Хадис

Алла үшін жақсы көру және соған құлшындыру

О любви ради Аллаха и побуждении к ней

Риядус-салихин, 46-тақырып · 11 хадис · № 376–386

Хадистер

«مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ وَالَّذِينَ مَعَهُ أَشِدَّاءُ عَلَى الْكُفَّارِ رُحَمَاءُ بَيْنَهُمْ» «Мұхамед – Алланың елшісі! Онымен бірге болған мүміндер кәпірлерге тым қатал, ал өзара сондай мейірбан...» («Фатх» сүресі, 29-аят).

«وَالَّذِينَ تَبَوَّأُوا الدَّارَ وَالإِيمَانَ مِنْ قَبْلِهِمْ يُحِبُّونَ مَنْ هَاجَرَ إِلَيْهِمْ» «Олардан бұрын Мәдинаны мекен етіп, иман құшағына оранғандарға келсек, олар өздеріне Алла жолында қоныс аударып келген мұһажырларды шын жүректен жақсы көреді...» («Хашр» сүресі, 9-аят).

«Мухаммад – посланник Аллаха, и верующие, которые рядом с ним, суровы к неверующим, а между собой милосердны» (сура «Фатх», 48:29).

«Что до тех, кто прежде жили в Медине и предались объятиям веры, то они искренне любят мухаджиров, которые переселились к ним на пути Аллаха» (сура «Хашр», 59:9).

376
Риядус-салихин, № 376Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «ثَلَاثٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ وَجَدَ بِهِنَّ حَلاوَةَ الْإِيمَانِ: أَنْ يَكُونَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ أحَبَّ إِلَيْهِ مِمَّا سَوَاهُمَا، وَأَنْ يُحِبّ الْمَرْءَ لَا يُحِبُّهُ إِلَّا للهِ، وَأَنْ يَكْرَهَ أَنْ يَعُودَ فِى الْكُفْرِ بَعْدَ أَنْ أنْقَذَهُ اللَّه مِنْهُ، كَمَا يَكْرَهُ أَنْ يُقْذَفَ فِى النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Мына үш қасиетті бойына бірдей жиған адам шынайы иманның дәмін татады: Алланы және оның елшісін бәрінен де артық жақсы көру; біреуді жақсы көрсе, тек қана Алла разылығы үшін жақсы көру; Алла Тағала имансыздықтан құтқарған соң, сол имансыздыққа қайта оралуды отқа түсуден бетер жек көру», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 16; Муслим: 165; Ахмад: 12002).

Орысша аудармасы

Передают со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Вкус истинной веры познает тот, кто соединит в себе три качества: будет любить Аллаха и Его Посланника больше всего остального; если полюбит кого-либо, то будет любить его лишь ради довольства Аллаха; после того как Аллах Всевышний избавит его от неверия, будет ненавидеть возвращение к нему так же, как падение в огонь» (Аль-Бухари: 16; Муслим: 165; Ахмад: 12002).

377
Риядус-салихин, № 377Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّهُ فِى ظِلِّهِ يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ: إِمَامٌ عَادِلٌ، وَشَابٌّ نَشَأ فِى عِبَادَةِ اللَّه تَعَالَى، وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ بِالمَسَاجِدِ، وَرَجُلَانِ تَحَابّا فِى اللَّهِ اجْتَمَعَا عَلَيْهِ وتَفَرَّقَا عَلَيْهِ، وَرَجُلٌ دَعَتْهُ امْرَأَةٌ ذَاتُ حُسْنٍ وَجَمَالٍ، فَقَالَ: إِنِّى أخَافُ اللَّه، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ، فَأخْفَاهَا حَتَّى لَا تَعْلَمَ شِمَالُهُ مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّه خَالِيًا فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың көлеңкесінен басқа сағаларға ешбір сая табылмайтын қиямет күні Алла Тағала жеті түрлі адамды Өзінің саясына алады. Олар: әділ патша, жастығын бір Аллаға құлшылық етумен өткізген балғын жас, жүрегі «мешіт» деп соққан мүмін, бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көріп, Алла үшін бас қосып және Алла үшін айырылысқан екі дос, өзі сұлу әрі мансап иесі болған бір әйел аңсары ауып, бірге болуға шақырғанда, «Жоқ, мен Алладан қорқамын», – деп нәпсісін тізгіндей білген ер адам, оң қолының не бергенін сол қолы сезбей қалатындай дәрежеде садақасын жасырып беретін мәрт адам және жалғыз қалғанда Алланы есіне алып, көз жасын көл қылған тақуа», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «В День воскресения, когда не будет иной тени, в которой можно укрыться, кроме тени Аллаха, Аллах Всевышний укроет в Своей тени семь категорий людей. К ним относятся: справедливый правитель; юноша, посвятивший свою молодость поклонению одному Аллаху; верующий, чьё сердце бьётся любовью к мечети; двое друзей, полюбивших друг друга ради довольства Аллаха, встретившихся ради Аллаха и расставшихся ради Него; мужчина, сумевший обуздать свою страсть и сказавший: “Нет, я боюсь Аллаха”, когда красивая женщина, занимавшая высокое положение, испытывая к нему влечение, пригласила его вступить с ней в близость; щедрый человек, подающий милостыню настолько тайно, что его левая рука не знает, что дала правая; и богобоязненный человек, который, оставшись в одиночестве, вспоминает Аллаха и заливается слезами» (Аль-Бухари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).

