Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 653

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
11. Кебінге мәйіттің басын немесе аяқтарын ғана жабуға жететін мата табылса, оның басын жабу туралыبَابُ إِذَا لَمْ يَجِدْ كَفَنًا إِلَّا مَا يُوَارِي رَأْسَهُ أَوْ قَدَمَيْهِ غَطَّى رَأْسَهُ
Нөмірі
№ 653 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1276
653
Бұхари, № 653 · Сахих: 1276Риуаят етуші: Хаббаб

عَنْ خَبَّابٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: هَاجَرْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ نَلْتَمِسُ وَجْهَ اللَّهِ، فَوَقَعَ أَجْرُنَا عَلَى اللَّهِ، فَمِنَّا مَنْ مَاتَ لَمْ يَأْكُلْ مِنْ أَجْرِهِ شَيْئًا، مِنْهُمْ مُصْعَبُ بْنُ عُمَيْرٍ – وَمِنَّا مَنْ أَيْنَعَتْ لَهُ ثَمَرَتُهُ، فَهُوَ يَهْدِبُهَا – قُتِلَ يَوْمَ أُحُدٍ، فَلَمْ نَجِدْ مَا نُكَفِّنُهُ إِلَّا بُرْدَةً، إِذَا غَطَّيْنَا بِهَا رَأْسَهُ خَرَجَتْ رِجْلَاهُ، وَإِذَا غَطَّيْنَا رِجْلَيْهِ خَرَجَ رَأْسُهُ، فَأَمَرَنَا النَّبِيُّ ﷺ أَنْ نُغَطِّيَ رَأْسَهُ، وَأَنْ نَجْعَلَ عَلَى رِجْلَيْهِ مِنَ الْإِذْخِرِ.

Қазақша аудармасы

Хаббаб (р.а.): «Біз Алланың разылығын қалап, Пайғамбармен (с.а.с.) бірге һижрет жасадық. Сөйтіп, бізге сауап беруді Алла Өз міндетіне алды. Арамызда сауабының дүниедегі үлесінен ештеңе татпастан қайтыс болғандар болды. Солардың бірі – Мұсғаб ибн Умайр. Ал арамызда жемісі пісіп-жетіліп, оны теріп жүргендер де бар. Мұсғаб Ухуд күні қаза тапты. Оны кебіндеу үшін бір жамылғыдан басқа ештеңе таба алмадық. Онымен басын жапсақ, аяқтары ашылып қалатын, ал аяқтарын жапсақ, басы ашылып қалатын. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) бізге оның басын жауып, аяқтарының үстіне изхир шөбін қоюды бұйырды», – деген.