عَنْ أَبِى يعلى مَعْقِل بْنِ يَسارٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «مَا مِنْ عَبْدٍ يَستَرْعِيهِ اللَّهُ رَعِيَّةً، يَمُوتُ يَوْمَ يَمُوتُ وَهُوَ غَاشٌّ لِرَعِيَّتِهِ، إِلَّا حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّة» مُتَّفَقٌ عليه
وَفِى رِوَايَة: «فَلَمْ يَحُطْهَا بِنُصْحِهِ لَمْ يَجِدْ رَائِحَةَ الْجَنَّة»
وَفِى رِوَايَة لمسلم: «مَا مِنْ أميرٍ يلي أمور الْمُسْلِمِينَ، ثُمَّ لَا يَجْهَدُ لَهُمْ وَيَنْصَحُ لَهُمْ، إِلَّا لَمْ يَدْخُلْ مَعَهُمُ الْجَنَّةَ»
Әбу Яғла Мағқил ибн Яәсар (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Алланың билікті нәсіп еткен қайсыбір пендесі қол астындағыларын қулық-сұмдықпен басқарып жүріп қайтыс болса, Алла Тағала оны жұмақтан мақұрым етеді», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 363; Ахмад: 20291).
Басқа бір риуаятта: «...егер қол астындағыларына шын жүректен қамқорлық жасап, қанатының астына алмаса, жұмақтың хош иісін де сезбейді» – делінген. (Бұхари: 7150).
Имам Муслимнің риуаятында: «Мұсылмандарды басқару ісін мойнына алғаннан кейін, олар үшін жан-тәнімен еңбек етпеген, әрі шын жүректен қамқорлық жасамаған әмірші олармен бірге жұмаққа кірмейді» – делінген (Муслим: 365).
Абу Яля Макиль ибн Ясар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если какой-либо раб Аллаха, которому Он вверил власть над людьми, умрёт, оставаясь нечестным и коварным по отношению к своим подданным, Аллах лишит его рая”» (Муслим: 363; Ахмад: 20291).
В другой версии говорится: «…если он не будет искренне заботиться о своих подданных и не возьмёт их под своё покровительство, то не ощутит даже благоухания рая» (Аль-Бухари: 7150).
В версии имама Муслима говорится: «Правитель, который, взяв на себя управление делами мусульман, не станет трудиться ради них всеми силами и искренне заботиться о них, не войдёт вместе с ними в рай» (Муслим: 365).