Хадис

Риядус-салихин, № 1850

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1850 (қазақша басылым реті)
1850
Риядус-салихин, № 1850Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أحَبَّ لِقَاءَ اللَّهِ أحَبَّ اللَّهُ لِقَاءهُ، وَمَنْ كَرِهَ لِقَاءَ اللَّهِ كَرِهَ اللَّهُ لِقَاءهُ» فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أكَراهِيَةُ الْمَوتِ، فَكُلُّنَا نَكْرَهُ الْمَوتَ؟ قَالَ: «لَيْسَ كَذَلِكَ، ولكِنَّ الْمُؤْمِنَ إِذَا بُشِّرَ بِرَحْمَةِ اللَّهِ وَرِضْوَانِهِ وَجَنَّتِهِ أحَبَّ لِقَاءَ اللَّهِ فَأَحَبَّ اللَّهُ لِقَاءهُ، وإِنَّ الْكَافِرَ إِذَا بُشِّرَ بِعَذابِ اللَّهِ وَسَخَطهِ كَرِهَ لِقَاءَ اللَّهِ وكَرِهَ اللَّهُ لِقَاءهُ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Кімде-кім Аллаға қауышуды жан-тәнімен қаласа, Алла Тағала да онымен қауышуды қалайды. Ал кімде-кім Алла Тағаламен қауышуды қаламаса, Алла Тағала да онымен қауышуды қаламайды», – дегенде, мен: «Уа, Расулалла! Сонда (пенде) өлімді жек көргендіктен, Раббысымен қауышуды қаламай ма? Шынтуайтында, ешбіріміз өлімді қаламаймыз ғой?» – деп айттым. Сонда ол: «Жо-жоқ, бұл сен ойлағандай емес. Мүмін өлім аузында жатып Алланың рақымы, разылығы әрі жаннатымен сүйіншіленгенде, Раббысымен қауышуға соншалықты ынтық болады. Сондай-ақ Алла Тағала да онымен қауышуға ынтызар болады. Ал кәпір өлім аузында жатып өзін күтіп тұрған Алланың азабы мен қаһарынан хабардар болған кезде, Раббысымен қауышқысы келмейді. Сонда, Алла Тағала да онымен қауышқысы келмейді», – деп айтты», – деген (Муслим: 6822, Ахмад: 8133).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала: «Когда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто всей душой желает встречи с Аллахом, с тем и Аллах Всевышний желает встречи. А кто не желает встречи с Аллахом Всевышним, с тем и Аллах Всевышний не желает встречи”, – я спросила: “О Посланник Аллаха! Значит, (человек) не желает встречи со своим Господом потому, что не любит смерть? Ведь никто из нас не хочет умирать!”

На это он ответил: “Нет-нет, всё не так, как ты думаешь. Когда верующему, находящемуся при смерти, возвещают радостную весть о милости Аллаха, Его довольстве и рае, он всем сердцем устремляется к встрече со своим Господом. И Аллах Всевышний также желает встречи с ним. Когда же неверующему, находящемуся при смерти, сообщают об ожидающих его наказании и гневе Аллаха, он не желает встречи со своим Господом. Тогда и Аллах Всевышний не желает встречи с ним”» (Муслим: 6822; Ахмад: 8133).