عَنْ جَابِر قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعَلِّمُنَا الاسْتِخَارَةَ فِى الْأمُورِ كُلِّهَا كَالسُّورَةِ مِنَ الْقُرْآنِ، يَقُولُ: «إِذَا هَمَّ أَحَدُكُمْ بِالأمْرِ، فَلْيَركعْ ركْعَتَيْنِ مِنْ غَيْرِ الْفَرِيضَةِ، ثُمَّ ليقل: اللَّهُمَّ إِنِّى أسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ، وَأسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ، وأسْألُكَ مِنْ فَضْلِكَ الْعَظِيْمِ، فَإِنَّكَ تَقْدِرُ وَلَا أقْدِرُ، وَتَعْلَمُ وَلَا أَعْلَمُ، وَأَنْتَ عَلاَّمُ الْغُيُوبِ. اللَّهُمَّ إِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الْأمْرَ خَيْرٌ لِى فِى دِينِى وَمَعَاشِى وَعَاقِبَةِ أمْرِى» أَوْ قَالَ: «عَاجِلِ أمْرِى وَآجِلِهِ، فاقْدُرْهُ لِى وَيَسِّرْهُ لِى، ثُمَّ بَارِكْ لِى فِيهِ. وَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الْأَمْرَ شَرٌّ لِى فِى دِينِى وَمَعَاشِى وَعَاقِبَةِ أَمْرِى» أَوْ قَالَ: «عَاجِلِ أمْرِى وَآجِلِهِ؛ فَاصْرِفْهُ عَنِّى، وَاصْرِفْنِى عَنْهُ، وَاقْدُرْ لِيَ الْخَيْرَ حَيْثُ كَانَ، ثُمَّ أرْضِنِى بِهِ» قَالَ: «وَيُسَمِّيْ حَاجَتَهُ»
Жәбир (р.а.): «Алла елшісі ﷺ бізге әрбір істе Алладан жөн сұрауды Құран сүресін үйреткеніндей мұқият үйретіп былай дейтін еді: «Егер іштеріңнен әлдекім қандай да бір іске ниеттенсе, екі рәкағат нәпіл намаз оқысын. Содан кейін: «Уа, Алла Тағалам! Шексіз іліміңе сүйене отырып бір Өзіңнен ниет еткен ісімнің жақсылығын тілеп, жөн сұраймын. Шексіз құдіретіңе арқа сүйеп бір Өзіңнен осы істе күш-қуат сұраймын. Бар жақсылықты Сенің мейір-шапағатыңнан тілеймін, өйткені Сенің күшің бәріне жетеді. Ал менің қауқарым ештеңеге жетпек емес. Сен бәрін де білесің. Ал мен білмеймін. Сен – Өзіңнен басқаға беймәлім ғайып әлемін де толық білесің. Уа, Алла Тағалам! Егер бұл іс дініме, фәнидегі тіршілігіме және нәтижесі (немесе басы һәм соңы) тұрғысынан мен үшін қайырлы болса, оны маған нәсіп ете көр! Әрі оны мен үшін жеңіл һәм берекелі ете көр! Ал егер бұл іс дініме, фәнидегі тіршілігіме және нәтижесі (немесе басы һәм соңы) тұрғысынан маған жамандық әкелетін болса, менен оның бетін ары қылып, мені де одан аулақ еткейсің! Жақсылық атаулы қай жерде болмасын мені соған жеткізе көр! Сол арқылы мені қуанышқа бөлей көр!» – деп айтсын да, қажетін сұрасын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1162, Ахмад: 14707).
Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ учил нас испрашивать у Аллаха верное решение в каждом деле столь же тщательно, как учил какой-либо суре Корана. Он говорил: “Если кто-либо из вас намеревается совершить какое-либо дело, пусть совершит два ракаата дополнительной молитвы, а затем скажет: ‘О Аллах Всевышний! Полагаясь на Твоё безграничное знание, я прошу Тебя одного указать мне благо в задуманном деле. Полагаясь на Твоё безграничное могущество, я прошу Тебя одного даровать мне силы для него. Я прошу у Тебя всех благ из Твоей милости, ибо Ты способен на всё, тогда как я ни на что не способен. Ты знаешь всё, а я не знаю. Тебе в совершенстве ведом и мир сокровенного, неведомый никому, кроме Тебя.
О Аллах Всевышний! Если Ты знаешь, что это дело будет благом для моей религии, моей земной жизни и исхода моих дел (или для моего ближайшего и отдалённого будущего), то предопредели его для меня, облегчи его и сделай благословенным для меня. Если же Ты знаешь, что это дело будет вредно для моей религии, моей земной жизни и исхода моих дел (или для моего ближайшего и отдалённого будущего), то отврати его от меня и меня от него. Где бы ни находилось благо, предопредели его мне и сделай меня довольным им!’ – после чего пусть назовёт свою нужду”» (Аль-Бухари: 1162; Ахмад: 14707).