Хадис

Риядус-салихин, № 1852

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1852 (қазақша басылым реті)
1852
Риядус-салихин, № 1852

عَنْ أَبِى الْفضل الْعباس بْنِ عبد الْمطلب قَالَ: شَهِدْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ حُنَيْن، فَلَزِمْتُ أنا وأَبُو سُفْيَانَ بْنِ الْحارثِ بْنِ عبد الْمطلب رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَلَمْ نُفَارِقْهُ، وَرسُولُ اللَّهِ ﷺ، عَلَى بَغْلَةٍ لَهُ بَيْضَاءَ، فَلَمَّا التَقَى الْمُسْلِمُونَ وَالْمُشْرِكُونَ، وَلَّى الْمُسْلِمُونَ مُدْبِرِيِنَ، فَطَفِقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، يَرْكُضُ بَغْلَتَهُ قِبلَ الْكُفَّارِ، وأنا آخِذٌ بِلِجَامِ بَغْلَةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، أكُفُّهَا إِرَادَةَ أَنْ لَا تُسْرِعَ، وأبُو سُفْيَانَ آخِذٌ بِرِكَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أيْ عَبَّاسُ، نَادِ أَصْحَابَ السَّمُرَةِ». قَالَ الْعَبَّاسُ – وَكَانَ رَجُلًا صَيِّتًا – فَقُلْتُ بِأَعْلَى صَوْتِى: أيْنَ أَصْحَابُ السَّمُرَةِ، فَوَاللَّهِ لَكَأَنَّ عَطْفَتَهُمْ حِينَ سَمِعُوا صَوْتِى عَطْفَةُ الْبَقَرِ عَلَى أَوْلَادِهَا، فَقَالُوا: يَا لَبَّيْكَ يَا لَبَّيْكَ، فَاقْتَتَلُوا هُمْ وَالكُفَّارُ، وَالِدَّعْوَةُ فِى الْأنْصَارِ يَقُولُونَ: يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ، يَا مَعْشَرَ الْأنْصَارِ، ثُمَّ قَصُرَتِ الدَّعْوَةُ عَلَى بَنِى الْحَارِثِ بْنِ الْخَزْرَجِ، فَنَظَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ عَلَى بَغْلَتِهِ كَالمُتَطَاوِلِ عَلَيْهَا إِلَى قِتَالِهِمْ، فَقَالَ: «هَذَا حِينَ حَمِيَ الْوَطِيسُ»، ثُمَّ أَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، حَصَيَاتٍ فَرَمَى بِهِنَّ وُجُوهَ الْكُفَّارِ، ثُمَّ قَالَ: «انْهَزَمُوا وَرَبِّ مُحَمَّدٍ»، فَذَهَبْتُ أنْظُرُ فَإِذَا الْقِتَالُ عَلَى هَيْئَتِهِ فِيما أرَى، فَواللَّهِ مَا هُوَ إِلَّا أَنْ رَمَاهُمْ بِحَصَيَاتِهِ، فَمَا زِلْتُ أرَى حَدَّهُمْ كَلِيلًا وَأَمْرَهُمْ مُدْبِرًا

