Хадис

Риядус-салихин, № 351

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
44. Үлкендерге, ғалымдарға, ізгі жандарға сый-құрмет көрсету жайында
Нөмірі
№ 351 (қазақша басылым реті)
351
Риядус-салихин, № 351Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنْ مَسْعُود، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لِيَلِنِى مِنْكُمْ أُولُوا الْأحْلَام وَالنُّهَى، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ» ثَلَاثًا «وَإِيَّاكُمْ وَهَيْشَاتِ الْأسْوَاق»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ «Менен кейін (алдыңғы сапта) араларыңдағы ақыл-парасаты толысқан кісілер тұрсын, одан кейін (ақыл-парасат деңгейіне қарай) олардан кейінгілер тұрсын, содан соң олардан кейінгілер, содан соң олардан кейінгілер тұрсын. Базарлардағыдай иқы-жиқы, ығы-жығы, у-ду болмаңдар1», – деп айтты», – деген (Муслим: 974).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть непосредственно за мной (в первом ряду) стоят наиболее зрелые и благоразумные из вас, затем – следующие за ними (по степени зрелости и рассудительности), затем – следующие за ними, а после них – следующие. Не стойте вперемешку, не толпитесь и не шумите, как на рынке1» (Муслим: 974).

  1. 1Мешітте және намазда базардағыдай үлкен-кіші, ер-әйел, бала-шаға боп араласып, ығы-жығы, у-ду болмаңдар.
  1. 1В мечети и во время намаза не стойте вперемешку – старшие и младшие, мужчины, женщины и дети – и не создавайте толчею и шум, как на рынке.