Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 465

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
74. Сәжденің артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ السُّجُودِ
Нөмірі
№ 465 (Мухтасар реті) · Сахих: № 806
465
Бұхари, № 465 · Сахих: 806Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّاسَ قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلْ نَرَى رَبَّنَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» قَالَ: «هَلْ تُمَارُونَ فِي الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ لَيْسَ دُونَهُ سَحَابٌ؟» قَالُوا: «لَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «فَهَلْ تُمَارُونَ فِي الشَّمْسِ لَيْسَ دُونَهَا سَحَابٌ؟» قَالُوا: «لَا». قَالَ: «فَإِنَّكُمْ تَرَوْنَهُ كَذَلِكَ.

يُحْشَرُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيَقُولُ: “مَنْ كَانَ يَعْبُدُ شَيْئًا فَلْيَتَّبِعْ”، فَمِنْهُمْ مَنْ يَتَّبِعُ الشَّمْسَ، وَمِنْهُمْ مَنْ يَتَّبِعُ الْقَمَرَ، وَمِنْهُمْ مَنْ يَتَّبِعُ الطَّوَاغِيتَ، وَتَبْقَى هَذِهِ الْأُمَّةُ فِيهَا مُنَافِقُوهَا، فَيَأْتِيهِمُ اللَّهُ فَيَقُولُ: “أَنَا رَبُّكُمْ”، فَيَقُولُونَ: “هَذَا مَكَانُنَا حَتَّى يَأْتِيَنَا رَبُّنَا، فَإِذَا جَاءَ رَبُّنَا عَرَفْنَاهُ”، فَيَأْتِيهِمُ اللَّهُ فَيَقُولُ: “أَنَا رَبُّكُمْ”، فَيَقُولُونَ: “أَنْتَ رَبُّنَا”.

فَيُضْرَبُ الصِّرَاطُ بَيْنَ ظَهْرَانَيْ جَهَنَّمَ، فَأَكُونُ أَوَّلَ مَنْ يَجُوزُ مِنَ الرُّسُلِ بِأُمَّتِهِ، وَلَا يَتَكَلَّمُ يَوْمَئِذٍ أَحَدٌ إِلَّا الرُّسُلُ، وَكَلَامُ الرُّسُلِ يَوْمَئِذٍ: “اللَّهُمَّ سَلِّمْ، سَلِّمْ”، وَفِي جَهَنَّمَ كَلَالِيبُ مِثْلُ شَوْكِ السَّعْدَانِ، هَلْ رَأَيْتُمْ شَوْكَ السَّعْدَانِ؟» قَالُوا: «نَعَمْ».

قَالَ: «فَإِنَّهَا مِثْلُ شَوْكِ السَّعْدَانِ غَيْرَ أَنَّهُ لَا يَعْلَمُ قَدْرَ عِظَمِهَا إِلَّا اللَّهُ، تَخْطَفُ النَّاسَ بِأَعْمَالِهِمْ، فَمِنْهُمْ مَنْ يُوبَقُ بِعَمَلِهِ، وَمِنْهُمْ مَنْ يُخَرْدَلُ ثُمَّ يَنْجُو،

حَتَّى إِذَا أَرَادَ اللَّهُ رَحْمَةَ مَنْ أَرَادَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، أَمَرَ اللَّهُ الْمَلَائِكَةَ أَنْ يُخْرِجُوا مَنْ كَانَ يَعْبُدُ اللَّهَ، فَيُخْرِجُونَهُمْ وَيَعْرِفُونَهُمْ بِآثَارِ السُّجُودِ، وَحَرَّمَ اللَّهُ عَلَى النَّارِ أَنْ تَأْكُلَ أَثَرَ السُّجُودِ، فَيَخْرُجُونَ مِنَ النَّارِ، فَكُلُّ ابْنِ آدَمَ تَأْكُلُهُ النَّارُ إِلَّا أَثَرَ السُّجُودِ، فَيَخْرُجُونَ مِنَ النَّارِ، قَدْ اِمْتَحَشُوا، فَيُصَبُّ عَلَيْهِمْ مَاءُ الْحَيَاةِ، فَيَنْبُتُونَ كَمَا تَنْبُتُ الْحِبَّةُ فِي حَمِيلِ السَّيْلِ.

ثُمَّ يَفْرُغُ اللَّهُ مِنَ الْقَضَاءِ بَيْنَ الْعِبَادِ وَيَبْقَى رَجُلٌ بَيْنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ وَهُوَ آخِرُ أَهْلِ النَّارِ دُخُولًا الْجَنَّةَ مُقْبِلٌ بِوَجْهِهِ قِبَلَ النَّارِ، فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، اِصْرِفْ وَجْهِي عَنِ النَّارِ، قَدْ قَشَبَنِي رِيحُهَا وَأَحْرَقَنِي ذَكَاؤُهَا”، فَيَقُولُ: “هَلْ عَسَيْتَ إِنْ فُعِلَ ذَلِكَ بِكَ أَنْ تَسْأَلَ غَيْرَ ذَلِكَ؟” فَيَقُولُ: “لَا وَعِزَّتِكَ”، فَيُعْطِي اللَّهَ مَا يَشَاءُ مِنْ عَهْدٍ وَمِيثَاقٍ، فَيَصْرِفُ اللَّهُ وَجْهَهُ عَنِ النَّارِ.

