Хадис

Риядус-салихин, № 595

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
68. Күнә атаулыдан және күмәнді нәрселерден бойды аулақ ұстау жайында
Нөмірі
№ 595 (қазақша басылым реті)
595
Риядус-салихин, № 595Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ لأبي بَكر الصديق غُلَامٌ يُخْرِجُ لَهُ الْخَرَاجَ، وَكَانَ أَبُو بَكْرٍ يَأكُلُ مِنْ خَرَاجِهِ، فَجَاءَ يَوْمًا بِشَيْءٍ، فَأكَلَ مِنْهُ أَبُو بَكْرٍ، فَقَالَ لَهُ الْغُلَامُ: تَدْرِى مَا هَذَا؟ فَقَالَ أَبُو بكر: وَمَا هُوَ؟ قَالَ: كُنْتُ تَكَهَّنْتُ لإِنْسَانٍ فِى الْجَاهِلِيَّةِ وَمَا أُحْسِنُ الْكَهَانَةَ، إِلَّا أنّي خَدَعْتُهُ، فَلَقِيَنِى، فَأعْطَانِى لِذَلِكَ، هَذَا الَّذِى أكَلْتَ مِنْهُ، فَأدْخَلَ أَبُو بَكْرٍ يَدَهُ فَقَاءَ كُلَّ شَيْءٍ فِى بَطْنِهِ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Әбу Бәкір әс-Сыддықтың (р.а.) еңбек етіп, тапқан табысының бір бөлігін құл салығы ретінде төлеп тұратын басыбайлы құлы бар еді. Әбу Бәкір болса, құлының төлеген салығын өзіне азық ететін. Бір күні құлы әдеттегідей оған азық әкелді. Әбу Бәкір құлының әкелгенімен тамақтанып алған соң, құлы одан: «Сізге әкелгенімнің не екенін білесіз бе?» – деп сұрады. Әбу Бәкір: «Ол не еді?» – деді. Сонда құлы: «Жәһилият дәуірінде бәлендей бал аша алмасам да, біреуге бал ашып беріп, аңқаулығын пайдаланып, азын-аулақ қаражат түсіргенмін. Бүгін сол кісімен кездесіп қалып, сондағы салған құмалақтың ақысын алдым. Сіз жеген асты сол қаражатқа сатып алған едім», – деді. Мұны естіген Әбу Бәкір дереу саусағын тамағына жүгіртіп, ішкен-жегенін түгелдей ақтарып тастады», – деп айтты (Бұхари: 3842).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «У Абу Бакра ас-Сиддика (да будет доволен им Аллах) был раб, который трудился и отдавал ему часть своего заработка в качестве оброка. Абу Бакр питался тем, что раб приносил ему в счёт этого оброка. Однажды раб, как обычно, принёс ему еду. Когда Абу Бакр поел принесённого, раб спросил его: “Знаете ли вы, что именно я вам принёс?” Абу Бакр спросил: “Что же это было?” Раб ответил: “Во времена джахилии я, хотя и не умел как следует гадать, погадал одному человеку и обманул его, воспользовавшись его простодушием. Сегодня я встретил того человека и получил от него плату за то давнее гадание. Еду, которую вы съели, я купил на эти деньги”. Услышав это, Абу Бакр тотчас засунул палец в горло и изверг из себя всё съеденное и выпитое» (Аль-Бухари: 3842).