عَنْ إِبراهيم بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَان بْنِ عوف: أَنَّ عَبْد الرَّحْمَان بْنِ عوف أُتِيَ بطعام وكان صائِمًا، فَقَالَ: قُتِلَ مُصْعَبُ بْنِ عُمَيْر، وَهُوَ خَيْرٌ مِنِّى، فَلَمْ يوجَدْ له مَا يُكَفَّنُ فيهِ إِلَّا بُرْدَةٌ إِنْ غُطِّيَ بِهَا رَأسُهُ بَدَتْ رِجْلاهُ؛ وَإِنْ غُطِّيَ بِهَا رِجْلَاهُ بَدَا رَأسُهُ، ثُمَّ بُسِطَ لَنَا مِنَ الدُّنْيَا مَا بُسِطَ – أَو قَالَ: أُعْطِينَا مِنَ الدُّنْيَا مَا أُعْطِينَا – قَدْ خَشِينا أَنْ تَكُونَ حَسَنَاتُنَا عُجِّلَتْ لَنَا، ثُمَّ جَعَلَ يَبكِى حَتَّى تَرَكَ الطعَام
Абдуррахман ибн Ауфтың ұлы Ибраһим (р.а.): «Бір күні әкем Абдуррахман ауыз бекіткен еді. Ауыз ашатын уақыт келіп, алдына ас қойылғанда, ол: «Мұсғаб ибн Умәйр (р.а.) Алла жолында шейіт болды. Ол менен де жақсы адам еді. Соған қарамастан, оның сүйегін жер қойнына тапсырарда кебіндеуге жалғыз шапанынан басқа еш нәрсе табылмады. Сол шапанмен марқұмның басы жабылса, аяғы ашылып, аяғы жабылса, басы ашылып қалатын. Содан кейін, қысылтаяң күндер артта қалып, ағыл-тегіл нығметке бөлендік, сондықтан істеген игі істеріміздің қарымы бізге осы дүниеде беріліп қойды ма деп қорқамыз», – деп, еңкілдеп жылап, сол күйі алдындағы асқа да қараған жоқ», – деп айтты (Бұхари: 1285).
Сын Абдуррахмана ибн Ауфа Ибрахим (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мой отец Абдуррахман держал пост. Когда настало время разговения и перед ним поставили еду, он сказал: “Мусаб ибн Умайр (да будет доволен им Аллах) пал мучеником на пути Аллаха. Он был лучше меня. Однако, когда его предавали земле, для савана не нашлось ничего, кроме одной накидки. Если ею покрывали его голову, обнажались ноги, а если покрывали ноги, оставалась открытой голова. Затем тяжёлые времена остались позади, и на нас обильно излились блага. Поэтому мы боимся, не получили ли уже в этом мире воздаяние за совершённые нами благие дела”. Сказав это, он горько разрыдался и так и не притронулся к стоявшей перед ним еде» (Аль-Бухари: 1285).