِيُّ ﷺ بَيْنَ سَلْمَانَ وَأَبِي الدَّرْدَاءِ، فَزَارَ سَلْمَانُ أَبَا الدَّرْدَاءِ، فَرَأَى أُمَّ الدَّرْدَاءِ مُتَبَذِّلَةً، فَقَالَ لَهَا: «مَا شَأْنُكِ؟» قَالَتْ: «أَخُوكَ أَبُو الدَّرْدَاءِ لَيْسَ لَهُ حَاجَةٌ فِي الدُّنْيَا».

فَجَاءَ أَبُو الدَّرْدَاءِ فَصَنَعَ لَهُ طَعَامًا، فَقَالَ: «كُلْ». قَالَ: «فَإِنِّي صَائِمٌ». قَالَ: «مَا أَنَا بِآكِلٍ حَتَّى تَأْكُلَ». قَالَ: فَأَكَلَ.

فَلَمَّا كَانَ اللَّيْلُ ذَهَبَ أَبُو الدَّرْدَاءِ يَقُومُ، قَالَ: «نَمْ»، فَنَامَ، ثُمَّ ذَهَبَ يَقُومُ فَقَالَ: «نَمْ»، فَلَمَّا كَانَ مِنْ آخِرِ اللَّيْلِ قَالَ سَلْمَانُ: «قُمِ الْآنَ»، فَصَلَّيَا.

فَقَالَ لَهُ سَلْمَانُ: «إِنَّ لِرَبِّكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَلِنَفْسِكَ عَلَيْكَ حَقًّا، وَلِأَهْلِكَ عَلَيْكَ حَقًّا، فَأَعْطِ كُلَّ ذِي حَقٍّ حَقَّهُ»، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «صَدَقَ سَلْمَانُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Жухәйфа (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Салман мен Әбу әд-Дарданың арасында бауырластық орнатты. Бірде Салман Әбу әд-Дардаға қонаққа барып, Үммі әд-Дарданың сәнденбей, күнделікті киіммен жүргенін көрді. Ол одан: “Саған не болған?” – деп сұрады. Ол: “Бауырың Әбу әд-Дарданың жұбайына ықыласы жоқ”, – деді.

Кейін Әбу әд-Дарда келіп, Салманға тамақ әзірледі. Салман оған: “Же”, – деді. Әбу әд-Дарда: “Мен ораза ұстап жүрмін”, – деді. Салман: “Сен жемейінше, мен де жемеймін”, – деді. Сонда Әбу әд-Дарда тамақ жеді.

Түн болғанда Әбу әд-Дарда намазға тұрмақ болды. Салман оған: “Ұйықта”, – деді. Ол ұйықтады. Біраздан кейін тағы да намазға тұрмақ болғанда, Салман: “Ұйықта”, – деді. Түннің соңғы бөлігі келгенде, Салман: “Енді тұр”, – деді. Екеуі бірге намаз оқыды.

Содан кейін Салман оған: “Расында, Раббыңның да, өз басыңның да, отбасыңның да сенде ақысы бар. Ендеше әрбір ақы иесіне өз ақысын бер”, – деді. Кейін Әбу әд-Дарда Пайғамбарға (с.а.с.) барып, болған жайды айтып берді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Салман дұрыс айтты”, – деді».

بَابُ صَوْمِ شَعْبَانَ

34-бапШағбан айында ораза ұстау туралы

966
Бұхари, № 966 · Сахих: 1969Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَصُومُ حَتَّى نَقُولَ: “لَا يُفْطِرُ”، وَيُفْطِرُ حَتَّى نَقُولَ: “لَا يَصُومُ”، فَمَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِسْتَكْمَلَ صِيَامَ شَهْرٍ إِلَّا رَمَضَانَ، وَمَا رَأَيْتُهُ أَكْثَرَ صِيَامًا مِنْهُ فِي شَعْبَانَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) кейде оразаны соншалықты көп ұстайтын, біз: “Ораза ұстамайтын күні жоқ шығар”, – дейтінбіз. Кейде ораза ұстамай соншалықты ұзақ жүретін, біз: “Енді ораза ұстамайтын шығар”, – дейтінбіз. Алла Елшісінің (с.а.с.) рамазаннан басқа бір айды толық оразамен өткізгенін көрмедім. Сондай-ақ оның шағбан айындағыдай басқа бір айда соншалықты көп ораза ұстағанын көрмедім».

967
Бұхари, № 967 · Сахих: 1970Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي رِوَايَةٍ زِيَادَةٌ: وَكَانَ يَقُولُ: «خُذُوا مِنَ الْعَمَلِ مَا تُطِيقُونَ، فَإِنَّ اللَّهَ لَا يَمَلُّ حَتَّى تَمَلُّوا». وَأَحَبُّ الصَّلَاةِ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ مَا دُووِمَ عَلَيْهِ وَإِنْ قَلَّتْ، وَكَانَ إِذَا صَلَّى صَلَاةً دَاوَمَ عَلَيْهَا.

