Хадис

Риядус-салихин, № 538

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
57. Қанағатшыл, қарапайым болу, ысырапшыл болмау керектігі жайында
Нөмірі
№ 538 (қазақша басылым реті)
538
Риядус-салихин, № 538Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْمسكينُ الَّذِى يَطُوفُ عَلَى النَّاسِ تَرُدُّهُ اللُّقْمَةُ وَاللُّقْمَتَانِ، وَالتَّمْرَةُ وَالتَّمْرَتَانِ، وَلكِنَّ الْمِسكينَ الَّذِى لَا يَجِدُ غِنىً يُغْنِيهِ، وَلَا يُفْطَنُ لَهُ فَيُتَصَدَّقُ عَلَيْهِ، وَلَا يَقُومُ فَيَسْألَ النَّاسَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Нағыз мұқтаж – адамдарды шыр айнала қол жайып қайыр тілеген, әрі бір-екі құрма немесе бір-екі түйір дәммен қайтарылатын адам емес. Нағыз мұқтаж – шынымен жағдайы жоқ болса да, жағдайының жоқ екенін ешкім білмегендіктен садақа берілмейтін, соған қарамастан адамдарға қол жайып қайыр тілемеген жан», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 1479; Муслим: 2393; Ахмад: 7539).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Истинно нуждающийся – не тот, кто обходит людей, протягивая руку, и кого они отпускают, дав один-два финика или один-два кусочка пищи. Истинно нуждающийся – тот, у кого действительно нет средств, но люди не знают о его нужде и потому не подают ему милостыню, а сам он, несмотря на это, не протягивает к ним руку и ничего не просит» (Аль-Бухари: 1479; Муслим: 2393; Ахмад: 7539).