Хадис

Ер кісілерге сары түсті киім киюге болмайтындығы жайында

О запрете мужчинам пользоваться шафраном и носить одежду, окрашенную сафлором

Риядус-салихин, 365-тақырып · 2 хадис · № 1800–1801

Хадистер

1800
Риядус-салихин, № 1800Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: نَهَى النَّبِيُّ ﷺ أَنْ يَتَزَعْفَرَ الرجُل

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ ер адамдарға (киімін немесе тәнін) запырангүлдің сары түсімен бояуға, яки үстіне запырангүлдің иісін жағуға тыйым салған», – деген (Бұхари: 5846, Муслим: 5506, Ахмад: 11978).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Пророк ﷺ запретил мужчинам окрашивать одежду или тело шафраном в жёлтый цвет, а также наносить на себя шафрановые благовония» (Аль-Бухари: 5846; Муслим: 5506; Ахмад: 11978).

Түсіндірме (қазақша)

Түсіндірмелерде запырангүлмен киімді сары түске бояу немесе запырангүлден жасалған әтірді қолдану сол заманда негізінен әйелдер қауымына тән болғандықтан Пайғамбарымыз ﷺ ер адамдарға оны қолдануға тыйым салған делінген. Дегенмен кейбір риуаяттарда ер адамдарға да запырангүлмен киімді сары түске бояуға болатындығы айтылған. Алайда ол риуаяттар мансұқталған деген көзқарас бар.

Түсіндірме (орысша)

В толкованиях говорится, что Пророк ﷺ запретил мужчинам пользоваться этим, поскольку в то время окрашивание одежды шафраном в жёлтый цвет и использование изготовленных из шафрана благовоний были свойственны преимущественно женщинам. Вместе с тем в некоторых преданиях сообщается, что мужчинам также разрешалось окрашивать одежду шафраном в жёлтый цвет. Однако существует мнение, что эти предания были отменены.

1801
Риядус-салихин, № 1801Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عبد اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: رأى النَّبِيُّ ﷺ عَلَيَّ ثَوْبَيْنِ مُعَصْفَرَيْنِ، فَقَالَ: «أُمُّكَ أَمَرَتْكَ بِهَذا؟» قُلْتُ: أَغْسِلُهُمَا؟ قَالَ: «بَلْ أَحْرِقْهُمَا». وَفِى رِوَايَة، فَقَالَ: «إِنَّ هَذَا مِنْ ثِيَابِ الْكُفَّارِ فَلَا تَلْبَسْهَا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Асс (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ менің үстімдегі сары түске боялған қос киімді көріп: «Мынаны саған анаң ки деді ме?» – деп сұрады. Мен: «Бұларды жуайын ба?» – дегенімде, маған: «Одан да өртеп жібер», – деп айтты», – деген (Ахмад: 6536).

Басқа бір хадисте: «Бұл кәпірлердің киімі, мұны киме!» – деген (Муслим: 5434).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ увидел на мне два одеяния, окрашенных сафлором, и спросил: “Это твоя мать велела тебе надеть их?” Я спросил: “Мне выстирать их?” Он ответил: “Лучше сожги их”» (Ахмад: 6536).

В другом хадисе передаётся, что Пророк ﷺ сказал: «Это одежда неверующих, поэтому не надевай её!» (Муслим: 5434).