Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 464

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
73. Сәждеге түсер кезде тәкбір айту туралыبَابُ يَهْوِي بِالتَّكْبِيرِ حِينَ يَسْجُدُ
Нөмірі
№ 464 (Мухтасар реті) · Сахих: № 804
464
Бұхари, № 464 · Сахих: 804Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ يَرْفَعُ رَأْسَهُ يَقُولُ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ». يَدْعُو لِرِجَالٍ فَيُسَمِّيهِمْ بِأَسْمَائِهِمْ، فَيَقُولُ: «اللَّهُمَّ أَنْجِ الْوَلِيدَ بْنَ الْوَلِيدِ، وَسَلَمَةَ بْنَ هِشَامٍ، وَعَيَّاشَ بْنَ أَبِي رَبِيعَةَ، وَالْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ، اللَّهُمَّ اُشْدُدْ وَطْأَتَكَ عَلَى مُضَرَ، وَاجْعَلْهَا عَلَيْهِمْ سِنِينَ كَسِنِي يُوسُفَ»، وَأَهْلُ الْمَشْرِقِ يَوْمَئِذٍ مِنْ مُضَرَ مُخَالِفُونَ لَهُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) рукуғтан басын көтерген кезде: “Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ. Раббәнә уә ләкәл-хамд”, – дейтін. Содан кейін кейбір адамдарды аттарымен атап, олар үшін дұға етіп: “Уа, Алла! Уәлид ибн Уәлидті, Сәләмә ибн Һишамды, Айяш ибн Әбу Рабиғаны және мүміндердің әлсіз қалғандарын құтқара гөр! Уа, Алла! Мұдарға түсірер жазаңды күшейте гөр әрі олардың басына Жүсіптің заманындағыдай ашаршылық жылдарын түсіре гөр!” – дейтін». Сол кезде шығыс өлкелеріндегі Мұдар тайпасының адамдары оған қарсы еді.