فَإِذَا أَقْبَلَ بِهِ عَلَى الْجَنَّةِ، رَأَى بَهْجَتَهَا سَكَتَ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَسْكُتَ، ثُمَّ قَالَ: “يَا رَبِّ، قَدِّمْنِي عِنْدَ بَابِ الْجَنَّةِ”، فَيَقُولُ اللَّهُ لَهُ: “أَلَيْسَ قَدْ أَعْطَيْتَ الْعُهُودَ وَالْمِيثَاقَ أَنْ لَا تَسْأَلَ غَيْرَ الَّذِي كُنْتَ سَأَلْتَ؟” فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، لَا أَكُونُ أَشْقَى خَلْقِكَ”، فَيَقُولُ: “فَمَا عَسَيْتَ إِنْ أُعْطِيتَ ذَلِكَ أَنْ لَا تَسْأَلَ غَيْرَهُ؟” فَيَقُولُ: “لَا وَعِزَّتِكَ، لَا أَسْأَلُ غَيْرَ ذَلِكَ”، فَيُعْطِي رَبَّهُ مَا شَاءَ مِنْ عَهْدٍ وَمِيثَاقٍ، فَيُقَدِّمُهُ إِلَى بَابِ الْجَنَّةِ.

فَإِذَا بَلَغَ بَابَهَا، فَرَأَى زَهْرَتَهَا، وَمَا فِيهَا مِنَ النَّضْرَةِ وَالسُّرُورِ، فَيَسْكُتُ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَسْكُتَ، فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، أَدْخِلْنِي الْجَنَّةَ”، فَيَقُولُ اللَّهُ: “وَيْحَكَ، يَا ابْنَ آدَمَ، مَا أَغْدَرَكَ! أَلَيْسَ قَدْ أَعْطَيْتَ الْعُهُودَ وَالْمِيثَاقَ أَنْ لَا تَسْأَلَ غَيْرَ الَّذِي أُعْطِيتَ؟” فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، لَا تَجْعَلْنِي أَشْقَى خَلْقِكَ”، فَيَضْحَكُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ مِنْهُ، ثُمَّ يَأْذَنُ لَهُ فِي دُخُولِ الْجَنَّةِ، فَيَقُولُ: “تَمَنَّ”، فَيَتَمَنَّى حَتَّى إِذَا اِنْقَطَعَتْ أُمْنِيَّتُهُ، قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: “زِدْ مِنْ كَذَا وَكَذَا”، أَقْبَلَ يُذَكِّرُهُ رَبُّهُ، حَتَّى إِذَا اِنْتَهَتْ بِهِ الْأَمَانِيُّ، قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: “لَكَ ذَلِكَ وَمِثْلُهُ مَعَهُ”».

قَالَ أَبُو سَعِيدٍ الْخُدْرِيُّ لِأَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ: “لَكَ ذَلِكَ وَعَشَرَةُ أَمْثَالِهِ”»، قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: لَمْ أَحْفَظْ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَّا قَوْلَهُ: «لَكَ ذَلِكَ وَمِثْلُهُ مَعَهُ». قَالَ أَبُو سَعِيدٍ: إِنِّي سَمِعْتُهُ يَقُولُ: «ذَلِكَ لَكَ وَعَشَرَةُ أَمْثَالِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, адамдар: «Уа, Расулалла! Қиямет күні Раббымызды көреміз бе?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Бұлтсыз түнде толған айды көргендеріңе күмәнданасыңдар ма?» – деді. Олар: «Жоқ, уа, Расулалла», – деді. Ол (с.а.с.): «Ал аспанда бұлт жоқта күнді көргендеріңе күмәнданасыңдар ма?» – деп сұрады. Олар: «Жоқ», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Сендер Оны да дәл солай көресіңдер. Қиямет күні адамдар жиналады. Сонда: “Кім бір нәрсеге құлшылық еткен болса, соның соңынан ерсін”, – делінеді. Олардың кейбірі күннің соңынан, кейбірі айдың соңынан, енді біреулері тағуттардың соңынан ереді. Ал ішінде мұнафықтары да бар осы үмбет қалады. Алла оларға келіп: “Мен сендердің Раббыларыңмын”, – дейді. Олар: “Раббымыз бізге келгенге дейін осы жерде тұрамыз. Раббымыз келгенде, Оны танимыз”, – дейді. Содан кейін Алла оларға келіп: “Мен сендердің Раббыларыңмын”, – дейді. Олар: “Сен біздің Раббымызсың”, – дейді.