378
Риядус-салихин, № 378Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَقُولُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: أيْنَ الْمُتَحَابُّونَ بِجَلالِى؟ الْيَوْمَ أُظِلُّهُمْ فِى ظِلِّى يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلِّى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала қиямет күні: «Менің разылығым мен ұлылығымның құрметі үшін бір-бірін жақсы көрген құлдарым қайда? Менің көлеңкемнен басқа пана болмаған осынау күні оларды Өзімнің көлеңкеме саялатамын», – деп айтады», – деген (Муслим: 6548; Ахмад: 8455).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения Аллах Всевышний скажет: “Где Мои рабы, любившие друг друга ради Моего довольства и из почтения к Моему величию? В этот День, когда нет иного укрытия, кроме Моей тени, Я укрою их в Своей тени”» (Муслим: 6548; Ахмад: 8455).

379
Риядус-салихин, № 379Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ، لَا تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ حَتَّى تُؤْمِنُوا، وَلا تُؤْمِنُوا حَتَّى تَحَابُّوا، أوَلَا أدُلُّكُمْ عَلَى شَيْءٍ إِذَا فَعَلْتُمُوهُ تَحَابَبْتُمْ؟ أفْشُوا السَّلَامَ بينكم»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Сендер толық иман келтірмейінше, жұмаққа кіре алмайсыңдар. Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша, толық иманға келмейсіңдер. Ендеше, араларыңда сүйіспеншілік тудыратын істі айтайын ба? Өзара сәлемдесіп, амандық сұрасуды кеңінен жайыңдар», – деп айтты» – делінген (Муслим: 194; Ахмад: 9709).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Клянусь Аллахом, в Чьей длани моя душа! Вы не войдёте в рай, пока не обретёте полноту веры. А полноты веры не обретёте, пока не полюбите друг друга. Так не рассказать ли вам о том, что породит между вами любовь? Широко распространяйте между собой приветствия мира и справляйтесь о благополучии друг друга» (Муслим: 194; Ахмад: 9709).

