Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 654

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
12. Пайғамбардың (с.а.с.) дәуірінде кебінін алдын ала дайындап қойған және бұл ісі айыпталмаған адам туралыبَابُ مَنِ اِسْتَعَدَّ الْكَفَنَ فِي زَمَنِ النَّبِيِّ ﷺ فَلَمْ يُنْكَرْ عَلَيْهِ
Нөмірі
№ 654 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1277
654
Бұхари, № 654 · Сахих: 1277Риуаят етуші: Сәһл

عَنْ سَهْلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَتِ امْرَأَةٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِبُرْدَةٍ مَنْسُوجَةٍ فِيهَا حَاشِيَتُهَا – «أَتَدْرُونَ مَا الْبُرْدَةُ؟» قَالُوا: «الشَّمْلَةُ». قَالَ: «نَعَمْ» –

قَالَتْ: «نَسَجْتُهَا بِيَدِي فَجِئْتُ لِأَكْسُوَكَهَا». فَأَخَذَهَا النَّبِيُّ ﷺ مُحْتَاجًا إِلَيْهَا، فَخَرَجَ إِلَيْنَا وَإِنَّهَا إِزَارُهُ، فَحَسَّنَهَا فُلَانٌ، فَقَالَ: «اُكْسُنِيهَا، مَا أَحْسَنَهَا!» قَالَ الْقَوْمُ: «مَا أَحْسَنْتَ، لَبِسَهَا النَّبِيُّ ﷺ مُحْتَاجًا إِلَيْهَا، ثُمَّ سَأَلْتَهُ، وَعَلِمْتَ أَنَّهُ لَا يَرُدُّ». قَالَ: «إِنِّي، وَاللَّهِ، مَا سَأَلْتُهُ لِأَلْبَسَهَا، إِنَّمَا سَأَلْتُهُ لِتَكُونَ كَفَنِي». قَالَ سَهْلٌ: فَكَانَتْ كَفَنَهُ.

Қазақша аудармасы

Сәһл (р.а.): «Бір әйел Алла Елшісіне (с.а.с.) жиектері қоса тоқылған бір бүрде әкелді», – деген. Сәһл: «Бүрденің не екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Олар: «Денеге оранатын жамылғы», – деді. Ол: «Иә», – деді.

«Әйел: “Мұны өз қолыммен тоқып, сізге кигізу үшін алып келдім”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған мұқтаж болғандықтан, бүрдені алды. Кейін оны беліне орап, біздің алдымызға шықты. Сонда бір адам оны ұнатып: “Қандай көркем! Оны маған беріңізші”, – деді. Адамдар оған: “Сен дұрыс істемедің. Пайғамбар (с.а.с.) бұл бүрдеге мұқтаж болғандықтан киді. Ал сен оның сұраған адамды кері қайтармайтынын біле тұра, бүрдені сұрадың”, – деді. Әлгі адам: “Алланың атымен ант етемін, мен оны кию үшін сұраған жоқпын. Оны өзіме кебін болсын деп сұрадым”, – деді». Сәһл (р.а.): «Сөйтіп, сол бүрде оның кебіні болды», – деген.