Хадис

Алланың пендесіне деген сүйіспеншілігі жайында

О любви Аллаха к Своему рабу

Риядус-салихин, 47-тақырып · 3 хадис · № 387–389

Хадистер

«قُلْ إِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِى يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ» «Егер Алланы жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Алла –Ғафур (өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)!» («Әли Имран» сүресі, 31-аят).

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا مَنْ يَرْتَدَّ مِنْكُمْ عَنْ دِينِهِ فَسَوْفَ يَأْتِى اللَّهُ بِقَوْمٍ يُحِبُّهُمْ وَيُحِبُّونَهُ أَذِلَّةٍ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ أَعِزَّةٍ عَلَى الْكَافِرِينَ يُجَاهِدُونَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ وَلا يَخَافُونَ لَوْمَةَ لائِمٍ ذَلِكَ فَضْلُ اللَّهِ يُؤْتِيهِ مَنْ يَشَاءُ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ» «Уа, иман келтіргендер! Араларыңнан кімде-кім дінінен безетін болса, Алла олардың орнына басқа қауым әкеледі. Алла оларды, олар да Алланы жақсы көреді. Олар мүміндерге өте кішіпейіл, кәпірлерге өктем болады. Алла жолында аянбай, тынбай күрес жүргізеді және жазғырушылардың жазғыруынан қорықпайтын болады. Міне, бұл – Алланың қалаған пендесіне ғана беретін шарапаты. Алла – Уасиғ (Кең), Алим (бәрін білуші)!» («Мәида» сүресі, 54-аят).

«Скажи: “Если вы любите Аллаха, то следуйте за мной. Тогда полюбит вас Аллах и простит вам грехи. Ведь Аллах – Прощающий, Милосердный”» (сура «Али Имран», 3:31).

«О те, кто уверовал! Если кто-нибудь из вас отречется от своей веры, то знайте, что Аллах приведет взамен других людей, которых Он любит и которые любят Его. Они скромны с верующими, а к неверным сильны и полны достоинства. И будут они сражаться на пути Аллаха и не будут бояться порицания порицающих. Это – щедрость Аллаха, которую Он дарует тому, кому пожелает. Аллах – Объемлющий, Знающий» (сура «Маида», 5:54).

387
Риядус-салихин, № 387Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَالَ: مَنْ عَادَى ليَ وَلِيًّا، فَقَدْ آذَنْتُهُ بِالحَرْبِ، وَمَا تَقَرَّبَ إِلَيَّ عَبْدِى بِشَيْءٍ أَحَبَّ إِلَيَّ مِمَّا افْتَرَضْتُ عَلَيْهِ، وَمَا يَزالُ عَبْدِى يَتَقَرَّبُ إِلَيَّ بِالنَّوَافِلِ حَتَّى أُحِبَّهُ، فَإِذَا أَحْبَبْتُهُ، كُنْتُ سَمْعَهُ الَّذِى يَسْمَعُ بِهِ، وَبَصَرَهُ الَّذِى يُبْصِرُ بِهِ، ويَدَهُ الَّتِى يَبْطِشُ بِهَا، وَرجْلَهُ الَّتِى يَمْشِى بِهَا وَإِنْ سَأَلَنِى أعْطَيْتُهُ، وَلَئِن اسْتَعَاذَنِى لأعِيذَنَّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Расулалла ﷺ: «Алла Тағала: «Кімде-кім әулие құлыма дұшпандық жасаса, оған қарсы соғыс жариялаймын. Пендем өзіне парыз етілген құлшылықтардан өзге Маған ұнайтын ешбір іспен (Маған) жақындаған емес1. Сондай-ақ ол қосымша нәпіл ғибадаттарын жасаған сайын, Маған жақындай түсіп, соңында сүйіспеншілігіме бөленеді. Егер оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын2. Мұндай пендем Менен не тілесе де беремін. Маған сиынып, пана тілесе, міндетті түрде қорғаны боламын», – деп айтты» – деген (Бұхари: 6502).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний сказал: “Кто проявит вражду к одному из Моих приближённых рабов, тому Я объявлю войну. Мой раб не приближается (ко Мне) посредством какого-либо деяния, более любимого Мною, чем предписанные ему обязательные поклонения1. И Мой раб продолжает приближаться ко Мне, совершая дополнительные добровольные поклонения, пока не удостоится Моей любви. Когда же Я полюблю его, то стану его слухом, которым он слышит, зрением, которым он видит, рукой, которой он берёт, и ногой, которой он ходит2. Если такой Мой раб попросит Меня о чём-либо, Я непременно дарую ему это. Если же он обратится ко Мне, прося защиты, Я непременно защищу его”» (Аль-Бухари: 6502).