380
Риядус-салихин, № 380Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ: «أَنَّ رَجُلًا زَارَ أخًا لَهُ فِى قَرْيَةٍ أخْرَى، فَأرصَدَ اللَّهُ لَهُ عَلَى مَدْرَجَتِهِ مَلَكًا …» وذكر الْحَدِيث إِلَى قوله: «إِنَّ اللَّهَ قَدْ أحبَّكَ كَمَا أَحْبَبْتَهُ فِيهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ: «Күндердің күнінде бір кісі басқа бір ауылда тұратын діндес бауырына барып, хал-жайын сұрамақшы болады. Сонда Алла Тағала, оның жолына бір періштені қойып қояды. Әлгі жолаушы періште тұрған жерге жеткенде, періште одан: «Қайда бара жатырсың?» – деп сұрайды. Жолаушы: «Анау ауылда тұратын бауырыма бара жатырмын», – деп жауап береді. Періште оған: «Сенің оған бұрын-соңды жасаған қандай да бір жақсылығың бар ма еді? Бәлкім, соның қарымын алуға бара жатқан боларсың?» – дейді. Сонда жолаушы оған: «Жо-жоқ, мен оны тек қана Алла Тағала үшін жақсы көремін», – дейді. Сол кезде періште оған: «Шынтуайтында, мен сол бауырыңды қалай жақсы көрген болсаң, Алла Тағала да сені дәл солай жақсы көреді» – деп сүйіншілеу үшін Алланың саған жіберген елшісі едім», – деп айтады», – дегенін жеткізді. (Муслим: 2567; Ахмад: 9958).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Однажды один человек решил навестить своего брата по вере, жившего в другом селении, и узнать, как он поживает. Тогда Аллах Всевышний поставил на его пути ангела. Когда путник достиг того места, где находился ангел, тот спросил его: “Куда ты направляешься?” Путник ответил: “Я иду к своему брату, живущему в том селении”. Ангел спросил: “Не оказывал ли ты ему прежде какой-нибудь услуги? Быть может, ты идёшь получить от него что-либо в ответ?” Путник ответил: “Нет-нет! Я люблю его лишь ради Аллаха Всевышнего”. Тогда ангел сказал: “Поистине, я послан к тебе Аллахом, чтобы обрадовать тебя вестью: Аллах Всевышний любит тебя так же, как ты любишь своего брата”» (Муслим: 2567; Ахмад: 9958).

381
Риядус-салихин, № 381Риуаят етуші: Бәра

عَنْ الْبرَاءِ بْنِ عازب، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ فِى الْأنصار: «لَا يُحِبُّهُمْ إِلَّا مُؤْمِنٌ، وَلَا يُبْغِضُهُمْ إِلَّا مُنَافِقٌ، مَنْ أحَبَّهُمْ أَحَبَّهُ اللَّه، وَمَنْ أبْغَضَهُمْ أبْغَضَهُ اللَّه»

Қазақша аудармасы

әл-Бара ибн Азиб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ ансарлар жайлы: «Оларды мүмін ғана жақсы көреді және мұнафық қана жек көреді. Кім оларды жақсы көрсе, Алла да оны жақсы көреді, ал кім оларды жек көрсе, Алла да оны жек көреді», – деді», – деп айтқан. (Бұхари: 3783, Муслим: 237; Ахмад: 6549).

Орысша аудармасы

Передают со слов аль-Бары ибн Азиба (да будет доволен ими обоими Аллах), что Пророк ﷺ сказал об ансарах: «Только верующий любит их, и только лицемер ненавидит их. Кто любит их, того любит Аллах, а кто ненавидит их, того ненавидит Аллах» (Аль-Бухари: 3783; Муслим: 237; Ахмад: 6549).

382
Риядус-салихин, № 382Риуаят етуші: Мұғаз

عَنْ معاذ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: الْمُتَحَابُّونَ فِى جَلالِى، لَهُمْ مَنَابِرُ مِنْ نُورٍ يَغْبِطُهُمُ النَّبِيُّونَ وَالشُّهَدَاءُ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Құдіреті күшті ұлы Алла: «Менің разылығым мен ұлылығымның құрметі үшін бір-бірін жақсы көрген жандар үшін (қиямет күні) нұрдан мінберлер болады. Оларға тіпті пайғамбарлар мен шейіттер де қатты қызығатын болады», – деп айтты», – дегенін естідім», – деген. (Тирмизи: 2390)

Орысша аудармасы

Муаз (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ передал слова Всемогущего и Великого Аллаха: “Для тех, кто любит друг друга ради Моего довольства и из почтения к Моему величию, будут (в День воскресения) минбары из света. Даже пророки и шахиды станут завидовать им”» (Ат-Тирмизи: 2390).

