عَنْ ورَّادٍ كاتب الْمغيرة، قَالَ: أَمْلَى عَلَيَّ الْمُغِيرَةُ بْنُ شُعْبَةَ فِى كِتابٍ إِلَى مُعَاوِيَةَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقُولُ فِى دُبُرِ كُلِّ صَلَاةٍ مَكْتُوبَةٍ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، اللَّهُمَّ لَا مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلَا مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلَا يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الْجَدُّ» وَكَتَبَ إِلَيْهِ أَنَّهُ كَانَ يَنْهَى عَنْ قِيلَ وَقَالَ، وَإِضَاعَةِ الْمَالِ، وَكَثْرَةِ السُّؤَالِ، وَكَانَ يَنْهَى عَنْ عُقُوقِ الْأُمَّهَاتِ، وَوَأْدِ الْبَنَاتِ، وَمَنْعٍ وَهَاتِ
Мұғира ибн Шұғбаның хатшысы Уаррад: Мұғира өзінің Мұғауияға (р.а.) арнаған хатын маған былай жаздырған еді: «Пайғамбарымыз ﷺ әрбір парыз намазының артынша мына дұғаны айтатын еді: «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрика ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ‘ала кулли шәйин қадир! Аллаһуммә лә мани‘а лимә а‘тайтә, уә лә му‘тыя ли мә мәна‘тә, уә лә иәнфә‘у зәл-жадди минкәл-жәдду (Алладан басқа тәңір жоқ! Ол серігі жоқ жалғыз құдай! Бар билік пен бар мадақ бір Өзіне тиесілі! Ол барлық нәрсеге құдіретті! Уа, Алла! Өзіңнің бергеніңе тосқауыл болатын ешбір күш жоқ, сондай-ақ бермегеніңді беретін де ешбір күш жоқ. Ешбір байлық һәм билік иесіне Өзіңнің рақымың болмаса, байлығы да, билігі де еш пайда бермейді)». Сондай-ақ оған мынаны да жазған еді: «Алла елшісі ғайбат және өсек-аяң айтып сөз тасудан, мал-дүниені орынсыз жұмсап, рәсуа қылудан және пайдасыз көп сұрақ қоюдан тыятын еді, сондай-ақ аналарға бағынбай, қарсы келуден, қыз балаларды тірідей көмуден және міндеттерді орындамаудан һәм хақысыз нәрсені талап етуден тыятын еді» (Бұхари: 7692, Муслим: 1338, Ахмад: 18139).
Уаррад, писец Мугиры ибн Шубы, передал, что Мугира продиктовал ему письмо, адресованное Муавии (да будет доволен им Аллах), следующего содержания: «После каждого обязательного намаза Пророк ﷺ обычно произносил такую мольбу: “Ля иляха илляллаху вахдаху ля шарика ляху, ляхуль мульку ва ляхуль хамду, ва хува ʿаля кулли шайин кадир! Аллахумма, ля маниʿа ли ма аʿтайта, ва ля муʿтия ли ма манаʿта, ва ля янфаʿу заль джадди минкаль джадду” (Нет божества, кроме Аллаха! Он – единственный Бог, у Которого нет сотоварища! Ему одному принадлежат вся власть и вся хвала! Он властен над всякой вещью! О Аллах! Нет силы, способной воспрепятствовать тому, что Ты даровал, и нет силы, способной даровать то, чего Ты не даровал. Ни одному обладателю богатства и власти без Твоей милости не принесут пользы ни его богатство, ни его власть)».
Мугира также написал ему: «Посланник Аллаха запрещал злословить за спиной, разносить сплетни и пересуды, неразумно растрачивать имущество и задавать множество бесполезных вопросов. Он также запрещал ослушиваться матерей и противиться им, закапывать дочерей живыми, уклоняться от исполнения обязанностей и требовать то, на что человек не имеет права» (Аль-Бухари: 7692; Муслим: 1338; Ахмад: 18139).