عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يَبِيعَ حَاضِرٌ لِبَادٍ، وَلَا تَنَاجَشُوا وَلَا يَبِيع الرَّجُلُ عَلَى بَيْعِ أخْيِهِ، وَلَا يَخْطُبُ عَلَى خِطْبَةِ أخِيهِ، وَلَا تَسْأَلُ الْمَرْأَةُ طَلَاقَ أُخْتِهَا لِتَكْفَأَ مَا فِى إِنائِهَا
وَفِى رِوَايَة قَالَ: نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ التَّلَقِّى، وَأَنْ يَبْتَاعَ الْمُهَاجِرُ لِلأعْرَابِيِّ، وَأَنْ تَشْتَرِطَ الْمَرْأَةُ طَلَاقَ أُخْتِهَا، وأَنْ يَسْتَامَ الرَّجُلُ على سَوْمِ أخِيهِ، وَنَهَى عَنِ النَّجْشِ والتَّصْرِيَةِ
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ қала тұрғыны болып табылатын адамға қырдан затын саудалай келген қалашыға делдал болуына тыйым салды. Сонымен қатар, Алла елшісі: «Тұтынушыларды әдейі қызықтыру үшін (сатушымен алдын-ала келісу арқылы) өздерің алмайтын затты ел-жұрттың көзінше алатындай болып бағасын көтермеңдер. Ешкім мұсылман бауырының саудасына араласып, біреумен жасасқан сауда-саттыққа қатысты келісімін бұзбасын. Ешкім мұсылман бауырының айттырып қойған қызына құда түспесін. Сондай-ақ ешбір әйел (әйел әрі мұсылман ретінде) әпкесі немесе сіңлісі болған басқа әйелдің ошағын ойрандау үшін күйеуімен ажырасуын талап етпесін», – деп айтты», – деген.
Басқа бір риуаятта: «Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісі: «Қалаға азық-түлік немесе басқа да дүниесін саудалау үшін әкеле жатқан керуенді қала сыртынан күтіп алуға, қала тұрғынына қыр адамының сатуға әкелген дүниесін саудалауға (яғни, оған делдал болуға), біреуге екінші әйел болып тұрмысқа шығатын қайсыбір әйелдің болашақ күйеуіне бірінші әйеліңмен ажырас деп шарт қоюына, қайсыбір адамның мұсылман бауырының саудасына килігіп, біреумен жасасқан сауда-саттық келісімін бұзуына, тұтынушыларды әдейі қызықтыру үшін айлаға басып, саудаға шығарылған заттың бағасын көтеруге және сатылатын малды алатын адамға сүтті етіп көрсету үшін саумай қоя тұруға қатаң тыйым салды», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 2140, Муслим: 3458, Ахмад: 7248).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ запретил горожанину выступать посредником при продаже товаров сельского жителя, прибывшего в город для торговли. Кроме того, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не повышайте на глазах у людей цену товара, который сами не собираетесь покупать, делая вид, будто намерены его приобрести, чтобы умышленно заинтересовать покупателей (предварительно договорившись об этом с продавцом). Пусть никто не вмешивается в сделку своего брата-мусульманина и не срывает заключённую им с другим человеком торговую договорённость. Пусть никто не сватается к женщине, к которой уже посватался его брат-мусульманин. Пусть также ни одна женщина не требует, чтобы другая женщина, являющаяся её сестрой (как женщина и мусульманка), развелась со своим мужем, желая разрушить её семейный очаг”».
В другой версии сообщается, что Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ строго запретил встречать за городом караваны, везущие в город продукты питания или иные товары для продажи; горожанину – продавать товары, привезённые сельским жителем (то есть выступать для него посредником); женщине, выходящей за мужчину второй женой, – ставить будущему мужу условие развестись с первой женой; кому-либо – вмешиваться в сделку своего брата-мусульманина и срывать заключённую им с другим человеком торговую договорённость; искусственно завышать цену выставленного на продажу товара, чтобы обманным путём заинтересовать покупателей; а также оставлять предназначенное для продажи животное недоенным, чтобы создать у покупателя впечатление, будто оно даёт много молока» (Аль-Бухари: 2140; Муслим: 3458; Ахмад: 7248).