عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى -رضي الله عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «إِنَّ الدُّنْيَا حُلْوَةٌ خَضِرةٌ وإِنَّ اللَّهَ مُسْتَخْلِفُكُمْ فِيهَا فَيَنْظُرَ كَيفَ تَعْمَلُونَ فَاتَّقُوا الدُّنْيَا وَاتَّقُوا النِّسَاء فَإِنَّ أَوَّلَ فِتْنَةِ بَنِى إِسرائيلَ كَانَتْ فِى النِّسَاءِ»
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, бұл дүние өте тәтті, әрі көздің жауын алатын көкорай шалғын сияқты (яғни, бұл дүние тым тартымды). Шынында, Алла сендерді осы дүниеде халифа етіп, не істеп, не қойып жатқандарыңды бақылауда, сондықтан жалған дүние мен әйелдер қауымынан сақ болыңдар! Өйткені Исрайылұлдарының басына келген ең әуелгі сынақ пен адасушылықтың себебі әйелдер болған еді», – деп айтты», – деген. (Муслим: 6948; Ахмад: 11143).
Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, этот мир сладок и подобен зелёному лугу, услаждающему взор (то есть этот мир чрезвычайно привлекателен). Поистине, Аллах сделал вас преемниками в этом мире и наблюдает за тем, что вы совершаете, а от чего воздерживаетесь. Поэтому остерегайтесь этого бренного мира и женщин! Ведь женщины стали причиной первого испытания и заблуждения, постигших сынов Исраиля» (Муслим: 6948; Ахмад: 11143).
Түсіндірме (қазақша)
Хадистегі «әйелдер қауымынан сақ болыңдар» деген сөздің мағынасы – әйелдердің бұзылуына жол бермеңдер немесе әйелдерді бұзбаңдар, егер әйелдер қауымы өздерінің жаратылыс мақсатынан ауытқып, бұзылатын болса, онда ер адамдар да оңбайды, олар да нәпсіге еріп азғындап, бұзылады, нәтижеде бүкіл қоғам және өскелең ұрпақ бұзылып, арсыздық пен азғындықтың батпағына батады. Сондықтан нәзік жанды әйел баласының ар-намысы, тәлім-тәрбиесі, отбасы мен қоғамдағы орны және т.б. құқықтары мәселесінде абай болыңдар. Әйелді аяулы ана, адал жар, отбасының жылуы мен ұйытқысы болу сынды ең басты жаратылыс мақсатынан ауытқытып, қу нәпсілеріңді тояттандыратын құралға, түрлі жарнамалардың құралына, т.б. дүниелік мақсат-мүдделердің құралына айналдырудан сақ болыңдар. Егер ерлер де, әйелдер де Алланың шариғатына сай бой түзеп, өмір сүрсе, өздерінің әубастағы жаратылыс мақсаты мен дүниеге келудегі миссиясына сай әрекет еткен болады.
Түсіндірме (орысша)
смысл слов хадиса «остерегайтесь женщин» состоит в следующем: не допускайте нравственного разложения женщин и сами не развращайте их. Если женщины отклонятся от цели своего сотворения и подвергнутся нравственному разложению, то и мужчин не ждёт ничего хорошего: следуя своим низменным страстям, мужчины также впадут в распущенность и разврат. В результате всё общество, в том числе подрастающее поколение, погрузится в трясину бесстыдства и нравственного разложения. Поэтому будьте осмотрительны в вопросах, касающихся чести и достоинства женщины, её воспитания, положения в семье и обществе, а также других её прав. Остерегайтесь уводить женщину от её главного предназначения – быть нежно любимой матерью, верной супругой, источником тепла и объединяющим началом семьи – и превращать её в средство удовлетворения собственных низменных страстей, в орудие всевозможной рекламы и в средство достижения иных мирских целей и интересов. Если и мужчины, и женщины будут строить свою жизнь в соответствии с шариатом Аллаха, то тем самым они будут следовать своему изначальному предназначению, ради которого были сотворены, и исполнять миссию, с которой пришли в этот мир.