Хадис

Риядус-салихин, № 397

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
50. Алладан қорқу жайында
Нөмірі
№ 397 (қазақша басылым реті)
397
Риядус-салихин, № 397Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: حدثنا رَسُول اللَّهِ ﷺ وَهُوَ الصادق الْمصدوق: «إِنَّ أَحَدَكُمْ يُجْمَعُ خَلْقُهُ فِى بَطْنِ أُمِّهِ أربَعِينَ يَوْمًا نُطْفَةً، ثُمَّ يَكُونُ عَلَقَةً مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ يَكُونُ مُضْغَةً مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ يُرْسَلُ الْمَلَكُ، فَيَنْفُخُ فِيهِ الرُّوحَ، وَيُؤْمَرُ بِأَرْبَعِ كَلِمَاتٍ: بِكَتْبِ رِزْقِهِ وَأجَلِهِ وَعَمَلِهِ وَشَقِيٌّ أَوْ سَعِيدٌ. فَوَالَّذِى لَا إِلَهَ غَيْرُهُ إِنَّ أَحَدَكُمْ لَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ حَتَّى مَا يَكُونُ بَيْنَهُ وبيْنَهَا إِلَّا ذِرَاعٌ فَيَسْبِقُ عَلَيْهِ الْكِتَابُ، فَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ فَيدْخُلُهَا، وَإِنَّ أَحَدَكُمْ لَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ حَتَّى مَا يَكُونُ بَيْنَهُ وَبَيْنَهَا إِلَّا ذراعٌ، فَيَسْبِقُ عَلَيْهِ الْكِتَابُ فَيعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ فَيَدْخُلُهَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Шыншыл әрі шыншылдығы расталған Алла елшісі ﷺ: «Расында, әрбіріңнің жаратылудағы алғашқы қалпы ананың құрсағында қырық күндей бір тамшы ұрық күйінде болады. Одан кейінгі қырық күндік мерзімде тамшы ұйыған қанға (яғни, ұйыған қаннан түзелген жасушаға) айналады. Одан кейінгі қырық күннің ішінде бір кесек етке (яғни, бір шайнам етке ұқсаған эмбрионға) айналады. Содан соң Алла Тағала оған періште жібереді. Әлгі періште оған жан үрлеп, пешенесіне төрт нәрсені: ризығын, қанша уақыт өмір сүретінін, істерін және бақытты немесе бақытсыз (түбінде жұмақтық немесе тозақтық) болатыны жайлы жазып қояды. Одан өзге ешбір тәңір болмаған Алланың атымен ант етейін! Расында, іштеріңдегі әлдебіреу өмір бойы жұмақтықтардың (сауапты) істерін істеп жүріп, жұмаққа жетуге бір шынтақ қалғанда, жазмыштан озмыш жоқ дегендей, өмірінің соңғы сәтінде тозақтықтардың ісін істеп, сол күйі тозаққа тасталады. Сондай-ақ араларыңдағы әлдебіреу өмір бойы тозақтықтардың (жаман) істерін істеп жүріп, тозаққа кіруге бір шынтақ қалғанда, әу баста жазылған жазмышына орай өмірінің соңғы сәтінде жұмақтықтардың (сауапты) ісін істеп, жұмаққа кіреді», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3208; Муслим: 6723; Ахмад: 3934)

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Правдивый и подтверждённый в своей правдивости Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, первоначальное формирование каждого из вас происходит в материнской утробе: около сорока дней он пребывает там в виде капли семени. В течение следующих сорока дней эта капля превращается в сгусток крови (то есть в клеточное образование, сформировавшееся из сгустка крови). Затем, в течение последующих сорока дней, он превращается в кусочек плоти (то есть в эмбрион, похожий на разжёванный кусочек мяса). После этого Аллах Всевышний посылает к нему ангела. Ангел вдыхает в него душу и записывает в его судьбе четыре вещи: его удел, продолжительность его жизни, его деяния, а также то, будет ли он счастливым или несчастным (то есть окажется ли в конечном итоге обитателем рая или ада).

Клянусь Аллахом, кроме Которого нет иного божества! Поистине, кто-нибудь из вас может всю жизнь совершать дела обитателей рая (то есть благие дела), но, когда до рая ему останется всего один локоть, предначертанного не миновать: в последний миг своей жизни он совершит дело обитателей ада и будет брошен в ад. И точно так же кто-нибудь из вас может всю жизнь совершать дела обитателей ада (то есть дурные дела), но, когда до ада ему останется всего один локоть, согласно изначально начертанной ему судьбе, в последний миг своей жизни он совершит дело обитателей рая и войдёт в рай”» (Аль-Бухари: 3208; Муслим: 6723; Ахмад: 3934).