عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَالَ رَجُلٌ لأَتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فَوَضَعَهَا فِى يَدِ سَارِقٍ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ: تُصُدِّقَ عَلَى سَارِقٍ! فَقَالَ: اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ لأتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فَوَضَعَهَا فِى يَدِ زَانِيَةٍ؛ فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ: تُصُدِّقَ اللَّيْلَةَ عَلَى زَانِيَةٍ! فَقَالَ: اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ عَلَى زَانِيَةٍ! لأتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فوَضَعَهَا فِى يَدِ غَنِيٍّ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ: تُصُدِّقَ عَلَى غَنِيٍّ؟ فَقَالَ: اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ عَلَى سَارِقٍ وَعَلَى زَانِيَةٍ وعلى غَنِيٍّ! فَأُتِيَ فقيل لَهُ: أَمَّا صَدَقَتُكَ عَلَى سارقٍ فَلَعَلَّهُ أَنْ يَسْتَعِفَّ عَنْ سَرِقَتِهِ، وأَمَّا الزَّانِيَةُ فَلَعَلَّهَا تَسْتَعِفُّ عَنْ زِنَاهَا، وأَمَّا الْغَنِيُّ فَلَعَلَّهُ أَنْ يَعْتَبِرَ فَيُنْفِقَ مِمَّا أَعْطَاهُ اللَّهُ»
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Бір күні бір адам: «Міндетті түрде садақа беруім керек деп, ниет етіп, қас қарайған соң беретін садақасын алып көшеге шығады. Алайда ол садақасын білместікпен бір ұрыға береді. Ертесі күні ертемен адамдар арасында «Бүгін түнде біреу бір ұрыға садақа беріпті» деген сөз тарайды. Сонда әлгі адам: «Уа, Алла Тағалам! (Мен негізінен садақаны мұқтаж жанға берейін деген едім, бірақ бір ұрыға бұйырған екен. Бекер емес шығар. Өйткені Сен теңдессіз хикмет егесісің!) Саған мың да бір шүкір! Мен (бір мұқтажды тауып) міндетті түрде садақа беремін», – деп, тағы да қас қарайғанда көшеге шығады. Сөйтіп, ол бұл жолы да білместікпен садақасын бір зинақор әйелге береді. Ертесі күні азанмен тағы да адамдар арасында «Бүгін түнде біреу бір зинақор әйелге садақа беріпті» деген сөз тарайды. Сол кезде әлгі адам: «Уа, Алла Тағалам! (Мен негізінен садақаны мұқтажға берейін деп ниеттенген едім, бірақ жезөкше әйелге берген екем. Бұл да бекер емес шығар, өйткені Сен теңдессіз хикмет егесісің!) Саған мың да бір шүкір! Мен (бір мұқтажды тауып) міндетті түрде садақа беремін», – деп, тағы да қас қарайғанда көшеге шығады. Бұл мәртесінде ол садақасын байқамай бір бай адамға беріп қояды. Ертесі күні таң атар-атпастан тағы да адамдар арасында «Бүгін түнде біреу бір байға садақа беріпті» деген сөз тарайды. Сол кезде әлгі адам: «Уа, Алла Тағалам! Ұрыға, зинақорға және байға садақа бергізгенің үшін шүкіршілік айтамын!» – дейді. Содан бір күні түсінде оған біреу келіп: «Ұрыға берген садақаңа келсек, бәлкім, ол сол арқылы ұрлық жасаудан тыйылар. Зинақорға берген садақаң болса, мүмкін ол сол арқылы зина жасауын қояр. Сондай-ақ байға берген садақаңа келсек, мүмкін ол сенен тағылым алып, Алланың оған нәсіп еткен дүниесін ізгі жолда жұмсар деп айтты», – деген». (Бұхари: 1421, Муслим: 2362, Ахмад: 8282).
В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Однажды один человек, решив: “Я непременно должен подать милостыню”, с наступлением сумерек взял приготовленную милостыню и вышел на улицу. Однако по незнанию он отдал её вору. На следующее утро среди людей разнеслась молва: “Этой ночью кто-то подал милостыню вору”. Тогда тот человек сказал: “О Аллах Всевышний! (Изначально я хотел подать милостыню нуждающемуся, но, как оказалось, она досталась вору. Наверное, это неспроста, ведь Ты – Обладатель несравненной мудрости!) Тысяча и одна хвала Тебе! Я непременно подам милостыню (найдя нуждающегося)”.
С наступлением сумерек он снова вышел на улицу и на этот раз, сам того не зная, подал милостыню блуднице. Ранним утром следующего дня среди людей вновь разнеслась молва: “Этой ночью кто-то подал милостыню блуднице”. Тогда тот человек сказал: “О Аллах Всевышний! (Изначально я намеревался подать милостыню нуждающемуся, но, как оказалось, отдал её блуднице. Наверное, и это неспроста, ведь Ты – Обладатель несравненной мудрости!) Тысяча и одна хвала Тебе! Я непременно подам милостыню (найдя нуждающегося)”.
С наступлением сумерек он вновь вышел на улицу. На этот раз он по ошибке отдал милостыню богатому человеку. Едва рассвело, среди людей снова разнеслась молва: “Этой ночью кто-то подал милостыню богачу”. Тогда тот человек сказал: “О Аллах Всевышний! Благодарю Тебя за то, что Ты дал мне подать милостыню вору, блуднице и богачу!”
Затем однажды к нему во сне явился некто и сказал: “Что касается милостыни, которую ты дал вору, то, возможно, благодаря ей он перестанет красть. Что касается милостыни, которую ты дал блуднице, то, возможно, благодаря ей она откажется от блуда. Что же касается милостыни, которую ты дал богачу, то, возможно, он последует твоему примеру и станет расходовать на благие дела из имущества, которым наделил его Аллах”» (Аль-Бухари: 1421; Муслим: 2362; Ахмад: 8282).