Хадис

Риядус-салихин, № 1769

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
348. Қабір үстіне құрылыс салуға болмайтындығы жайында
Нөмірі
№ 1769 (қазақша басылым реті)
1769
Риядус-салихин, № 1769Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أن يُجَصَّصَ الْقَبْرُ، وأَنْ يُقْعَدَ عَلَيْهِ، وَأَنْ يُبْنَى عَلَيْهِ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісі ﷺ зираттың сыртын сылауға, қабірдің үстінде отыруға және қабір үстіне қандай да бір құрылыс (яғни, күмбез, кесене) салуға тыйым салды», – деп айтқан (Муслим: 3356, Ахмад: 14149).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ запрещал оштукатуривать могилы, сидеть на них и возводить над ними какие-либо сооружения (то есть купола или мавзолеи)» (Муслим: 3356; Ахмад: 14149).

Түсіндірме (қазақша)

Әбу әл-Һайяж Хаян ибн Хусайн: Әли ибн Әбу Тәліп (р.а.) маған: «Алла елшісі ﷺ мені жұмсаған бір іске сені жұмсайын ба?! Қай жерде жанды нәрсенің бейнесін көрсең, соны міндетті түрде жойғын, қай жерден биік қабір көрсең, соны міндетті түрде тегістеп жібер», – деп айтты». Міне осы хадис те жоғарыдағы хадиспен мәндес болып келеді. Өйткені екеуінде де қабірлердің үстіне күмбез, кесене сынды құрылыстарды салуға тыйым салынған. Ал енді бұл тыйымның себебі мен хикметіне келсек, ислам дінінің алғашқы дәуірінде тірі жаратылыстардың суретін салуға, мүсінін жасауға және қабірлерді биік етіп тұрғызуға қатаң түрде тыйым салынған болатын. Мұның басты себебі мен хикметі – сол дәуірдегі қауымдар, соның ішінде араб қауымы пұттарға және кейбір жаратылыстарға табынушылықтан жаңадан арылып келе жатқан болатын. Сол қауымдардың сана-сезімі мен наным-сенімін пұттар мен өзге де жаратылыстарды әсіре дәріптеуден толық әрі түбегейлі арылтып, оның орнына таухид сенімін орнықтыру үшін аталған дүниелерге осылай қатаң түрде тыйым салынған болуы керек. Бұған қатысты әйгілі ханафи ғалымы Бәдруддин әл-Айни «Сахих Бұхариге» жазған түсіндірмесінде былай деп жазған: «Исламның алғашқы кезеңінде пұтқа табынушылық толық жойыла қоймаған еді. Сонда пайғамбарымыз ﷺ барлық бейне атаулыдан, тіпті маталарда бейнеленген суреттерге де қатаң тыйым салды. Кейін таухид сенімі әбден орныққан соң маталарда бейнеленген суреттерге рұқсат берді». (Умдат әл-Қари Шарх сахих әл-Бұхари, 22/74) Ал бүгінгі көптеген өркениетті мұсылман елдеріндегі, соның ішінде біздің елдегі адамдардың сана-сезімі мен дүниетанымы баяғы замандардағы адамдардың сана-сезімінен мүлдем басқаша. Өнер туындысы, естелік ретінде немесе сән үшін салынған суреттер мен жасалған мүсіндерге, сондай-ақ тұрғызылған қабірлер мен кесенелердің нақ өзіне ешкім барып құлдық ұрып табынбайды, өйткені аталған дүниелер бүгінгі таңда негізінен өнер туындысы және тарихи-мәдени мұра ретінде бағаланады. Кезінде сахабалардың және олардан кейінгі мұсылмандардың Мысыр, Иран, Туркия және т.б. елдердегі тарихи ескерткіштерді, соның ішінде сан мыңдаған тас мүсіндер мен көне мазарларды бұзбай сол күйінде қалдыруы да бекер болмаса керек. Яғни, олар аталған ескерткіштерге бұрынғы өркениеттерден қалған тарихи-мәдени мұра ретінде қараған. Дегенмен бұл, мұсылмандар емін-еркін сурет салып, мүсін жасаумен айналыса берсін, сондай-ақ үй-жайларына суреттер мен мүсіндерді толтырып қоя берсін дегенді білдірмейді. Біз қайткен күнде де, осы уақытқа дейін қалыптасқан үй-жайларға жанды нәрселердің суретін ілмейтін, мүсінін қоймайтын мұсылмандық ғұрып пен мәдениетті сақтауымыз керек. Өйткені бұл – мұсылман үмбетін өзге қауымдар мен мәдениеттерден ерекшелейтін үрдіс екені белгілі.