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен бір риуаятта мынадай қосымша бар: «Ол: “Шамаларың жететін амалдарды ғана атқарыңдар. Өйткені сендер жалыққанша, Алла жалықпайды”, – дейтін. Пайғамбарға (с.а.с.) ең сүйікті намаз аз болса да, үзбей орындалған намаз еді. Ол бір намазды оқуды бастаған кезде, оны тұрақты түрде жалғастыратын».

بَابُ مَا يُذْكَرُ مِنْ صَوْمِ النَّبِيِّ ﷺ وَإِفْطَارِهِ

35-бапПайғамбардың (с.а.с.) ораза ұстауы мен ұстамауы туралы риуаяттар

968
Бұхари, № 968 · Сахих: 1973Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ – وَقَدْ سُئِلَ عَنْ صِيَامِ النَّبِيِّ ﷺ – قَالَ: «مَا كُنْتُ أُحِبُّ أَنْ أَرَاهُ مِنَ الشَّهْرِ صَائِمًا إِلَّا رَأَيْتُهُ، وَلَا مُفْطِرًا إِلَّا رَأَيْتُهُ، وَلَا مِنَ اللَّيْلِ قَائِمًا إِلَّا رَأَيْتُهُ، وَلَا نَائِمًا إِلَّا رَأَيْتُهُ.

وَلَا مَسِسْتُ خَزَّةً وَلَا حَرِيرَةً أَلْيَنَ مِنْ كَفِّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَا شَمِمْتُ مِسْكَةً وَلَا عَبِيرَةً أَطْيَبَ رَائِحَةً مِنْ رَائِحَةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) оразасы туралы сұралғанда, ол: «Мен оны ай ішінде ораза ұстаған күйінде көргім келсе, міндетті түрде көретінмін. Ораза ұстамаған күйінде көргім келсе де, көретінмін. Түнде намаз оқып тұрған күйінде көргім келсе, көретінмін. Ұйықтап жатқан күйінде көргім келсе де, көретінмін.

Алла Елшісінің (с.а.с.) алақанынан да жұмсақ хазз матасын да, жібекті де ұстап көрмедім. Сондай-ақ Алла Елшісінің (с.а.с.) иісінен де хош миск пен әтірді ешқашан иіскеп көрмедім», – деген.

بَابُ حَقِّ الْجِسْمِ فِي الصَّوْمِ

36-бапОраза ұстау кезінде дененің ақысы туралы

969
Бұхари, № 969 · Сахих: 1975

حَدِيثُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا تَقَدَّمَ. وَقَالَ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: «فَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ يَقُولُ بَعْدَمَا كَبِرَ: “يَا لَيْتَنِي قَبِلْتُ رُخْصَةَ النَّبِيِّ ﷺ!”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Астың (р.а.) хадисі жоғарыда келтірілді. Осы риуаятта: «Абдулла қартайғаннан кейін: “Пайғамбардың (с.а.с.) берген жеңілдігін қабылдағанымда ғой!” – деп айтатын», – делінген.

بَابُ حَقِّ الْأَهْلِ فِي الصَّوْمِ

37-бапОраза кезінде отбасының ақысы туралы

970
Бұхари, № 970 · Сахих: 1977

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ أَنَّهُ لَمَّا ذَكَرَ صِيَامَ دَاوُدَ قَالَ: «وَكَانَ لَا يَفِرُّ إِذَا لَاقَى». قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: «مَنْ لِي بِهَذِهِ، يَا نَبِيَّ اللَّهِ؟» قَالَ: وَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا صَامَ مَنْ صَامَ الْأَبَدَ» (مَرَّتَيْنِ).

Қазақша аудармасы

Абдулладан (р.а.) жеткен бір риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.) Дәуіттің оразасын айтып: «Ол дұшпанмен кездескенде қашпайтын», – дегені келтірілген. Абдулла: «Уа, Алланың пайғамбары! Мен мұндайға қалай қол жеткізе аламын?» – деген. Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.): «Өмір бойы күн сайын ораза ұстаған адам ораза ұстамағанмен тең», – деп екі рет айтқан.

