Хадис

Риядус-салихин, № 703

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
91. Уағыз-насихат айтқанда ортан жолды ұстану керектігі жайында
Нөмірі
№ 703 (қазақша басылым реті)
703
Риядус-салихин, № 703Риуаят етуші: Ирбад ибн Сария

عَنْ الْعِرباض بْنِ سارِية قَال وعظنا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ موعظة بليغة وجلت مِنْهَا الْقلوب، وذرفت مِنْهَا الْعيون، فقُلْنَا: يَا رَسُولُ اللهِ، كأنها موعظة مودع فأوصنا. قَالَ: أوصيكم بتقوى الله، والسمع والطاعة وإِن تأمر عليكم عبد حبشي، فإِنه من يعش منكم فسيرى اختلافًا كَثِيرًا، فعليكم بسنتي وسنة الْخلفاء الراشدِين الْمهديين، عضوا عليها بالنواجذ، وإِياكم ومحدثات الْأمور، فإِن كل بدعة ضلالة

Қазақша аудармасы

Ирбад ибн Сәрия (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ уағызы әдеттегіден өзгеше болды. Уағыздан әсерленгеніміз соншалық – жүрегіміз суылдап, көзіміз жасқа толды. Уағыздың соңында біз: «Уа, Расулалла! Бұл сөздеріңіз бақұлдасып тұрған кісінің соңғы насихатына ұқсайды. Бізге соңғы өсиетіңізді айтыңыз, құлағымыз сізде», – дедік. Сонда ол: «Сендерге айтарым, Алладан қорқып, тақуалық аясында өмір сүріңдер. Басшыларың эфиопиялық қара нәсілді құл болса да, айтқандарына құлақ асып, оған бойсұныңдар. Әлі де дәм-тұзы барлар (мұсылмандар арасындағы) талай алауыздық пен араздыққа куә болады. Сол кезде менің және әділ халифалардың жолын таңдап, сол жолды тастай қатып, берік ұстаныңдар. Сондай-ақ дінге кейін енгізілген жаңалықтардан сақ болыңдар. Расында, (дінге қатысты) әрбір жаңалық – адасушылық», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4607; Тирмизи: 2676; Ахмад: 17142).

Орысша аудармасы

Ирбад ибн Сария (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к нам с наставлением, которое отличалось от прежних. Оно так сильно подействовало на нас, что сердца наши содрогнулись, а глаза наполнились слезами. В завершение мы сказали: “О Посланник Аллаха! Твои слова напоминают последнее наставление человека, который прощается с нами. Дай же нам своё последнее завещание – мы внимательно слушаем”.

Тогда он сказал: “Завещаю вам бояться Аллаха и жить в благочестии. Слушайте своего правителя и повинуйтесь ему, даже если им станет чернокожий раб-эфиоп. Те из вас, кому суждено прожить дольше, станут свидетелями множества разногласий и распрей (среди мусульман). Когда это произойдёт, следуйте моему пути и пути праведных халифов, неуклонно и крепко держась за него. Остерегайтесь нововведений, внесённых в религию. Поистине, всякое нововведение (в религии) является заблуждением”» (Абу Дауд: 4607; Ат-Тирмизи: 2676; Ахмад: 17142).