Хадис

Алтын немесе күміс ыдыс қолдануға болмайтындығы жайында

О запрещении пользоваться золотой или серебряной посудой

Риядус-салихин, 364-тақырып · 3 хадис · № 1797–1799

Хадистер

1797
Риядус-салихин, № 1797Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سلمة: أَنَّ رسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الَّذِى يَشْرَبُ فِى آنِيَةِ الْفِضَّةِ، إِنَّمَا يُجَرْجِرُ فِى بَطْنِهِ نَارَ جَهَنَّمَ» وَفِى رِوَايَة لمسلم: «إِنَّ الَّذِى يَأكُلُ أَوْ يَشْرَبُ فِى آنِيَةِ الْفِضَّةِ والذَّهَبِ»

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Күміс ыдыспен сусын ішкен адам қарнына жаһаннам отын құйған болады», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 5634, Муслим: 5385, Ахмад: 26611). Имам Муслимнің жинағында келген риуаятта: «Күміс және алтын ыдыстардан ішіп-жеген...», – деп келген.

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Умм Саламы (да будет доволен ею Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто пьёт из серебряного сосуда, тем самым вливает в своё чрево огонь ада» (Аль-Бухари: 5634; Муслим: 5385; Ахмад: 26611).

В версии, приведённой в сборнике имама Муслима, сказано: «Тот, кто ест или пьёт из серебряных и золотых сосудов…»

1798
Риядус-салихин, № 1798Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيفَةَ قَالَ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ نهانا عنِ الْحَرِيِرِ، وَالِدِّيبَاجِ، وَالشُّرْبِ فِى آنِيَةِ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ، وَقَالَ: «هُنَّ لَهُمْ فِى الدُّنْيَا، وَهِيَ لَكُمْ فِى الْآخِرَةِ».

وَفِى رِوَايَة فِى الصحيحين عَنْ حُذيْفَةَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا تَلْبسُوا الْحَرِيرَ وَلَا الدِّيبَاجَ، وَلَا تَشْرَبُوا فِى آنِيَةِ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ وَلَا تَأكُلُوا فِى صِحَافِهَا»

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ бізге жібек киім киюге және алтын мен күміс ыдыстан ішіп-жеуге тыйым салып: «Бұлар бұл дүниеде оларға (кәпірлерге), ақыретте сендерге тиесілі болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5632, Муслим: 5394, Ахмад: 23375).

Имам Бұхари мен имам Муслимде келген басқа бір риуаятта Хузайфа (р.а.): Алла елшісінің: «Жібек киім кимеңдер, алтын мен күміс ыдыспен еш нәрсе ішпеңдер және алтын мен күміс табақтан тамақ жемеңдер», – деп айтқанын естідім», – деген.

Орысша аудармасы

Сообщается, что Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Пророк ﷺ запретил нам носить одежду из шёлка и парчи, а также есть и пить из золотых и серебряных сосудов и сказал: “Всё это в земной жизни принадлежит им (неверующим), а в вечной жизни будет принадлежать вам”» (Аль-Бухари: 5632; Муслим: 5394; Ахмад: 23375).

В другой версии, приведённой имамами аль-Бухари и Муслимом, Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха говорил: “Не носите одежду из шёлка и парчи, ничего не пейте из золотых и серебряных сосудов и не ешьте с золотых и серебряных блюд”».

1799
Риядус-салихин, № 1799

عَنْ أَنَس بْنِ سِيِرِين، قَالَ: كنتُ مَعَ أنس بْنِ مالك عِنْدَ نَفَرٍ مِنَ الْمَجُوسِ؛ فَجِيءَ بفَالُوذَجٍ عَلَى إِنَاءٍ مِنْ فِضَّةٍ، فَلَمْ يَأَكُلْهُ، فَقِيلَ لَهُ: حَوِّلْهُ، فَحَوَّلَهُ عَلَى إِناءٍ مِنْ خَلَنْجٍ وَجِيءَ بِهِ فَأَكَلَهُ

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Сирин: «Бірде Әнәс ибн Мәликпен (р.а.) бірге бір қауым мәжусилермен отырған едік. Сол кезде күміс ыдысқа салынған «фәлузаж» деген тәтті тағам әкелінді. Әнәс (р.а.) оны жемеді. Сонда әкелген адамға оны басқа ыдысқа ауыстыр делінді, ол оны ағаш ыдысқа ауыстырып, соған салып әкелгенде, Әнәс (р.а.) одан жеді», – деп айтқан (Бәйһақи: 28/1).

Орысша аудармасы

Анас ибн Сирин сказал: «Однажды мы вместе с Анасом ибн Маликом (да будет доволен им Аллах) сидели с группой огнепоклонников. В это время принесли сладкое блюдо под названием “фалузадж”, поданное в серебряной посуде. Анас (да будет доволен им Аллах) не стал его есть. Тогда человеку, принёсшему блюдо, велели переложить его в другую посуду. Он переложил сладость в деревянную посуду и снова принёс её, после чего Анас (да будет доволен им Аллах) поел из неё» (Аль-Байхаки: 28/1).