بَابُ مَنْ زَارَ قَوْمًا فَلَمْ يُفْطِرْ عِنْدَهُمْ

38-бапБір қауымға қонаққа барып, олардың үйінде оразасын бұзбаған адам туралы

971
Бұхари, № 971 · Сахих: 1982Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: دَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى أُمِّ سُلَيْمٍ، فَأَتَتْهُ بِتَمْرٍ وَسَمْنٍ، قَالَ: «أَعِيدُوا سَمْنَكُمْ فِي سِقَائِهِ وَتَمْرَكُمْ فِي وِعَائِهِ، فَإِنِّي صَائِمٌ».

ثُمَّ قَامَ إِلَى نَاحِيَةٍ مِنَ الْبَيْتِ فَصَلَّى غَيْرَ الْمَكْتُوبَةِ فَدَعَا لِأُمِّ سُلَيْمٍ وَأَهْلِ بَيْتِهَا، فَقَالَتْ أُمُّ سُلَيْمٍ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِي خُوَيْصَّةً». قَالَ: «مَا هِيَ؟» قَالَتْ: «خَادِمُكَ أَنَسٌ»، فَمَا تَرَكَ خَيْرَ آخِرَةٍ وَلَا دُنْيَا إِلَّا دَعَا لِي بِهِ. قَالَ: «اللَّهُمَّ، اُرْزُقْهُ مَالًا وَوَلَدًا، وَبَارِكْ لَهُ».

فَإِنِّي لَمِنْ أَكْثَرِ الْأَنْصَارِ مَالًا، وَحَدَّثَتْنِي ابْنَتِي أُمَيْنَةُ: أَنَّهُ دُفِنَ لِصُلْبِي مَقْدَمَ حَجَّاجٍ الْبَصْرَةَ بِضْعٌ وَعِشْرُونَ وَمِائَةٌ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Үммі Сүләймнің үйіне кірді. Ол Пайғамбарға (с.а.с.) құрма мен сары май әкелді. Сонда ол: “Сары майларыңды торсыққа, құрмаларыңды ыдысқа қайта салыңдар. Өйткені мен ораза ұстап жүрмін”, – деді.

Содан кейін үйдің бір шетіне барып, нәпіл намаз оқыды да, Үммі Сүләйм мен оның отбасы үшін дұға жасады. Сонда Үммі Сүләйм: “Уа, Расулалла! Менің сізден сұрайтын бір ерекше өтінішім бар”, – деді. Ол: “Ол не?” – деп сұрады. Үммі Сүләйм: “Қызметшіңіз Әнәс үшін дұға етіңіз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) мен үшін дүние мен ақыреттің ешбір игілігін қалдырмай, бәрін тілеп дұға етті. Ол: “Уа, Алла! Оған мал-мүлік пен ұрпақ нәсіп етіп, соларға береке бере гөр!” – деді.

Расында, мен ансарлардың ішіндегі мал-мүлкі ең көп адамдардың бірімін. Қызым Үмәйна маған Хажжаж Басраға келгенге дейін өз кіндігімнен тараған жүз жиырмадан астам ұрпағымның жерленгенін айтты», – деп жеткізген.

بَابُ الصَّوْمِ مِنْ آخِرِ الشَّهْرِ

39-бапАйдың соңғы күндерінде ораза ұстау туралы

972
Бұхари, № 972 · Сахих: 1983Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَأَلَ النَّبِيُّ ﷺ رَجُلًا فَقَالَ: «يَا أَبَا فُلَانٍ، أَمَا صُمْتَ سَرَرَ هَذَا الشَّهْرِ؟» قَالَ الرَّجُلُ: «لَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «فَإِذَا أَفْطَرْتَ فَصُمْ يَوْمَيْنِ». وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ قَالَ: «مِنْ سَرَرِ شَعْبَانَ».

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайнның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) бір адамнан: «Уа, пәленшенің әкесі! Осы айдың соңғы күндерінде ораза ұстадың ба?» – деп сұрады. Әлгі адам: «Жоқ, уа, Расулалла!» – деді. Сонда ол: «Рамазан оразасын аяқтағаннан кейін екі күн ораза ұста», – деді. Одан жеткен бір риуаятта: «Шағбан айының соңғы күндерінде», – делінген.

بَابُ صَوْمِ يَوْمِ الْجُمُعَةِ

40-бапЖұма күні ораза ұстау туралы

973
Бұхари, № 973 · Сахих: 1984Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قِيلَ لَهُ: «أَنَهَى النَّبِيُّ ﷺ عَنْ صَوْمِ يَوْمِ الْجُمُعَةِ؟» قَالَ: «نَعَمْ».

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) жұма күні ораза ұстауға тыйым салды ма?» – деп сұралғанда, ол: «Иә», – деп жауап берген.

