Хадис

Риядус-салихин, № 319

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
40. Ата-ананы құрметтеу, туыстық қатынасты үзбеу жайында
Нөмірі
№ 319 (қазақша басылым реті)
319
Риядус-салихин, № 319Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عنه أَنَّ رَجلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِى قَرابةً أصِلُهُمْ وَيَقْطَعُوني، وَأُحْسِنُ إِلَيْهِمْ وَيُسِيئُونَ إِلَيَّ، وَأحْلَمُ عَنْهُمْ وَيَجْهَلُونَ عَلَيَّ، فَقَالَ: «لَئِنْ كُنْتَ كَمَا قُلْتَ، فَكأَنَّمَا تُسِفُّهُمْ الْمَلَّ، وَلَا يَزَالُ مَعَكَ مِنَ اللَّهِ ظَهِيرٌ عَلَيْهِمْ مَا دُمْتَ عَلَى ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте бір кісі: «Уа, Расулалла! Расында, менің туыстарым бар, мен олармен қарым-қатынасымды үзбеймін, олар болса менімен қатынастарын үзеді. Мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар маған жамандық жасайды. Мен оларға сабыр етіп, кешіріммен қараймын, ал олар маған қарсы наданның ісін істейді», – деп (ағайын-туыстарымен арасындағы жағдайға шағымданады). Сонда Алла елшісі ﷺ): «Егер дәл өзің айтқандай болсаң, онда сен оларға бейне бір ыстық күл жегізіп жүр екенсің.1 Сол қалпыңнан танбайтын болсаң, қасыңда әрдайым оларға қарсы өзіңе болысатын Алла тарапынан бір жәрдемшің болады», – деп жауап береді (Муслим: 6525; Ахмад: 7992).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что один человек сказал: «О Посланник Аллаха ﷺ! Поистине, у меня есть родственники: я не разрываю с ними отношений, а они разрывают отношения со мной; я делаю им добро, а они причиняют мне зло; я терпеливо отношусь к ним и прощаю их, а они поступают со мной подобно невеждам» (так он пожаловался на отношения со своими родственниками). Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Если всё обстоит именно так, как ты говоришь, то ты словно кормишь их горячей золой1. И пока ты продолжаешь поступать так, рядом с тобой всегда будет помощник от Аллаха, поддерживающий тебя против них» (Муслим: 6525; Ахмад: 7992).

  1. 1Бұл сөз олардың ыстық күл жегендей қиналатындығына теңеу ретінде келген, ал жақсылық жасаушыға ешбір айып жоқ, керісінше, оның туыстары одан ара-қатынастарын үзгендіктері және оны ренжіткендері үшін үлкен күнә арқалайды.
  1. 1Это сравнение означает, что этим родственникам так же тяжело, как если бы они ели горячую золу. Делающий добро не заслуживает порицания; напротив, его родственники совершают тяжкий грех, разрывая с ним отношения и причиняя ему обиду.