383
Риядус-салихин, № 383

عَنْ أَبِى إِدرِيس الْخولانِى رحمه اللَّه، قَالَ: دخَلْتُ مَسْجِدَ دِمَشْقَ، فَإِذَا فَتَىً بَرَّاق الثَّنَايَا وَإِذَا النَّاسُ مَعَهُ، فَإِذَا اخْتَلَفُوا فِى شَيْءٍ، أَسْنَدُوهُ إِلَيْه، وَصَدَرُوا عَنْ رَأيِهِ، فَسَأَلْتُ عَنْهُ، فَقيلَ: هَذَا مُعَاذُ بْنُ جَبَل. فَلَمَّا كَانَ مِنَ الْغَدِ، هَجَّرْتُ، فَوَجَدْتُهُ قَدْ سَبَقَنِى بالتَّهْجِيرِ، ووَجَدْتُهُ يُصَلِّى، فانْتَظَرتُهُ حَتَّى قَضَى صَلَاتَهُ، ثُمَّ جِئْتُهُ مِنْ قِبَلِ وَجْهِهِ، فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ، ثُمَّ قُلْتُ: وَاللَّهِ إِنِّى لأَحِبُّكَ لِله، فَقَالَ: آلله؟ فَقُلْتُ: اللَّهِ، فَقَالَ: آللهِ؟ فَقُلْتُ: اللَّهِ، فَأَخَذَنِى بِحَبْوَةِ رِدَائِى، فجبذنِى إِلَيْهِ، فَقَالَ: أبْشِرْ! فإِنِّى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّه ﷺ يَقُولُ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: وَجَبَتْ مَحَبَّتي لِلْمُتَحابين فيَّ، وَالْمُتَجَالِسينَ فيَّ، وَالْمُتَزَاوِرِينَ فيَّ، وَالْمُتَبَاذِلِينَ فِيَّ»

Қазақша аудармасы

Әбу Идрис әл-Хауләни (р.а.): «Бірде Дамаск мешітіне кіріп, көпшіліктің арасында отырған тістері жарқыраған аппақ бір жас жігітті көрдім. Адамдар қандай да бір мәселеде келіспей қалса, соған жүгініп, соның пікірін құп көріп қайтатын еді. Мен ол жайлы сұрағанымда, маған: «Бұл Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) ғой», – делінді. Ертесі күні мешітке ерте барып едім, ол менен де ерте келіп намаз оқып тұр екен. Ол намазын оқып болғанша күтіп тұрдым да, кейін алдынан келіп, сәлем бердім де оған: «Алланың атымен ант етейін, расында мен сені Алла үшін жақсы көремін!» – дедім. Сонда ол: «Шынымен Алла үшін бе?!» – деп сұрады. Мен: «Алла үшін, (ант етемін)!» – деп едім, тағы да: «Шынымен Алла үшін бе?!» – деп сұрады. Мен тағы да: «Алла үшін!» – дедім. Сонда шапанымның шетінен ұстап мені өзіне қарай тартты да: «(Олай болса) қуана бер, өйткені мен Алла елшісінің ﷺ былай дегенін естідім: «Алла Тағала: «Мен үшін бір-бірін жақсы көретін, Мен үшін бір-бірімен кездесіп мәжіліс құратын, Мен үшін бір-бірін зиярат ететін және Мен үшін бір-бірінен ештеңе аямай дүниесін жұмсайтын жандарға Менің сүйіспеншілігім міндетті болады!» – деп айтты». (Мәлик: 953/2; Ахмад: 22030)

Орысша аудармасы

Абу Идрис аль-Хауляни (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды я вошёл в мечеть Дамаска и увидел среди множества людей молодого человека с белоснежными сверкающими зубами. Когда люди расходились во мнениях по какому-либо вопросу, они обращались к нему и принимали его мнение. Я спросил, кто он, и мне ответили: “Это Муаз ибн Джабаль (да будет доволен им Аллах)”.

На следующий день я пришёл в мечеть рано, но оказалось, что он опередил меня и уже совершал молитву. Я дождался, пока он закончит молиться, затем подошёл к нему спереди, поприветствовал его и сказал: “Клянусь Аллахом, поистине, я люблю тебя ради Аллаха!” Он спросил: “Действительно ради Аллаха?!” Я ответил: “Ради Аллаха (клянусь)!” Он снова спросил: “Действительно ради Аллаха?!” Я вновь ответил: “Ради Аллаха!” Тогда он схватил меня за край плаща, притянул к себе и сказал: “(Если так) радуйся! Ведь я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал, что Аллах Всевышний возвестил: ‘Моя любовь непременно будет дарована тем, кто любит друг друга ради Меня, встречается и собирается вместе ради Меня, посещает друг друга ради Меня и расходует своё имущество на помощь друг другу ради Меня, ничего не жалея’”» (Малик: 953/2; Ахмад: 22030).