  1. 1Пендемнің Маған жақындау үшін істеген игі істерінің ішіндегі Мен үшін ең сүйіктісі – оған парыз болған құлшылықтар.
  2. 2Яғни, оның әрбір ісі, тіпті әрбір іс-қимылы Алланың жарылқауы мен шарапатына бөленетін болады.
  1. 1Из всех благих дел, посредством которых Мой раб стремится приблизиться ко Мне, наиболее любимы Мною предписанные ему обязательные поклонения.
  2. 2То есть каждое его дело и даже каждое движение будут осенены милостью и благоволением Аллаха.
388
Риядус-салихин, № 388Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَحَبَّ اللَّهُ تَعَالَى الْعَبْدَ، نَادَى جِبْرِيلَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يُحِبُّ فُلَانًا، فَأَحْبِبْهُ، فَيُحِبُّهُ جِبْرِيلُ، فَيُنَادِى فِى أَهْلِ السَّمَاءِ: إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ فُلَانًا، فَأحِبُّوهُ، فَيُحِبُّهُ أَهْلُ السَّمَاءِ، ثُمَّ يُوضَعُ لَهُ الْقَبُولُ فِى الْأَرْضِ» مُتَّفَقٌ عليه. وَفِى رِوَايَة لمسلم: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى إِذا أحب عَبْدًا دعا جبرِيلَ، فَقَالَ: إِنِّى أُحِبُّ فُلَانًا فأحببهُ، فيحبُّهُ جِبْرِيلُ، ثمَّ ينادي فِى السماءِ، فيَقُولُ: إِنَّ اللَّهَ يحبُّ فُلَانًا فأحبوهُ، فيحبُّهُ أَهْلُ السماءِ، ثمَّ يوضعُ لهُ الْقبولُ فِى الْأَرْضِ، وَإِذَا أبْغَضَ عَبْدًا دَعَا جِبْرِيلَ، فَيَقُولُ: إِنِّى أُبْغِضُ فُلَانًا فَأبْغِضْهُ. فَيُبغِضُهُ جِبْرِيلُ ثُمَّ يُنَادِى فِى أَهْلِ السَّمَاءِ: إِنَّ اللَّهَ يُبْغِضُ فُلَانًا فَأبْغِضُوهُ، ثُمَّ تُوضَعُ لَهُ الْبَغْضَاءُ فِى الْأَرْضِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала бір пендесін жақсы көрсе, Жәбірейіл періштені шақырып: «Мен пәленше деген пендемді жақсы көремін, сен де оны жақсы көр», – деп бұйырады. Жәбірейіл періште бұл бұйрыққа бірден бойсұнып, Алланың жақсы көрген әлгі пендесін ол да жақсы көретін болады. Содан ол көктегілерге: «Алла Тағала пәленше деген пендесін жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер!» – деп жар салады. Мұны естіген көктегі періштелер де әлгі адамды жақсы көре бастайды. Сөйтіп, ол жер бетінде де (адамдардың) ілтипатына бөленеді. Сондай-ақ Хақ Тағала бір пендесін жек көрсе, Жәбірейіл періштені шақырып: «Мен пәленше деген пендемді жек көремін, сен де оны жек көретін бол», – деп бұйырады. Жәбірейіл періште бұл бұйрыққа дереу бойсұнып, әлгі адамды жек көретін болады. Сөйтіп, ол көктегілерге: «Алла Тағала пәленше деген пендесін жек көреді, сендер де оны жек көріңдер!» – деп жар салады. Содан бастап әлгі адам жер бетінде де (адамдарға) жеккөрінішті пендеге айналады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 32090; Ахмад: 8500).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Когда Аллах Всевышний любит кого-либо из Своих рабов, Он призывает ангела Джибрила и повелевает: “Я люблю такого-то из Моих рабов, полюби же и ты его”. Джибрил тотчас повинуется этому велению и тоже начинает любить того раба, которого возлюбил Аллах. Затем он возглашает обитателям небес: “Аллах Всевышний любит такого-то из Своих рабов, полюбите же и вы его!” Услышав это, небесные ангелы также начинают любить этого человека, и он удостаивается расположения (людей) и на земле.

