Хадис

Ауыз ашпастан екі немесе одан да көп күн қатарынан ораза ұстауға болмайтындығы жайында

О том, что нельзя поститься два или более дней подряд, не разговляясь

Риядус-салихин, 346-тақырып · 2 хадис · № 1766–1767

Хадистер

1766
Риядус-салихин, № 1766

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة وعَائِشَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نهى عَنْ الْوِصَالِ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) және Айша (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ ауыз ашпастан екі немесе одан да көп күнді жалғап, үздіксіз ораза ұстауға тыйым салған», – деп айтылған (Бұхари: 1965, 1986, Муслим: 2566, Ахмад: 24586).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах) и Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Пророк ﷺ запрещал поститься непрерывно два дня и более, не разговляясь (Аль-Бухари: 1965, 1986; Муслим: 2566; Ахмад: 24586).

1767
Риядус-салихин, № 1767Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: نَهَى رسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْوِصَالِ. قَالُوا: إِنَّكَ تُواصِلُ؟ قَالَ: «إِنِّى لَسْتُ مِثْلَكُمْ، إِنِّى أُطْعَمُ وَأُسْقَى»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ «уисал» оразасын ұстауға тыйым салған еді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Сіздің уисал оразасын ұстайтын кездеріңіз болады ғой?» – деді. Алла елшісі оларға: «Мен сендер секілді емеспін, өйткені маған ас-су беріледі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1963, Муслим: 2563, Ахмад: 5917).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ запрещал соблюдать пост “висаль”. Тогда сподвижники сказали: “О Посланник Аллаха! Но ведь ты сам иногда соблюдаешь пост ‘висаль’?” Он ответил им: “Я не такой, как вы, ибо меня кормят и поят”» (Аль-Бухари: 1963; Муслим: 2563; Ахмад: 5917).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадистен біз дәл Алла елшісі секілді құлшылық жасауға шамамыздың жетпейтінін түсінеміз, өйткені оған құлшылық жасауда Алла Тағала тарапынан ерекше қолдау көрсетіледі. Сол арқылы ол ішіп-жемесе де тоқ болады. Яғни Алла Тағала Пайғамбарымыздың бойында тоқтықты ас-сусыз да жаратады. Ал өзге адамдардың бойында тоқтықты ас-судың себебімен жаратады. Өйткені бұл әлем себептерге негізделген.

Түсіндірме (орысша)

Из этого хадиса мы понимаем, что нам не под силу поклоняться в точности так же, как Посланник Аллаха ﷺ, поскольку Аллах Всевышний оказывает ему особую поддержку в поклонении. Благодаря этому он остаётся сытым, даже не принимая пищи и питья. Иными словами, Аллах Всевышний создаёт в Пророке ﷺ чувство сытости и без пищи и питья, тогда как в остальных людях Он создаёт сытость посредством пищи и питья. Ибо устройство этого мира основано на системе причин.