Хадис

Хад жазасы[^251] кесілгендерге араша түсуге болмайтындығы жайында

О том, что нельзя ходатайствовать за тех, кому назначено наказание хадд[^251]

Риядус-салихин, 350-тақырып · 1 хадис · № 1772

Хадистер

«الزَّانِيَةُ وَالزَّانِى فَاجْلِدُوا كُلَّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا مِئَةَ جَلْدَةٍ وَلَا تَأْخُذْكُمْ بِهِمَا رَأفَةٌ فِى دِينِ اللَّهِ إِنْ كُنْتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَاليَوْمِ الْآخِرِ» «Зина жасаған әйел мен зина жасаған ер адамның әрқайсысына жүз дүреден соғыңдар. Егер Аллаға және ақырет күніне сенетін болсаңдар, Алланың дінінің үкімін орындауға келгенде, ол екеуіне жандарың ашымасын» («Нұр», 2-аят).

«Женщину и мужчину, совершивших прелюбодеяние, накажите каждого сотней ударов плетью, и не проявляйте к ним двоим жалости при исполнении предписания Аллаха, если вы веруете в Аллаха и в Судный День» (сура «Нур», 24:2).

1772
Риядус-салихин, № 1772Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة: أَنَّ قُرَيْشًا أهَمَّهُمْ شَأْنُ الْمَرْأَةِ الْمَخْزُومِيَّةِ الَّتِى سَرَقَتْ، فقَالُوا: مَنْ يُكَلِّمُ فِيهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ؟ فَقَالُوا: وَمَنْ يَجْتَرِئُ عَلَيْهِ إِلَّا أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ، حِبُّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. فَكَلَّمَهُ أُسَامَةُ، فَقَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أتَشْفَعُ فِى حَدٍّ مِنْ حُدُودِ اللَّهِ تَعَالَى؟!» ثُمَّ قَامَ فاخْتَطَبَ، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّمَا أَهْلَكَ الَّذِينَ قَبْلَكُمْ أَنَّهُمْ كَانُوا إِذَا سَرَقَ فِيِهمُ الشَّرِيفُ تَرَكُوهُ، وَإِذَا سَرَقَ فِيهِمُ الضَّعِيفُ، أَقَامُوا عَلَيْهِ الْحَدَّ، وَايْمُ اللَّهِ لَوْ أَنَّ فَاطِمَةَ بِنْتَ مُحَمَّدٍ سَرَقَتْ لَقَطَعْتُ يَدَهَا».

وَفِى رِوَايَةٍ: فَتَلوَّنَ وَجْهُ رَسُولِ اللَّه ﷺ، فَقَالَ: «أتَشْفَعُ فِى حَدٍّ مِنْ حُدُودِ اللَّهِ؟!» فَقَالَ أُسَامَةُ: اسْتَغْفِرْ لِى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: ثُمَّ أَمَرَ بِتِلْكَ الْمَرْأَةِ فَقُطِعَتْ يَدُهَا

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен хадисте былай баяндалған, кезінде Махзум руынан ұрлық жасаған бір әйелдің мәселесі құрайштықтардың уайым-қайғысына айналған еді. Сөйтіп олар: «Мұның мәселесі бойынша Алла елшісімен ﷺ кім сөйлеседі?» – деп кеңесіп, ақырында: «Бұған тек Алла елшісінің сүйікті сахабасы Зайдұлы Усаманың ғана батылы жетеді», – десті. Содан Усама Алла елшісімен сөйлескенде, ол оған: «Сонда сен Алла Тағала бекіткен хад жазасын іске асырмау үшін араша түсіп тұрсың ба?!» – деді де орнынан тұрып құтба айтты, соңында жамағатқа: «Сендерден бұрынғыларды құрдымға кетірген олардың мына қылығы еді, олар іштеріндегі әулетті де, дәулетті адам ұрлық жасаса, оған жаза қолданбай жайына қоя беретін еді, ал әлжуаз адам ұрлық жасаса, оған жаза қолданатын еді. Алланың атымен ант етейін! Егер Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса, оның қолын кесер едім», – деп айтады (Бұхари: 3475, Муслим: 4410).

Басқа бір риуаятта Алла елшісінің түрі өзгеріп кетті де: «Сонда сен Алла бекіткен хад жазасын іске асырмау үшін араша түсіп тұрсың ба?!» – деді. Сонда Усама: «Уа, Расулалла! Алланың мені кешіруін тілеңізші», – деп өтінді. Содан соң Алла елшісі әлгі әйелге кесілген хад жасасын іске асыруды бұйырды, сөйтіп оның қолы кесілді», – деп келген.

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Аишей (да будет доволен ею Аллах), рассказывается: «Однажды курайшиты были сильно обеспокоены делом женщины из рода Махзум, совершившей кражу. Они стали советоваться: “Кто поговорит о ней с Посланником Аллаха ﷺ?” – а затем решили: “На это осмелится только Усама ибн Зайд, любимый сподвижник Посланника Аллаха ﷺ”. Когда Усама заговорил об этом с Посланником Аллаха ﷺ, тот спросил его: “Неужели ты ходатайствуешь о том, чтобы не исполнять наказание хадд, установленное Всевышним Аллахом?!” Затем он поднялся, произнёс проповедь и в завершение сказал собравшимся: “Людей, живших до вас, погубило следующее: когда среди них совершал кражу знатный и богатый человек, они оставляли его без наказания, а когда крал слабый, они наказывали его. Клянусь Аллахом! Если бы Фатима, дочь Мухаммада, совершила кражу, я отрубил бы ей руку”» (Аль-Бухари: 3475; Муслим: 4410).

В другой версии сообщается, что выражение лица Посланника Аллаха ﷺ изменилось, и он сказал: «Неужели ты ходатайствуешь о том, чтобы не исполнять наказание хадд, установленное Аллахом?!» Тогда Усама попросил: «О Посланник Аллаха! Попроси Аллаха простить меня». Затем Посланник Аллаха ﷺ велел привести в исполнение назначенное этой женщине наказание хадд, и ей отрубили руку.