Ал мұсылмандардың қабірлері мен кесенелеріне келсек, қазіргі адамдар ондай орындарға негізінен зиярат ету мақсатында барады. Ал әр заманда азды-көпті кездесетін білімсіздігі мен надандығы себепті, қабірлерді әсіре дәріптейтін бірен-саран жекелеген адамдар немесе қауымдар шығып жатса, оларға көркем түрде насихат айтып, ондай жаңсақ наным мен іс-әрекеттердің дінімізге қайшы екенін байыпты түрде түсіндіру керек. Алла елшісінің ﷺ сахабаларын әубаста қабірлерге барудан қатаң тыйғандығын, кейін біраз уақыт өтіп, жүректеріндегі таухид сенімі әбден бекіген соң, оларға қабірлерді зиярат етуге рұқсат еткендігін білеміз. Ендеше, жоғарыдағы хадисті де осы контексте түсінген жөн. Ең дұрысын Алла біледі!

Түсіндірме (орысша)

Абу аль-Хайядж Хаян ибн Хусайн передал, что Али ибн Абу Талиб (да будет доволен им Аллах) сказал ему: «Не поручить ли тебе то же дело, с которым Посланник Аллаха ﷺ послал меня?! Где бы ты ни увидел изображение живого существа, непременно уничтожь его, а где бы ни увидел возвышающуюся могилу, непременно выровняй её».

Этот хадис имеет тот же смысл, что и приведённый выше, поскольку в обоих хадисах запрещается возводить над могилами такие сооружения, как купола и мавзолеи.

Что же касается причины и мудрости этого запрета, то в ранний период ислама создавать изображения и изваяния живых существ, а также возводить высокие надгробия было строго запрещено. Главная причина и мудрость этого заключались в том, что народы той эпохи, в том числе арабы, лишь недавно начали освобождаться от поклонения идолам и некоторым сотворённым существам. По всей видимости, столь строгий запрет на перечисленные вещи был установлен для того, чтобы полностью и окончательно очистить сознание и верования этих народов от чрезмерного возвеличивания идолов и иных творений и утвердить вместо этого веру в таухид.

По этому поводу известный ханафитский учёный Бадруддин аль-Айни в своём комментарии к «Сахиху аль-Бухари» писал: «В ранний период ислама идолопоклонство ещё не было полностью искоренено. Поэтому Пророк ﷺ строго запретил любые изображения, в том числе нанесённые на ткани. Позднее, когда вера в таухид окончательно утвердилась, он разрешил изображения на тканях» («Умдат аль-Кари шарх Сахих аль-Бухари», 22/74).

Однако сознание и мировоззрение людей, живущих сегодня во многих цивилизованных мусульманских странах, в том числе и в нашей стране, совершенно отличаются от сознания людей прежних времён. Никто не приходит поклоняться изображениям и изваяниям, созданным как произведения искусства, на память или для украшения, равно как и самим возведённым могилам и мавзолеям, поскольку в наше время всё это в основном воспринимается как произведения искусства и историко-культурное наследие.

Вероятно, неслучайно сподвижники, а вслед за ними и последующие поколения мусульман сохранили в неприкосновенности исторические памятники Египта, Ирана, Турции и других стран, в том числе многие тысячи каменных изваяний и древних усыпальниц. Иными словами, они относились к этим памятникам как к историко-культурному наследию, оставшемуся от прежних цивилизаций.

Однако это не означает, что мусульманам следует беспрепятственно создавать изображения и изваяния либо наполнять ими свои дома. Мы при любых обстоятельствах должны сохранять сложившиеся к настоящему времени мусульманские обычаи и культуру, согласно которым в жилищах не вывешивают изображения живых существ и не устанавливают их изваяния. Ведь известно, что эта традиция отличает мусульманскую умму от других сообществ и культур.

Что же касается мусульманских могил и мавзолеев, то современные люди посещают такие места главным образом с целью зиярата.

Если же в ту или иную эпоху из-за недостатка знаний и невежества появляются отдельные люди или группы, чрезмерно возвеличивающие могилы, им следует с добротой дать наставление и спокойно разъяснить, что подобные ошибочные убеждения и действия противоречат нашей религии.

Мы знаем, что Посланник Аллаха ﷺ первоначально строго запрещал своим сподвижникам посещать могилы, но спустя некоторое время, когда вера в таухид прочно утвердилась в их сердцах, разрешил им совершать зиярат к могилам. Следовательно, приведённый выше хадис также следует понимать в этом контексте. Аллах знает лучше!