Хадис

Риядус-салихин, № 1828

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1828 (қазақша басылым реті)
1828
Риядус-салихин, № 1828Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «اشْتَرَى رَجُلٌ مِنْ رَجُلٍ عَقَارًا، فَوَجَدَ الَّذِى اشْتَرَى الْعَقَارَ فِى عَقَارِهِ جَرَّةً فِيهَا ذَهَبٌ، فَقَالَ لَهُ الَّذِى اشْتَرَى الْعَقَارَ: خُذْ ذَهَبَكَ، إِنَّمَا اشْتَرَيْتُ مِنْكَ الْأَرْضَ وَلَمْ أشْتَرِ الذَّهَبَ، وَقَالَ الَّذِى لَهُ الْأَرْضُ: إِنَّمَا بِعْتُكَ الْأَرْضَ وَمَا فِيهَا، فَتَحَاكَمَا إِلَى رَجُلٍ، فَقَالَ الَّذِى تَحَاكَمَا إِلَيْهِ: أَلَكُمَا وَلَدٌ؟ قَالَ أَحَدُهُما: لِى غُلَامٌ، وَقَالَ الآخَرُ: لِى جَارِيَةٌ قَالَ: أنْكِحَا الْغُلَامَ الْجَارِيَةَ، وأنْفِقَا عَلَى أَنْفُسِهِمَا مِنْهُ وَتَصَدَّقَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Баяғыда бір кісі басқа бір кісіден жылжымайтын мүлік сатып алады. Жылжымайтын мүлікті сатып алған кісі иелігіндегі жерден ішінде алтын болған құмыра тауып алады да, жерді сатқан кісіге: «Алтыныңды ал. Мен сенен алтын емес, жер сатып алдым», – дейді. Жердің бұрынғы иесі болса: «Мен саған жерді қойнауындағыларымен бірге саттым», – дейді. Сөйтіп екеуі бір данагөй кісінің төрелігіне жүгінеді. Содан екеуі жүгінген төреші: «Екеуіңнің балаларың бар ма?» – деп сұрайды. Сонда біреуі: «Менің ұлым бар», – десе, екініші: «Менің қызым бар», – дейді. Төреші оларға: «Ұл мен қызды ақ некемен үйлендіріңдер! Сөйтіп алтынның бір бөлігін сол екеуіне жұмсаңдар, қалғанын садақа етіп таратыңдар», – деп үкім айтқан екен», – деген (Бұхари: 3427, Муслим: 4491, Ахмад: 8191).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «В давние времена один человек купил у другого недвижимое имущество. Покупатель обнаружил на приобретённой земле кувшин с золотом и сказал продавцу: “Забери своё золото. Я купил у тебя землю, а не золото”. Прежний владелец земли ответил: “Я продал тебе землю вместе со всем, что находилось в её недрах”.

Тогда они обратились за разрешением спора к одному мудрому человеку. Судья спросил их: “Есть ли у вас дети?” Один ответил: “У меня есть сын”, а другой сказал: “У меня есть дочь”. Тогда судья вынес решение: “Сочетайте юношу и девушку законным браком! Часть золота израсходуйте на них, а оставшееся раздайте как милостыню”» (Аль-Бухари: 3427; Муслим: 4491; Ахмад: 8191).