Қазақша аудармасы

Әбул-Фадл Аббас ибн Абдулмуталиб (р.а.): «Хунайн жорығы болған күні Алла елшісімен ﷺ бірге болдым. Сонда Әбу Суфиян ибн Харис ибн Абдулмутталиб екеуміз Алла елшісінен бір елі ажырамай үнемі қасында жүрдік. Алла елшісі өзінің ақ қашырын мініп жүрді. Мұсылмандар мен мүшріктер бетпе-бет келгенде мұсылман әскері кері айналып қаша бастады. Сонда Алла елшісі қашырын кәпірлерге қарай қамшылады, мен болсам, Алла елшісінің қашырының үзеңгісінен ұстап, қатты шауып кетпесін деп барынша тежеумен болдым. Әбу Суфиян да Алла елшісінің үзеңгісіне жабысты. Сонда Алла елшісі: «Уа, Аббас! Сәмуралықтарды1 шақыр!» деп бұйырды. (Аббас зор дауысты кісі еді) сонда ол: Мен бар даусыммен «сәмуралықтар қайда?» – деп айқайладым. Алланың атымен ант етейін, менің даусымды естіген кездегі олардың қайырылып, бет бұруы бейне бір бұзауларынан ажырап қалған сиырдың (бұзауларының үнін естіген бойда бұзауларына) қайырылып, соларға қарай жалма-жан бет алғанындай болып: «Ләббәй, ләббәй!» деп, бірден кері қайтып, кәпірлермен аянбай соғысты. Артынша олар ансарлықтарға дауыстап: «Уа, ансарлықтар! Уа, ансарлықтар!» деп айқайлады. Содан соң майданға Хазраждың ішіндегі Харис ұрпақтары шақырылды. Міне, сонда Алла елшісі қашырының үстінен мойын созып, олардың шайқасына алыстан көз салып тұрып: «Міне, қиян-кескі соғыстың қызыған кезі!» – деді. Содан соң Алла елшісі қолына ұсақ тастарды алып, кәпірлерге қарай лақтырып: «Мұхаммедтің Раббысының атымен, жеңіліңдер!» – деді. Мен алдыға қарай жүріп көз салып қарағанымда, шайқас сол қызған қалпында жүріп жатқан еді. Алланың атымен ант етейін, Алла елшісі оларға ұсақ тастарды лақтырғанда, олардың соғысу қарқынының әлсіреп, істерінің кері кеткенін көріп тұрдым», – деген (Муслим: 4612, Ахмад: 1776).

Орысша аудармасы

Абу аль-Фадль Аббас ибн Абд аль-Мутталиб (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «В день битвы при Хунайне я находился вместе с Посланником Аллаха ﷺ. Мы с Абу Суфьяном ибн Харисом ибн Абд аль-Мутталибом не отходили от Посланника Аллаха ﷺ ни на пядь и всё время оставались рядом с ним. Посланник Аллаха ﷺ ехал верхом на своём белом муле. Когда мусульмане и многобожники сошлись лицом к лицу, мусульманское войско повернуло назад и обратилось в бегство. Тогда Посланник Аллаха ﷺ погнал своего мула навстречу неверующим, а я, держась за узду его мула, изо всех сил старался сдержать его, чтобы тот не помчался слишком быстро. Абу Суфьян также вцепился в стремя Посланника Аллаха ﷺ.

Тогда Посланник Аллаха ﷺ повелел: “О Аббас! Позови тех, кто принёс присягу под деревом самура1!” (Аббас обладал очень громким голосом.) Я во весь голос закричал: “Где те, кто принёс присягу под деревом самура?” Клянусь Аллахом, услышав мой голос, они тотчас повернули назад и устремились обратно, подобно корове, разлучённой со своими телятами, которая (едва услышав их голоса) поворачивает и стремглав бросается к ним. Восклицая: “Ляббайк, ляббайк!”, они сразу же вернулись и стали сражаться с неверующими, не щадя себя.

Затем они стали призывать ансаров, крича: “О ансары! О ансары!” После этого на поле боя призвали потомков Хариса из племени Хазрадж. Тогда Посланник Аллаха ﷺ, вытянув шею с высоты своего мула, издали наблюдал за их сражением и сказал: “Вот он – разгар ожесточённого боя!”

Затем Посланник Аллаха ﷺ взял несколько мелких камней, бросил их в сторону неверующих и воскликнул: “Клянусь Господом Мухаммада, они повержены!” Я продвинулся вперёд и посмотрел: бой всё ещё продолжался с прежним ожесточением. Клянусь Аллахом, когда Посланник Аллаха ﷺ бросил в них мелкие камни, я собственными глазами увидел, как ослабевал их боевой натиск, а ход сражения обращался против них» (Муслим: 4612; Ахмад: 1776).

  1. 1Худайбияда Алла елшісіне ﷺ қол беріп, қасық қанымыз қалғанша сізбен бірге тұрамыз деп ант еткен сахабалар.
  1. 1Это сподвижники, которые при Худайбийе присягнули Посланнику Аллаха ﷺ, пожав ему руку и поклявшись стоять рядом с ним до последней капли крови.