Хадис

Риядус-салихин, № 525

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
57. Қанағатшыл, қарапайым болу, ысырапшыл болмау керектігі жайында
Нөмірі
№ 525 (қазақша басылым реті)
525
Риядус-салихин, № 525Риуаят етуші: Хаким ибн Хизам

عَنْ حكيم بْنِ حزام قَالَ: سألتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ فَأعْطَانِى، ثُمَّ سَأَلْتُهُ فَأَعْطَانِى، ثُمَّ سَأَلْتُهُ فَأعْطَانِى، ثُمَّ قَالَ: «يَا حَكِيم، إِنَّ هَذَا الْمَالَ خَضِرٌ حُلْوٌ، فَمَنْ أَخَذَهُ بِسَخَاوَةِ نَفسٍ بُورِكَ لَهُ فِيهِ، وَمَنْ أَخَذَهُ بإِشرافِ نَفسٍ لَمْ يُبَارَكْ لَهُ فِيهِ، وَكَانَ كَالَّذِى يَأكُلُ وَلَا يَشْبَعُ، وَاليَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى» قَالَ حكيم: فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَالَّذِى بَعَثَكَ بِالحَقِّ لَا أرْزَأُ أَحَدًا بَعْدَكَ شَيْئًا حَتَّى أُفَارِقَ الدُّنْيَا، فَكَانَ أَبُو بَكْرٍ يَدْعُو حَكيمًا لِيُعْطِيَه الْعَطَاء، فَيَأبَى أَنْ يَقْبَلَ مِنْهُ شَيْئًا، ثُمَّ إِنَّ عُمَرَ دَعَاهُ لِيُعْطِيَه فَأَبَى أَنْ يَقْبَلَهُ. فَقَالَ: يَا مَعْشَرَ الْمُسْلِمِينَ، أُشْهِدُكُمْ عَلَى حَكيمٍ أنّي أعْرِضُ عَلَيْهِ حَقَّهُ الَّذِى قَسَمَهُ اللَّهُ لَهُ فِى هَذَا الْفَيء فَيَأبَى أَنْ يَأْخُذَهُ. فَلَمْ يَرْزَأْ حَكيمٌ أَحَدًا مِنَ النَّاسِ بَعْدَ النَّبِيّ ﷺ حَتَّى تُوُفِّي

Қазақша аудармасы

Хаким ибн Хизам (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ бұйымтай айта барғанымда, сұрағанымды берді. Екінші мәрте тағы бұйымтай сұрап барып едім, тағы берді. Кейін тағы сұрағанымда, бұл жолы да қолымды бос қайтармады. Соңында маған: «Уа, Хаким! Бұл дүние-мүлік дегенің (құдды пісіп тұрған жемістей) көздің құрты һәм тым тәтті. Кімде-кім дүниеге құнықпай, оны кеңпейілдікпен тапса, берекелі болады. Ал кімде-кім оның соңына түсіп, ашкөздікпен олжаласа, берекесі қашады. Ондай адамдар қанша жесе де тоймайтын қомағай секілді. (Есіңде болсын!) Жоғары (береген) қол төмен (алаған) қолдан әлдеқайда қайырлы», – деп айтты.

Бұл насихатты естігенде мен: «Уа, Расулалла! Сізді хақ дінмен жіберген Аллаға ант етейін, ендігі жерде бұл дүниеден озғанша сізден басқадан ештеңе алмаспын», – дедім. (Арада біраз уақыт өтті). Мұсылмандардың әміршісі Әбу Бәкір (р.а.) қазынадан үлес беру үшін Хакимді арнайы шақыратын еді. Алайда Хаким оны алудан түбегейлі бас тартатын. Кейін әзірет Омар да (р.а.) оған (қазынадан тиесілі үлесін) беру үшін шақырған еді. Алайда Хаким бұл жолы да үзілді-кесілді бас тартты. Сонда әзірет Омар елге жар салып: «Уа, мұсылман қауымы! Өздерің куәсіңдер. Мен Хакимге олжадан Алла белгілеген үлесін бермекші едім, бірақ ол алғысы келмей бас тартты», – деді.

Расында да, Хаким Пайғамбарымыздан кейін өмірден өткенше ешкімнен ештеңе алмады», – деген (Бұхари: 1472; Муслим: 2387; Ахмад: 15321).

Орысша аудармасы

Хаким ибн Хизам (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ с просьбой, и он дал мне то, о чём я просил. Затем я вновь обратился к нему с просьбой, и он снова дал мне. Когда же я попросил его в третий раз, он и на этот раз не отпустил меня с пустыми руками. После этого он сказал мне: “О Хаким! Поистине, богатство это (подобно спелому плоду) радует глаз и очень сладко. Если человек обретает его без алчности, с широкой душой, оно становится для него благословенным. Если же он гонится за ним и приобретает его с жадностью, оно лишается благодати. Такой человек подобен ненасытному, который, сколько бы ни ел, не может насытиться. (Запомни!) Верхняя (дающая) рука намного лучше нижней (берущей)”.

Услышав это наставление, я сказал: “О Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, Который послал тебя с истинной религией, отныне и до самой смерти я ни у кого, кроме тебя, ничего не возьму”».

Прошло некоторое время. Повелитель мусульман Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) специально призывал Хакима, чтобы выдать ему полагавшуюся долю из казны, однако Хаким решительно отказывался её принимать. Позднее Умар (да будет доволен им Аллах) также призвал его, чтобы отдать ему (полагавшуюся из казны долю), но Хаким и на этот раз наотрез отказался. Тогда Умар объявил людям: «О мусульмане! Будьте свидетелями: я хочу отдать Хакиму установленную Аллахом долю из добычи, но он отказывается её принимать».

И действительно, после Пророка ﷺ Хаким до самой смерти ничего ни у кого не брал (Аль-Бухари: 1472; Муслим: 2387; Ахмад: 15321).