Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 418

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
39. Имам намазды ұзақ оқығанда, бір адамның қажетіне байланысты жамағаттан шығып, намазын жеке оқуы туралыبَابُ إِذَا طَوَّلَ الْإِمَامُ وَكَانَ لِلرَّجُلِ حَاجَةٌ فَخَرَجَ فَصَلَّى
Нөмірі
№ 418 (Мухтасар реті) · Сахих: № 701
418
Бұхари, № 418 · Сахих: 701Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ مُعَاذُ بْنُ جَبَلٍ يُصَلِّي مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، ثُمَّ يَرْجِعُ، فَيَؤُمُّ قَوْمَهُ، فَصَلَّى الْعِشَاءَ، فَقَرَأَ بِالْبَقَرَةِ، فَانْصَرَفَ رَجُلٌ، فَكَأَنَّ مُعَاذًا تَنَاوَلَ مِنْهُ، فَبَلَغَ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «فَتَّانٌ، فَتَّانٌ، فَتَّانٌ»، ثَلَاثَ مِرَارٍ، وَأَمَرَهُ بِسُورَتَيْنِ مِنْ أَوْسَطِ الْمُفَصَّلِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Мұғаз ибн Жәбәл Пайғамбармен (с.а.с.) бірге намаз оқитын. Содан кейін қайтып барып, өз қауымына имам болып намаз оқытатын. Бірде ол құптан намазын оқытып, “Бақара” сүресін оқи бастады. Сонда бір адам намаздан шығып кетті. Мұғаз ол туралы айыптай сөйлегендей болды. Бұл хабар Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, ол: “Сен адамдарды қиындыққа салушысың!” – деген сөзін үш рет қайталады. Содан кейін оған “Муфассал” сүрелерінің орта тұсындағы екі сүрені оқуды бұйырды».