Содан кейін жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылады. Мен үмбетіммен бірге одан алғаш өтетін елші боламын. Сол күні елшілерден басқа ешкім сөйлемейді. Елшілердің сол күнгі сөзі: “Уа, Алла! Аман сақтай гөр! Аман сақтай гөр!” – болады. Жаһаннамда сағдан тікеніне ұқсайтын ілгектер бар. Сендер сағдан тікенін көрдіңдер ме?» – деп сұрады. Олар: «Иә», – деді.

Ол (с.а.с.): «Олар сағдан тікеніне ұқсайды. Алайда олардың қаншалықты үлкен екенін Алладан басқа ешкім білмейді. Олар адамдарды амалдарына қарай іліп әкетеді. Кейбірі амалдарының кесірінен опат болады, ал кейбірінің денесі тілініп-жараланғанымен, кейін құтылады.

Алла тозақ тұрғындарының ішінен қалағанына рақым етуді ұйғарғанда, періштелерге Аллаға құлшылық еткендерді шығаруды бұйырады. Періштелер оларды сәжде іздерінен танып, шығарып алады. Алла тозақ отына сәжде іздерін жалмауды харам еткен. Сөйтіп, олар тозақтан шығарылады. От адам баласының сәжде іздерінен басқа бүкіл денесін жалмайды. Олар тозақтан күйіп, қарайып шыққан кезде, үстілеріне тіршілік суы құйылады. Сонда сел шайып әкелген топырақта тұқым қалай өніп шықса, олар да солай қайта өсіп шығады.

Содан кейін Алла құлдарының арасындағы үкімін аяқтайды. Жұмақ пен тозақтың арасында бір адам қалады. Ол – тозақ тұрғындарының ішінен жұмаққа ең соңғы болып кіретін адам. Оның жүзі тозаққа қарап тұрады.

Ол: “Уа, Раббым! Жүзімді тозақтан басқа жаққа бұра гөр. Оның иісі мені қинады, жалыны мені күйдіріп барады”, – дейді. Алла: “Саған осылай жасалса, тағы басқа нәрсе сұрап жүрмейсің бе?” – дейді. Ол: “Ұлылығыңмен ант етемін, сұрамаймын”, – дейді де, Аллаға, Оның қалағанынша, уәде беріп, серт етеді. Сонда Алла оның жүзін тозақтан басқа жаққа бұрады.

Жүзі жұмаққа қарай бұрылғанда, ол жұмақтың көркін көреді де, Алла қалаған уақытқа дейін үнсіз қалады. Кейін: “Уа, Раббым! Мені жұмақтың қақпасына жақындата гөр”, – дейді. Алла оған: “Сен бұрын сұрағаныңнан өзге еш нәрсе сұрамаймын деп уәде беріп, серт етпеп пе едің?” – дейді. Ол: “Уа, Раббым! Жаратқандарыңның ең бақытсызы болып қалмайын”, – дейді. Алла: “Егер саған осы берілсе, одан басқа еш нәрсе сұрамайсың ба?” – дейді. Ол: “Ұлылығыңмен ант етемін, бұдан басқа еш нәрсе сұрамаймын”, – деп, Раббысына, Оның қалағанынша, уәде беріп, серт етеді. Сонда Алла оны жұмақтың қақпасына жақындатады.

Ол жұмақтың қақпасына жетіп, оның әсемдігін, ішіндегі көркемдік пен қуанышты көргенде, Алла қалаған уақытқа дейін үнсіз қалады. Содан кейін: “Уа, Раббым! Мені жұмаққа кіргізе гөр”, – дейді. Сонда Алла: “Сорлы-ай, адам баласы! Сен уәдеңді неткен көп бұзасың! Саған берілгеннен өзге еш нәрсе сұрамаймын деп уәде беріп, серт етпеп пе едің?” – дейді. Ол: “Уа, Раббым! Мені жаратқандарыңның ең бақытсызы ете көрме”, – дейді. Алла Тағала оған күледі де, жұмаққа кіруіне рұқсат береді. Содан кейін: “Тіле”, – дейді. Ол тілектерін айтады. Тілеп болған кезде, Алла Тағала: “Мынаны да, мынаны да тіле”, – деп, оның есіне түрлі тілектерді салады. Ақырында оның тілектері түгел аяқталған кезде, Алла Тағала: “Саған солардың бәрі және тағы соншасы беріледі”, – дейді».

Әбу Сағид әл-Худри Әбу Һурайраға (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Алланың: “Саған солардың бәрі және оның он есесі беріледі”, – дегенін жеткізген», – деді. Әбу Һурайра (р.а.): «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.): “Саған солардың бәрі және тағы соншасы беріледі”, – деген сөзін ғана жаттап қалдым», – деді. Әбу Сағид: «Мен оның (с.а.с.): “Саған солардың бәрі және оның он есесі беріледі”, – дегенін естідім», – деді.