عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْجَنَّةُ أَقْرَبُ إِلَى أَحَدِكُمْ مِنْ شِرَاكِ نَعْلِهِ، وَالنَّارُ مِثْلُ ذَلِكَ»
Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Жұмақ сендерге аяқ-киімдеріңнің бауынан да жақын. Тозақ та дәл сондай жақын», – деп айтты» – деген. (Бұхари: 6488; Ахмад: 3667)
Передают со слов Ибн Масуда (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Рай ближе к вам, чем шнурок вашей обуви. И ад так же близок» (Аль-Бухари: 6488; Ахмад: 3667).
Түсіндірме (қазақша)
Яғни, ажал пендеге қалай жақын болса, жұмақ пен тозақ та сондай жақын. Адам баласы иман, ниет, игі іс және құлшылық арқылы жұмаққа барар жолға түсетіні секілді, тойымсыз нәпсінің қалаулары мен тән құмарлықтарының соңында кету арқылы да тозаққа кіруге лайық болады. Һәм адам баласы қандай ісімен жұмаққа немесе қай ісімен тозаққа кіретінінен бейхабар, сондықтан пенде мен жұмақтың немесе тозақтың арасында оның ажал сәті соққанда қандай жағдайда немесе қандай іс үстінде дүниеден озатындығы тұрады. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың ﷺ: «Адам баласы қандай іс үстінде көз жұмса, сондай жағдайда қайта тіріледі», – деп айтқаны да бар.
Түсіндірме (орысша)
рай и ад так же близки к человеку, как близка к нему смерть. Подобно тому как человек благодаря вере, намерению, благим делам и поклонению вступает на путь, ведущий в рай, он может стать достойным ада, следуя ненасытным желаниям своей низменной души и телесным страстям. Человеку неведомо, за какое своё деяние он войдёт в рай и за какое попадёт в ад. Поэтому от рая или ада его отделяет лишь то, в каком состоянии и за каким делом застанет его смертный час. В связи с этим Пророк ﷺ также сказал: «В каком состоянии человек умрёт, в таком он и будет воскрешён».