Хадис

Риядус-салихин, № 1861

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1861 (қазақша басылым реті)
1861
Риядус-салихин, № 1861

عَنْ عوف بْنِ مالِك بْنِ الطُّفَيْلِ أَنَّ عَائِشَة، حُدِّثَتْ أَنَّ عبدَ اللَّهِ بْنِ الزبير، قَالَ فِى بَيْعٍ أَوْ عَطَاءٍ أعْطَتْهُ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ تَعَالَى عَنْهَا: واللَّهِ لَتَنْتَهِيَنَّ عَائِشَةُ أَوْ لأَحْجُرَنَّ عَلَيْهَا، قَالَتْ: أَهُوَ قَالَ هَذَا! قَالُوا: نَعَمْ. قَالَتْ: هُوَ لِلَّهِ عَلَيَّ نَذْرٌ أَنْ لَا أُكَلِّمَ ابْنَ الزُّبَيْرِ أَبَدًا، فَاسْتَشْفَعَ ابْنُ الزُّبَيْرِ إِلَيْهَا حِيْنَ طَالَتِ الْهِجْرَةُ. فَقَالَتْ: لَا، واللَّهِ لَا أشْفَعُ فِيهِ أبدًا، وَلَا أَتَحَنَّثُ إِلَى نَذْرِى. فَلَمَّا طَالَ ذَلِكَ عَلَى ابْنِ الزُّبَيرِ كَلَّمَ الْمِسْوَرَ بْنَ مَخْرَمَةَ، وَعبدَ الرحْمَانِ ابْنَ الْأسْوَدِ بْنِ عَبْدِ يَغُوثَ وَقَالَ لَهُمَا: أنْشُدُكُمَا اللَّهَ لَمَا أدْخَلْتُمَانِى عَلَى عَائِشَةَ، فَإِنَّهَا لَا يَحِلُّ لَهَا أَنْ تَنْذِرَ قَطِيعَتِى، فَأقْبَلَ بِهِ الْمِسْوَرُ، وَعَبْدُ الرحْمَانِ حَتَّى اسْتَأذَنَا عَلَى عَائِشَةَ فَقَالَا: السَّلَامُ عَلَيْكِ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ، أنَدْخُلُ؟ قَالَتْ عَائِشَةُ: ادْخُلُوا. قَالُوا: كُلُّنَا؟ قَالَتْ: نَعَمْ ادْخُلُوا كُلُّكُمْ، وَلَا تَعْلَمُ أَنَّ معَهُمَا ابْنَ الزُّبَيرِ، فَلَمَّا دَخَلُوا دَخَلَ ابْنُ الزُّبَيرِ الْحِجَابَ فَاعْتَنَقَ عَائِشَةَ، وَطَفِقَ يُنَاشِدُهَا وَيَبْكِى، وَطَفِقَ الْمِسْوَرُ، وَعَبْدُ الرَّحْمَانِ يُنَاشِدَانِهَا إِلَّا كَلَّمَتْهُ وَقَبِلَتْ مِنْهُ، وَيَقُولانِ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَى عَمَّا قَدْ عَلِمْتِ مِنَ الْهِجْرَةِ؛ وَلَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوقَ ثَلَاثِ لَيَالٍ، فَلَمَّا أَكْثَرُوا عَلَى عَائِشَة مِنَ التَّذْكِرَةِ وَالتَّحْرِيجِ، طَفِقَتْ تُذَكرُهُمَا وَتَبْكِى، وَتَقُولُ: إِنِّى نَذَرْتُ وَالنَّذْرُ شَدِيدٌ، فَلَمْ يَزَالَا بِهَا حَتَّى كَلَّمَتِ ابْنَ الزُّبَيرِ، وأعْتَقَتْ فِى نَذْرِهَا ذَلِكَ أَرْبَعِينَ رَقَبَةً، وَكَانَتْ تَذْكُرُ نَذْرَهَا بَعْدَ ذَلِكَ فَتَبكِى حَتَّى تَبِلَّ دُمُوعُهَا خِمَارَهَا

