Хадис

Басыбайлы құлдың қожайынынан қашуының ауыр күнә екендігі жайында

О том, что побег раба от хозяина является тяжким грехом

Риядус-салихин, 349-тақырып · 2 хадис · № 1770–1771

Хадистер

1770
Риядус-салихин, № 1770Риуаят етуші: Жәрир

عَنْ جرِير قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَيُّمَا عَبْدٍ أَبَقَ، فَقَدْ بَرِئَتْ مِنْهُ الذِّمَّةُ»

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір басыбайлы құл (ешқандай зұлымдық пен қорлық көрместен) қожайынынан қашатын болса, ислам діні кепілдік беретін құқық пен қорғаннан1 айырылады», – деп айтты», – деген (Муслим: 229, Ахмад: 19243).

Орысша аудармасы

Джарир ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если какой-либо раб (не подвергаясь никакому притеснению и унижению) убежит от своего хозяина, он лишится прав и защиты, гарантируемых исламом1”» (Муслим: 229; Ахмад: 19243).

  1. 1Ислам дінін өз еркімен саналы түрде қабылдаған әрбір мұсылман шариғат мақсаттарына сай діни-сенім құқығы, бас амандығы, мал-жан амандығы, ар-намысының тапталмауы сынды құқықтарға ие болады.
  1. 1Каждый мусульманин, добровольно и осознанно принявший ислам, в соответствии с целями шариата обретает право на свободу вероисповедания, личную безопасность, сохранность жизни и имущества, а также защиту чести и достоинства.
1771
Риядус-салихин, № 1771Риуаят етуші: Жәрир

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ: «إِذَا أَبَقَ الْعَبْدُ، لَمْ تُقْبَلْ لَهُ صَلَاةٌ» وَفِى رِوَايَةٍ: «فَقَدْ كَفَرَ»

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдуллаһ (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбір құл (ешқандай зұлымдық пен қорлық көрместен) иесінен қашатын болса, намазы қабыл болмайды», – деп айтқан. Басқа бір риуаятта: «Күпірлік қылған болады!» – делінген (Муслим: 230).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Джариром ибн Абдуллахом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Если какой-либо раб (не подвергаясь никакому притеснению и унижению) убежит от своего хозяина, его намаз не будет принят». В другой версии сказано: «Он впадёт в неверие!» (Муслим: 230).