Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 419

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
40. Имамның қиямды жеңілдетіп, рукуғ пен сәждені толық орындауы туралыبَابُ تَخْفِيفِ الْإِمَامِ فِي الْقِيَامِ وَإِتْمَامِ الرُّكُوعِ وَالسُّجُودِ
Нөмірі
№ 419 (Мухтасар реті) · Сахих: № 702
419
Бұхари, № 419 · Сахих: 702Риуаят етуші: Әбу Масғуд

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا قَالَ: «وَاللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي لَأَتَأَخَّرُ عَنْ صَلَاةِ الْغَدَاةِ مِنْ أَجْلِ فُلَانٍ مِمَّا يُطِيلُ بِنَا»، فَمَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي مَوْعِظَةٍ أَشَدَّ غَضَبًا مِنْهُ يَوْمَئِذٍ، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ مِنْكُمْ مُنَفِّرِينَ، فَأَيُّكُمْ مَا صَلَّى بِالنَّاسِ فَلْيَتَجَوَّزْ، فَإِنَّ فِيهِمُ الضَّعِيفَ وَالْكَبِيرَ وَذَا الْحَاجَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Бір адам: “Уа, Расулалла! Алланың атымен ант етемін, пәленше бізге намазды тым ұзақ оқытатындықтан, таң намазына кешігіп барамын”, – деді. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) насихат айтқан кезінде дәл сол күнгідей қатты ашуланғанын көрмедім. Содан кейін ол (с.а.с.): “Араларыңда адамдарды үркітіп, намаздан алыстататындар бар. Кім адамдарға имам болып намаз оқытса, намазды жеңілдетсін. Өйткені олардың арасында әлсізі де, жасы үлкені де, шаруасы бар адам да болады”, – деді».