974
Бұхари, № 974 · Сахих: 1986

عَنْ جُوَيْرِيَةَ بِنْتِ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَخَلَ عَلَيْهَا يَوْمَ الْجُمُعَةِ وَهِيَ صَائِمَةٌ، فَقَالَ: «أَصُمْتِ أَمْسِ؟» قَالَتْ: «لَا». قَالَ: «تُرِيدِينَ أَنْ تَصُومِي غَدًا؟» قَالَتْ: «لَا». قَالَ: «فَأَفْطِرِي».

Қазақша аудармасы

Жуайрия бинт Харистің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) жұма күні оның жанына кіргенде, ол ораза ұстап отырған еді. Сонда ол: «Кеше ораза ұстадың ба?» – деп сұрады. Жуайрия: «Жоқ», – деді. Ол: «Ертең ораза ұстағың келе ме?» – деп сұрады. Жуайрия: «Жоқ», – деді. Сонда ол: «Онда аузыңды аш», – деді.

بَابُ هَلْ يَخُصُّ شَيْئًا مِنَ الْأَيَّامِ؟

41-бапБелгілі бір күндерді арнайы бөліп, ораза ұстау туралы

975
Бұхари, № 975 · Сахих: 1987Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سُئِلَتْ: «هَلْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَخْتَصُّ مِنَ الْأَيَّامِ شَيْئًا؟» قَالَتْ: «لَا، كَانَ عَمَلُهُ دِيمَةً، وَأَيُّكُمْ يُطِيقُ مَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُطِيقُ؟»

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) белгілі бір күндерді арнайы бөліп, сол күндері амал жасайтын ба еді?» – деп сұралғанда, ол: «Жоқ. Оның амалы тұрақты әрі үздіксіз болатын. Сендердің қайсыларың Алла Елшісінің (с.а.с.) шамасы жеткен амалға шыдай алады?» – деп жауап берген.

بَابُ صِيَامِ أَيَّامِ التَّشْرِيقِ

42-бапТәшриқ күндері ораза ұстау туралы

976
Бұхари, № 976 · Сахих: 1997, 1998

عَنْ عَائِشَةَ وَابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ قَالَا: «لَمْ يُرَخَّصْ فِي أَيَّامِ التَّشْرِيقِ أَنْ يُصَمْنَ إِلَّا لِمَنْ لَمْ يَجِدِ الْهَدْيَ».

Қазақша аудармасы

Айша мен Ибн Омар (р.а.): «Тәшриқ күндері құрбандық малын таба алмаған адамнан басқа ешкімге ораза ұстауға рұқсат етілмеген», – деген.

بَابُ صِيَامِ يَوْمِ عَاشُورَاءَ

43-бапАшура күні ораза ұстау туралы

977
Бұхари, № 977 · Сахих: 2002Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ يَوْمُ عَاشُورَاءَ تَصُومُهُ قُرَيْشٌ فِي الْجَاهِلِيَّةِ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَصُومُهُ، فَلَمَّا قَدِمَ الْمَدِينَةَ صَامَهُ وَأَمَرَ بِصِيَامِهِ، فَلَمَّا فُرِضَ رَمَضَانُ تَرَكَ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، فَمَنْ شَاءَ صَامَهُ، وَمَنْ شَاءَ تَرَكَهُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Жәһилия дәуірінде құрайыштықтар Ашура күні ораза ұстайтын. Алла Елшісі (с.а.с.) де бұл күні ораза ұстайтын. Мәдинаға келгеннен кейін де сол оразаны ұстап, адамдарға оны ұстауды бұйырды. Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін, Ашура күнгі оразаны міндеттеуді тоқтатты. Содан соң кім қаласа, оны ұстайтын, ал кім қаласа, ұстамайтын болды», – деп жеткізді.

978
Бұхари, № 978 · Сахих: 2004Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ الْمَدِينَةَ فَرَأَى الْيَهُودَ تَصُومُ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، فَقَالَ: «مَا هَذَا؟» قَالُوا: «هَذَا يَوْمٌ صَالِحٌ، هَذَا يَوْمٌ نَجَّى اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ بَنِي إِسْرَائِيلَ مِنْ عَدُوِّهِمْ، فَصَامَهُ مُوسَى». قَالَ: «فَأَنَا أَحَقُّ بِأَخِي مُوسَى مِنْكُمْ»، فَصَامَهُ وَأَمَرَ بِصِيَامِهِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға келгенде, яһудилердің Ашура күні ораза ұстайтынын көріп: “Бұл қандай күн?” – деп сұрады. Олар: “Бұл – ізгі күн. Осы күні Ұлы Алла Исраил ұрпақтарын дұшпандарынан құтқарған. Сондықтан Мұса бұл күні ораза ұстаған”, – деді. Сонда ол: “Мұсаға сендерден гөрі мен жақынырақпын”, – деді де, сол күні ораза ұстап, өзгелерге де ораза ұстауды бұйырды».