Хадис

Риядус-салихин, № 83

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
7. Тәуекел
Нөмірі
№ 83 (қазақша басылым реті)
83
Риядус-салихин, № 83Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قَالَ – يَعْني: إِذَا خَرَجَ مِنْ بَيْتِهِ -: بِسمِ اللَّهِ تَوَكَّلْتُ عَلَى اللَّهِ وَلا حَوْلَ وَلا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ، يُقالُ لَهُ: هُدِيتَ وَكُفِيتَ وَوُقِيتَ، وَتَنَحَّى عَنْهُ الشَّيطَانُ»

زاد أَبُو داود: «فيَقُولُ – يعني: الشَّيْطَان – لِشيطان آخر: كَيفَ لَكَ بِرجلٍ قَدْ هُدِيَ وَكُفِيَ وَوُقِيَ؟».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім үйінен шыққанда: «Бисмиллә, Аллаға тәуекел еттім және Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш-қуат жоқ!» – десе, оған: «Тура жолға түсірілдің, мұң-мұқтажың өтелді және бәле-жаладан қорғалдың», – деп айтылады.1 Сөйтіп, шайтан одан алыстайды», – деп айтты» (Әбу Дәуіт: 5095; Тирмизи: 3426; Нәсәи 9837).

Әбу Дәуіт жеткізген хадис мәтінінде: «Сонда шайтан басқа бір шайтанға: «Тура жолға түсірілген, мұң-мұқтажы өтелген және бәле-жаладан қорғалған кісіні қалай азғырасың?!» – деп айтады», – делінген.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому, кто, выходя из дома, произнесёт: “С именем Аллаха! Я уповаю на Аллаха. Нет ни силы, ни мощи ни у кого, кроме как от Аллаха!”, будет сказано: “Ты наставлен на прямой путь, твои нужды удовлетворены, и ты защищён от бед и несчастий”1. После этого шайтан удалится от него» (Абу Дауд: 5095; Ат-Тирмизи: 3426; Ан-Насаи: 9837).

В тексте хадиса, переданном Абу Даудом, говорится: «Тогда один шайтан скажет другому: “Как ты можешь сбить с пути человека, который наставлен на прямой путь, чьи нужды удовлетворены и который защищён от бед и несчастий?!”»

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі «Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш те, қуат та жоқ!» деген сөздің мағынасы – егер Алла Тағала бізге күш-қуат бермесе, бізде нәпсі қалаулары мен күнә атаулыдан тыйылатын және игі істер істейтін күш те, қуат та жоқ дегенді білдіреді.

Түсіндірме (орысша)

слова хадиса «нет ни силы, ни мощи ни у кого, кроме как от Аллаха» означают, что, если Аллах Всевышний не наделит нас силой и мощью, у нас не будет ни силы, ни возможности удерживаться от низменных желаний и всякого греха и совершать благие дела.

  1. 1Бұл сөзді оған Алланың Өзі айтады немесе соған бекітілген періште айтады.
  1. 1Эти слова говорит ему Сам Аллах либо ангел, приставленный к нему.