Хадис

Риядус-салихин, № 568

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
62. Өзінен гөрі өзгенің қамын көбірек ойлап, мұқтаж жандарға сүйеніш болу
Нөмірі
№ 568 (қазақша басылым реті)
568
Риядус-салихин, № 568Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سهل بْنِ سعدٍ أَنَّ أمْرَأَةً جَاءَتْ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِبُرْدَةٍ مَنْسُوجَةٍ، فَقَالَتْ: نَسَجْتُها بِيَدَيَّ لأَكْسُوكَهَا، فَأَخَذَهَا النَّبِيُّ ﷺ مُحْتَاجًا إِلَيْهَا، فَخَرَجَ إِلَيْنَا وَإِنَّهَا إِزَارُهُ، فَقَالَ فُلَانٌ: اكْسُنِيهَا مَا أَحْسَنَهَا! فَقَالَ: «نَعَمْ» فَجَلَسَ النَّبِيُّ ﷺ فِى الْمَجْلِسُ، ثُمَّ رَجَعَ فَطَواهَا، ثُمَّ أَرْسَلَ بِهَا إِلَيْهِ: فَقَالَ لَهُ الْقَومُ: مَا أَحْسَنْتَ! لَبِسَهَا النَّبِيُّ ﷺ مُحتَاجًَا إِلَيْهَا، ثُمَّ سَأَلْتَهُ وَعَلِمْتَ أَنَّهُ لَا يَرُدُّ سَائِلًا، فَقَالَ: إِنِّى وَاللَّهِ مَا سَأَلْتُهُ لألْبِسَهَا، إِنَّمَا سَأَلْتُهُ لِتَكُونَ كَفنِى. قَالَ سَهْلٌ: فَكَانَتْ كَفَنَهُ

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Күндердің күнінде бір әйел Алла елшісіне ﷺ: «Мынаны сіз кисін деп өз қолыммен тоқыдым», – деп қолдан тоқылған шапан тарту етеді. Пайғамбарымызға шапан қажет болғандықтан, сыйлықтан бас тарта алмады. Расулалла әлгі шапанды белінен төмен орап, біздің алдымызға киіп шыққанда, арамыздан біреу: «Қандай әдемі! Мынаны маған сыйлаңызшы», – деді. Пайғамбарымыз оған: «Жарайды», – деді де, жамағатпен бірге біраз отырған соң, үйіне кіріп, шапанын бүктеп, әлгі кісіге беріп жіберді. Сонда Пайғамбарымызға қолқа салған әлгі адамның бұл әрекетін ерсі көрген жамағат оны: «Сен дұрыс істемедің! Пайғамбарымыз бұны өзіне қажет болған соң алып, киіп еді. Ал сен оның сұрағанға жоқ демейтінін біле тұра, сұрадың», – деп жазғырды. Сонда ол: «Алланың атымен ант етейін! Мен оны кию үшін емес, (тәбәрік ретінде) өзіме кебін болсын деп, аттай қалап, сұрап алдым», – деп жауап берді. Шынымен де сол шапан кейін оған кебін болды», – деп айтты (Бұхари: 1277; Ахмад: 22825)

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды одна женщина преподнесла Посланнику Аллаха ﷺ собственноручно сотканную накидку, сказав: “Я соткала её своими руками, чтобы вы носили её”. Поскольку Пророк ﷺ нуждался в накидке, он не стал отказываться от подарка. Когда Посланник Аллаха ﷺ вышел к нам, обернув этой накидкой нижнюю часть тела, один из присутствовавших сказал: “Какая красивая! Подарите её мне”. Пророк ﷺ ответил ему: “Хорошо”. Посидев некоторое время вместе с собравшимися, он вошёл домой, сложил накидку и отправил её тому человеку. Собравшиеся сочли просьбу этого человека неуместной и стали укорять его: “Ты поступил неправильно! Пророк ﷺ принял и надел эту накидку, потому что нуждался в ней. А ты попросил его, хотя знал, что он никому не отказывает в просьбе”. Тот ответил: “Клянусь Аллахом! Я попросил её не для того, чтобы носить, а потому, что горячо желал, чтобы она (в надежде обрести благодать) стала моим саваном”. И впоследствии эта накидка действительно стала его саваном» (Аль-Бухари: 1277; Ахмад: 22825).