عَنْ أَبِى شُرَيْح خُوَيْلِدِ بْنِ عَمرو الْخُزَاعِيِّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَاليَوْمِ الْآخِرِ فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ جَائِزَتَهُ» قَالُوا: وَمَا جَائِزَتُهُ؟ يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «يَوْمُهُ وَلَيْلَتُهُ، وَالضِّيَافَةُ ثَلَاثَةُ أَيَّامٍ، فَمَا كَانَ وَرَاءَ ذَلِكَ فَهُوَ صَدَقَةٌ عَلَيْهِ»
وَفِى رِوَايَة لِمسلمٍ: «لَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يُقِيمَ عِنْدَ أخِيهِ حَتَّى يُؤْثِمَهُ» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكيْفَ يُؤْثِمُهُ؟ قَالَ: «يُقِيمُ عِنْدَهُ وَلَا شَيْءَ لَهُ يُقْرِيه بِهِ»
Әбу Шурайх Хуайлид ибн Амр әл-Хузағи (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, қонағына сый-құрмет көрсетсін», – дегенін естідім. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Қонақтың сыйы қандай болады?» – деп сұрағанда, Расулалла: «Бір күн және бір түн. Ал жалпы қонақжайлық үш күн болады, одан арғысы оған садақа болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6019; Муслим: 4513; Ахмад: 16370).
Аталмыш хадистің имам Муслим жеткізген нұсқасында: «Алла елшісі: «Мұсылманға бауырының үйінде, оны күнәға қалдыратындай ұзақ қалуына болмайды», – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Оны қалай күнәға қалдырады?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Үй иесінің оған сый ретінде беретін еш нәрсе таппай қалғанынша қалуы», – деп жауап берді», – делінген (Муслим: 4514).
Абу Шурайх Хувайлид ибн Амр аль-Хузаи (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пусть тот, кто верует в Аллаха и Последний день, оказывает особый почёт своему гостю”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! В чём заключается особое чествование гостя?” Он ответил: “Оно длится один день и одну ночь. Гостеприимство же в целом оказывается в течение трёх дней, а всё, что сверх этого, будет садакой для гостя”» (Аль-Бухари: 6019; Муслим: 4513; Ахмад: 16370).
В версии этого хадиса, переданной имамом Муслимом, говорится: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Мусульманину не дозволено оставаться в доме своего брата так долго, чтобы тем самым ввести его в грех”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Как же он может ввести его в грех?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Оставаясь у него до тех пор, пока хозяину уже нечем будет его угостить”» (Муслим: 4514).