Хадис

Риядус-салихин, № 74

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
7. Тәуекел
Нөмірі
№ 74 (қазақша басылым реті)
74
Риядус-салихин, № 74Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس رضي اللَّه عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عُرِضَتْ عَلَيَّ الْأُمَمُ، فَرَأَيْتُ النَّبيّ ومَعَهُ الرُّهَيطُ، والنَّبِيّ وَمَعَهُ الرَّجُلُ وَالرَّجُلانِ، والنَّبِيَّّ لَيْسَ مَعَهُ أَحَدٌ إِذْ رُفِعَ لِى سَوَادٌ عَظيمٌ فَظَنَنْتُ أَنَّهُمْ أُمَّتِى فقيلَ لِى: هَذَا مُوسَى وَقَومُهُ، ولكنِ انْظُرْ إِلَى الْأُفُقِ، فَنَظَرتُ فَإِذَا سَوادٌ عَظِيمٌ، فقيلَ لي: انْظُرْ إِلَى الْأفُقِ الآخَرِ، فَإِذَا سَوَادٌ عَظيمٌ، فقيلَ لِى: هَذِهِ أُمَّتُكَ وَمَعَهُمْ سَبْعُونَ أَلْفًا يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ بِغَيرِ حِسَابٍ وَلَا عَذَابٍ»، ثُمَّ نَهَضَ فَدخَلَ مَنْزِلَهُ فَخَاضَ النَّاسُ فِى أُولئكَ الَّذِينَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ بِغَيْرِ حِسَابٍ وَلَا عَذَابٍ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: فَلَعَلَّهُمْ الَّذينَ صَحِبوا رَسُولَ اللَّه ﷺ، وَقَالَ بعْضُهُمْ: فَلَعَلَّهُمْ الَّذِينَ وُلِدُوا فِى الْإِسْلَامِ فَلَمْ يُشْرِكُوا بِاللَّه شَيْئًا – وذَكَرُوا أشيَاءَ – فَخَرجَ عَلَيْهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «مَا الَّذِى تَخُوضُونَ فِيهِ؟» فَأَخْبَرُوهُ فَقَالَ: «هُمُ الَّذِينَ لَا يَرْقُونَ وَلا يَسْتَرقُونَ وَلا يَتَطَيَّرُونَ وعَلَى رَبِّهِمْ يَتَوكَّلُون» فقامَ عُكَّاشَةُ ابنُ محصنٍ، فَقَالَ: ادْعُ اللَّه أَنْ يَجْعَلنِى مِنْهُمْ، فَقَالَ: «أَنْتَ مِنْهُمْ» ثُمَّ قَامَ رَجُلٌ آخَرُ، فَقَالَ: ادْعُ اللَّهَ أَنْ يَجْعَلنِى مِنْهُمْ، فَقَالَ: «سَبَقَكَ بِهَا عُكَّاشَةُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Маған (өткен пайғамбарлар мен олардың) үмбеттері көрсетілді. Бір пайғамбарды көрдім, жанында саусақтың санына да толмайтын бірнеше адам бар. Тағы бір пайғамбардың қасында бір-екі серігі ғана қараяды. Енді бір пайғамбардың соңынан ерген бірде-бір тірі жан жоқ. Кенет көз ұшында қарасы көп топ көрінді. Мен оларды өзімнің үмбетім екен деп қалдым. Сонда маған: «Бұл – Мұса мен оның үмбеті. Сен анау көкжиекке қара», – деген дауыстан айтылған жаққа көз тастағанымда, қалың нөпір көрінді. Сөйткенше маған: «Енді келесі көкжиекке қара», – делінді. Ол жақтан да сондай қалың шоғырды көзім шалды. Сонда маған: «Міне, бұлардың барлығы – сенің үмбетің. Олардың ішінде есепке тартылмаcтан, азап шекпестен тікелей жұмаққа кіретін жетпіс мың адам бар» деп айтылды», – деді де, орнынан тұрып, үйіне кіріп кетті. Сол-ақ екен, сахабалар әлгі есепке, азапқа тартылмастан жұмаққа кіретіндердің кімдер екені жайлы әңгіме қозғай бастады. Кейбіреулер: «Мүмкін, олар Алла елшісінің сахабалары шығар», – десе, енді біреулер: «Бәлкім, олар туғаннан Исламның аясында өмір кешіп, еш уақытта Аллаға серік қоспағандар болар», – десті. Бұған қоса, басқа да түрлі пікірлер айтқандар болды. Олар осылайша қызу әңгіме үстінде отырғанда, Расулалла үйінен шығып, олардан: «Не жайлы әңгімелесіп отырсыңдар?» – деп сұрады. Сахабалар оған өздерінің қозғап отырған тақырыбы жайлы айтқанда, Расулалла: «Олар үшкіріп дуа оқымайтындар мен оқытпайтындар, ырым-жоралғыға сенбейтіндер және тек қана Раббыларына тәуекел ететіндер», – деп айтты. Сол кезде Уккаша ибн Михсан атты сахаба орнынан қарғып тұрып: «Уа, Расулалла! Менің де солардың ішінде болуым үшін Аллаға дұға етіңіз», – деді. Сонда Алла елшісі: «Сен солардың ішінде боласың», – деді. Мұны естігенде тағы бір сахаба орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Аллаға мені де солармен бірге қылуы үшін дұға етіңіз», – деді. Алла елшісі оған: «Бұл мүмкіндікті Уккаша сенен бұрын пайдаланып қойды», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 5705; Муслим: 527; Ахмад: 2448).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Мне были показаны (прежние пророки и) их общины. Я увидел одного пророка, рядом с которым находилось лишь несколько человек – их можно было пересчитать по пальцам. Рядом с другим пророком виднелись всего один-два спутника, а за ещё одним пророком не следовало ни одной живой души. Вдруг вдали передо мной предстало великое множество людей, и я подумал, что это моя община. Однако мне было сказано: ‘Это Муса и его община. Посмотри на тот горизонт’. Я посмотрел в указанную сторону и увидел несметное множество людей. Затем мне сказали: ‘Теперь посмотри на другой горизонт’. Там я также увидел несметное множество людей. Тогда мне было сказано: ‘Все они – твоя община. Среди них есть семьдесят тысяч человек, которые войдут прямо в рай без расчёта и мучений’”.

Затем Посланник Аллаха ﷺ встал и вошёл в свой дом. Сподвижники тотчас принялись обсуждать, кто же эти люди, которые войдут в рай без расчёта и мучений. Одни говорили: “Возможно, это сподвижники Посланника Аллаха ﷺ”. Другие предполагали: “Быть может, это те, кто с рождения жил в лоне ислама и никогда не придавал Аллаху сотоварищей”. Высказывались и другие мнения.

Когда они увлечённо обсуждали это, Посланник Аллаха ﷺ вышел из дома и спросил: “О чём вы беседуете?” Сподвижники рассказали ему, что именно обсуждают. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это те, кто не читает заклинаний для исцеления и не просит других читать такие молитвы над собой, не верит в приметы и суеверия и уповает только на своего Господа”. Тогда сподвижник по имени Уккаша ибн Михсан вскочил со своего места и сказал: “О Посланник Аллаха! Помолись Аллаху, чтобы я оказался среди них”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Ты будешь среди них”. Услышав это, другой сподвижник также поднялся и сказал: “О Посланник Аллаха! Помолись Аллаху, чтобы Он и меня сделал одним из них”. Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Уккаша уже воспользовался этой возможностью раньше тебя”» (Аль-Бухари: 5705; Муслим: 527; Ахмад: 2448).