Если же Аллах Всевышний возненавидит кого-либо из Своих рабов, Он призывает ангела Джибрила и повелевает: “Я ненавижу такого-то из Моих рабов, возненавидь же и ты его”. Джибрил тотчас повинуется этому велению и начинает ненавидеть этого человека. Затем он возглашает обитателям небес: “Аллах Всевышний ненавидит такого-то из Своих рабов, возненавидьте же и вы его!” С этого времени тот человек становится ненавистен (людям) и на земле» (Аль-Бухари: 32090; Ахмад: 8500).

389
Риядус-салихин, № 389Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بعث رجلًا عَلَى سَرِيَّة فَكَانَ يَقْرَأُ لأَصْحَابِهِ فِى صَلَاتِهِمْ فَيَخْتِمُ بـ «قُل هُوَ اللَّه أَحَدٌ»، فَلَمَّا رَجَعُوا ذَكَرُوا ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «سَلُوهُ لأَيِّ شَيْءٍ يَصْنَعُ ذَلِكَ»؟ فَسَألُوهُ فَقَالَ: لأَنَّهَا صِفَةُ الرَّحْمَانِ فَأَنَا أُحِبُّ أَنْ أقْرَأ بِهَا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أخْبِرُوهُ أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى يُحِبُّهُ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте, Алла елшісі ﷺ бір кісіні барлаушы жасаққа басшы етіп аттандырады. Ол жорықта жолдастарына намаз қылдырғанда үнемі: «(Оларға) айт: «Ол Алла жалғыз!» (деп басталатын Ықылас сүресін) оқып аяқтайтын болады. Жорықтан оралған соң жолдастары бұл жайлы Алла елшісіне айтады. Сонда Алла елшісі: «Одан не үшін олай істейтіні жайлы сұраңдаршы?» – деп тапсырады. Олар одан сұрағанда, ол: «Өйткені ол Рахманның сипаты ғой, сондықтан да соны оқығанды жақсы көремін», – деп жауап береді. (Мұны естігенде) Алла елшісі: «Оған Алланың оны жақсы көретінін айтыңдар», – деген екен (Бұхари: 7375; Муслим: 1890).

Орысша аудармасы

Передают со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ назначил одного человека командиром разведывательного отряда и отправил его в поход. Во время похода, проводя молитву со своими товарищами, тот всегда завершал чтение сурой «Аль-Ихляс», начинающейся словами: «Скажи (им): “Он – Аллах Един!”» (112:1). Вернувшись из похода, его товарищи рассказали об этом Посланнику Аллаха ﷺ. Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел: «Спросите его, почему он так поступает». Они спросили его, и он ответил: «Потому что в ней содержится описание Милостивого, и поэтому я люблю читать её». Посланник Аллаха ﷺ (услышав это) сказал: «Сообщите ему, что Аллах любит его» (Аль-Бухари: 7375; Муслим: 1890).