عَنْ النعمان بْنِ بشير: أَنَّ أباه أَتَى بِهِ رسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: إِنِّى نَحَلْتُ ابْنِى هَذَا غُلَامًا كَانَ لِى، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أكُلَّ وَلَدِكَ نَحَلْتَهُ مِثْلَ هَذَا؟» فَقَالَ: لَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَأرْجِعهُ».
وَفِى رِوَايَةٍ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَفَعَلْتَ هذَا بِوَلَدِكَ كُلِّهِمْ؟» قَالَ: لَا، قَالَ: «اتَّقُوا اللَّه واعْدِلُوا فِى أوْلادِكُمْ» فَرَجَعَ أبي، فَرَدَّ تِلْكَ الصَّدَقَةَ
وَفِى رِوَايَةٍ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا بَشيرُ ألَكَ وَلَدٌ سِوَى هَذَا؟» فَقَالَ: نَعَمْ، قَالَ: «أكُلَّهُمْ وَهَبْتَ لَهُ مِثْلَ هذَا؟» قَالَ: لَا، قَالَ: «فَلَا تُشْهِدْنِى إِذًا فَإِنِّى لَا أشْهَدُ عَلَى جَوْرٍ»
وَفِى رِوَايَةٍ: «لَا تُشْهِدْنِى عَلَى جَوْرٍ»
وَفِى رِوَايَة: «أشْهِدْ عَلَى هذَا غَيْرِى!» ثُمَّ قَالَ: «أيَسُرُّكَ أَنْ يَكُونُوا إِلَيْكَ فِى الْبِرِّ سَواءً؟» قَالَ: بَلَى، قَالَ: «فَلا إِذًا»
Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Бір күні әкем мені Алла елшісіне ﷺ алып барып: «Мына балама өзімнің бір құлымды сыйға тарттым», – деді. Алла елшісі әкемнен: «Бұл балаңа бергеніңдей, өзге балаларыңа да бердің бе?» – деп сұрады. Әкем: «Жоқ», – деді. Сонда ол: «Ендеше бергеніңді қайтып ал», – деп айтты», – деген.
Басқа риуаятта: «Сонда Алла елшісі әкеме: «Алладан қорқыңдар, балаларыңды алаламай, әділ болыңдар», – деп айтты. Алла елшісінің осы өсиетінен кейін әкем райынан қайтып, маған берген садақасын қайтып алды», – делінген (Ахмад: 18366).
Басқа бір риуаятта Алла елшісі ﷺ: «Уа, Бәшир! Бұдан басқа бала-шағаң бар ма?» – дегенде, ол: «Иә, бар», – деді. Сонда одан: «Барлығына мынаған бергендей сый бердің бе?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ, бермедім», – деп жауап берді. Сонда Алла елшісі оған: «Онда сен мені бұл ісіңе куә қылма, өйткені мен әділетсіз іске куә болмаймын!» – деп айтқан екен. Тағы бір риуаятта: «Мені зұлымдыққа куә қылма», – деп келсе, хадистің тағы бір нұсқасында: «Бұған менен басқа біреуді куә қыл», – деді де, артынша оған: «Балаларыңның барлығы бірдей өзіңе жақсылық жасағанын қалар ма едің?» – дегенде, ол: «Әлбетте», – деді, сонда Алла елшісі оған: «Ендеше олай болмайды (яғни балаларыңды бөліп-жармай, бәріне бірдей қара)», – деп айтқан екен.
Сообщается, что Нуман ибн Башир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды отец привёл меня к Посланнику Аллаха ﷺ и сказал: “Я подарил этому своему сыну одного из моих рабов”. Посланник Аллаха ﷺ спросил моего отца: “Ты подарил остальным своим детям то же, что подарил этому сыну?” Отец ответил: “Нет”. Тогда он сказал: “В таком случае забери обратно то, что подарил”».
В другой версии сообщается: «Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал моему отцу: “Бойтесь Аллаха и будьте справедливы ко всем своим детям, не выделяя одних перед другими”. После этого наставления Посланника Аллаха ﷺ мой отец передумал и забрал обратно подаренное мне» (Ахмад: 18366).
В другой версии передаётся, что Посланник Аллаха ﷺ спросил: «О Башир! Есть ли у тебя другие дети, кроме этого?» Он ответил: «Да». Тогда Посланник Аллаха ﷺ спросил: «Ты подарил каждому из них такой же подарок, какой подарил этому?» Он ответил: «Нет, не подарил». Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «В таком случае не делай меня свидетелем этого поступка, ибо я не свидетельствую о несправедливости!»
Ещё в одной версии сказано: «Не делай меня свидетелем беззакония». А в другой версии хадиса сообщается, что он сказал: «Попроси кого-нибудь другого, кроме меня, засвидетельствовать это», – а затем спросил его: «Хотел бы ты, чтобы все твои дети одинаково хорошо относились к тебе?» Он ответил: «Конечно». Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «В таком случае не поступай так (то есть не разделяй своих детей, отдавая предпочтение одним перед другими, а относись ко всем одинаково)».