Қазақша аудармасы

Ауф ибн әт-Туфәйл (р.а.): «Бірде Айша (р.а.) анамызға өзінің жасаған сауда-саттығы немесе (біреуге) берген сыйлығы жайлы Абдуллаһ ибн Зубәйрдің (р.а.): «Алланың атымен ант етейін! Айша (р.а.) ендігәрі олай істеуді я қояды, яки оған өзім тыйым саламын», – деп айтқан сөзі жеткенде, «Бұл сөзді шынымен де сол айтты ма?» – деп сұрады. Бұл сөзді жеткізіп отырғандар: «Иә», – дегенде, Айша (р.а.) анамыз қатты күйзеліп: «Ендеше, Аллаға берген сертім болсын, ендігәрі Ибн Зубәйрмен сөйлеспеймін», – деп ант ішеді. Содан екеуінің реніші ұзақ уақытқа созылған соң, Ибн Зубәйр араға адам салып, кешірім сұрап көреді. Алайда Айша (р.а.) анамыз: «Уаллаһи, бұл мәселеде маған ешкімнің ара ағайындылық жасағаны керек емес. Сертімнен әсте таймаймын», – деп бір-ақ кесіп айтады. Айша (р.а.) анамыздың реніші біраз уақытқа созылып, араға адам салумен ғана іс бітпеген соң, Ибн Зубәйр (р.а.) бұған шыдамай Мисуар ибн Махрама және Абдуррахман ибн әл-Әсуәд ибн Абдуяғус деген кісілерге мұңын шағып: «Құдай үшін мені Айшамен (р.а.) жолықтырып, екеумізді татуластырыңдаршы. Оның ант ішіп, менен мүлдем безіп кетуі (дініміз тұрғысынан) дұрыс емес қой», – деп өтінді. Сөйтіп, Мисуар мен Абдуррахман онымен бірге Айша (р.а.) анамызға келіп: «Әссәләму аләйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһу» (Сізге бейбітшілік һәм Алланың мейірімі мен берекесін тілейміз), кіруге рұқсат па? – дейді. Айша (р.а.) анамыз: «Кіріңдер» – деп рұқсат етеді. Олар: «Бәріміз кірейік пе?» – деп сұрағанда, ол Ибн Зубәйрдің де келгенінен бейхабар болғандықтан: «Иә, бәрің кіріңдер», – дейді. Үшеуі де үйге кіргенде, Ибн Зубәйр (р.а.) шымылдықты серпіп, Айша анамызды құшақтап, жалынып-жалбарынып, көз жасын көл қылып, кешірім сұрайды. Сол кезде Мисуар мен Абдуррахман да оған жалынып, немере жиеніне кешірім етіп, онымен сөйлесуін өтіне бастайды. Сондай-ақ екеуі: «Расында, өзіңіз білетіндей, Расулалла ﷺ екі мұсылманның жүз шайысып мүлдем кетісуіне тыйым салған. Қайсыбір мұсылманның мұсылман бауырымен үш күннен артық байланысын үзуіне болмайды», – деп, Айша (р.а.) анамызға біраз насихат айтып, әбден жалынып қоймаған соң, ол да екеуіне өзінің ант-су ішкенін айтып: «Мен онымен сөйлеспеймін» – деп, Аллаға ант еттім ғой. Антты бұзу да үлкен күнә емес пе?» – деп егіліп, көз жасына ерік береді. Алайда екеуі сонда да қоймай ақыры Айша (р.а.) анамызды немере жиені Ибн Зубәйрмен өйтіп-бүйтіп сөйлестіреді. Содан Айша анамыз антын бұзғаны үшін қырық құлды бірдей азат етеді. Кейін де бұзған антын ұмыта алмай жүреді. Есіне түскен сайын орамалы көз жасына малынғанша егіліп жылайтын еді», – деген (Бұхари: 6073-6075).

Орысша аудармасы

Ауф ибн Малик ибн ат-Туфайль (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды матери правоверных Аише (да будет доволен ею Аллах) передали слова Абдуллаха ибн аз-Зубайра (да будет доволен им Аллах), сказанные по поводу совершённой ею торговой сделки или подарка, сделанного ею (кому-то): “Клянусь Аллахом! Либо Аиша впредь перестанет так поступать, либо я ограничу её право распоряжаться имуществом”. Услышав об этом, она спросила: “Неужели он действительно так сказал?” Передавшие ей эти слова ответили: “Да”. Сильно огорчившись, Аиша поклялась: “Тогда я даю Аллаху обет: впредь никогда не разговаривать с Ибн аз-Зубайром”.

Когда их отчуждение затянулось, Ибн аз-Зубайр стал через посредников просить у неё прощения. Однако Аиша решительно отвечала: “Клянусь Аллахом, в этом деле мне не нужно ничьё посредничество. Я ни за что не нарушу своего обета”. Когда её обида затянулась и попытки примирить их через посредников ни к чему не привели, Ибн аз-Зубайр, не в силах больше это выносить, обратился со своей бедой к Мисвару ибн Махраме и Абдуррахману ибн аль-Асваду ибн Абд Ягусу: “Ради Аллаха, помогите мне встретиться с Аишей и примирите нас! Ведь то, что она поклялась и совсем порвала со мной, неправильно (с точки зрения нашей религии)”.

Тогда Мисвар и Абдуррахман вместе с ним пришли к Аише и сказали: “Ассаляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатуху (желаем вам мира, милости и благословения Аллаха)! Можно войти?” Аиша ответила: “Входите”. Они спросили: “Всем нам войти?” Не зная, что вместе с ними пришёл Ибн аз-Зубайр, она сказала: “Да, входите все”.

Когда все трое вошли в дом, Ибн аз-Зубайр откинул занавес, обнял мать правоверных Аишу и, обливаясь слезами, стал умолять её простить его. Мисвар и Абдуррахман также принялись умолять её простить племянника и вновь заговорить с ним. Они говорили: “Поистине, как вы сами знаете, Посланник Аллаха ﷺ запретил двум мусульманам враждовать и полностью порывать отношения. Мусульманину не дозволено прекращать общение со своим братом более чем на три дня”.

Они долго увещевали её и не переставали молить о примирении. Тогда Аиша, рыдая, стала напоминать им о своей клятве: “Я ведь поклялась Аллахом, что не стану с ним разговаривать. Разве нарушение клятвы – не тяжкий грех?” Однако они продолжали уговаривать её и в конце концов добились того, что Аиша снова заговорила со своим племянником Ибн аз-Зубайром.

В искупление нарушенной клятвы она освободила сорок рабов. Впоследствии Аиша не могла забыть о нарушенном обете: всякий раз, вспоминая о нём, она рыдала до тех пор, пока её платок не промокал от слёз» (Аль-Бухари: 6073-6075).