384
Риядус-салихин, № 384

عَنْ أَبِى كَرِيمَةَ الْمقداد بْنِ معد يكرب عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَحَبَّ الرَّجُلُ أخَاهُ فَليُخْبِرْهُ أَنَّهُ يُحِبُّهُ»

Қазақша аудармасы

Миқдад ибн Мағдикариб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Діндес бауырын жақсы көретін адам сүйіспеншілігін оған міндетті түрде білдірсін», – деп айтты» – делінген. (Әбу Дәуіт: 5124; Тирмизи: 2392; Ахмад: 17171)

Орысша аудармасы

Микдад ибн Мадикариб (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Пусть тот, кто любит своего брата по вере, непременно сообщит ему о своей любви» (Абу Дауд: 5124; Ат-Тирмизи: 2392; Ахмад: 17171).

385
Риядус-салихин, № 385Риуаят етуші: Мұғаз

عَنْ معاذ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أخذ بيدهِ، وَقَالَ: «يَا مُعَاذُ، وَاللَّهِ، إِنِّى لأُحِبُّكَ، ثُمَّ أُوصِيكَ يَا مُعَاذُ لَا تَدَعَنَّ فِى دُبُرِ كُلِّ صَلَاةٍ تَقُولُ: اللَّهُمَّ أعِنِّى عَلَى ذِكْرِكَ، وَشُكْرِكَ، وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ қолымнан ұстап тұрып: «Әй, Муаз! Алланың атымен ант етейін! Мен сені жақсы көремін. Әй, Муаз! Әрбір парыз намазынан кейін: «Уа, Алла Тағалам! Сені еске алуым, Саған шүкіршілік етуім және Өзіңе ең жақсы түрде құлшылық етуім үшін маған жәрдем бергейсің!» – деп айтуды еш уақытта ұмытпа», – деп маған өсиет айтты», – деген. (Әбу Дәуіт: 1522; Нәсәи: 9857)

Орысша аудармасы

Муаз ибн Джабаль (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ взял меня за руку и наставил: “О Муаз! Клянусь Аллахом, поистине, я люблю тебя. О Муаз! Никогда не забывай после каждой обязательной молитвы говорить: ‘О Аллах Всевышний! Помоги мне поминать Тебя, благодарить Тебя и поклоняться Тебе наилучшим образом!’”» (Абу Дауд: 1522; Ан-Насаи: 9857).

386
Риядус-салихин, № 386Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس -رضي اللَّه عَنْهُ: أنَّ رَجُلًا كَانَ عِنْدَ النَّبيِّ ﷺ فَمَرَّ رَجُلٌ بِهِ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّه، أنِّي لأُحِبُّ هَذَا، فَقَالَ لَهُ النَّبيّ ﷺ: «أأعْلَمْتَهُ؟» قَالَ: لا. قَالَ: «أعْلِمْهُ» فَلَحِقَهُ، فَقَالَ: إِنِّي أُحِبُّكَ فِى اللَّه، فَقَالَ: أَحَبَّكَ الَّذِى أَحْبَبْتَنِى لَهُ

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте былай баяндалған: «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырында бір кісі отырған еді, сол кезде оның қасынан басқа бір кісі өтіп бара жатып: «Уа, Расулалла! Расында, мен мына кісіні (Алла разылығы үшін) жақсы көремін», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз оған: «Сен мұны оған айттың ба?» – дегенде, ол: «Жоқ» – дейді, Алла елшісі: «Онда оған айт», – дейді. Сол сәтте ол әлгі (жақсы көрген діндес бауырын) қуып жетіп: «Шынында, мен сені Алла үшін жақсы көремін!» – дейді. Сонда ол: «Мені Алла үшін жақсы көрген болсаң, Алла да сені жақсы көрсін!» – деп жауап қатты», – деген. (Әбу Дәуіт: 5125; Ахмад: 12430)

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды в присутствии Пророка ﷺ сидел человек. В это время мимо него прошёл другой человек, и сидевший сказал: “О Посланник Аллаха! Поистине, я люблю этого человека (ради довольства Аллаха)”. Пророк ﷺ спросил его: “Ты сказал ему об этом?” Тот ответил: “Нет”. Тогда Посланник Аллаха сказал: “Так скажи ему”. Он тотчас догнал того человека (любимого им брата по вере) и сказал: “Поистине, я люблю тебя ради Аллаха!” Тот ответил: “Если ты любишь меня ради Аллаха, пусть и Аллах любит тебя!”» (Абу Дауд: 5125; Ахмад: 12430).