Хадис

Жұма күндері ғана ораза ұстап, жұмаға қараған түнде ғана тәһәжжүд намазын оқуды әдетке айналдырудың мәкруһ екендігі жайында

О нежелательности брать за привычку поститься только по пятницам и совершать намаз тахаджуд только в ночь на пятницу

Риядус-салихин, 345-тақырып · 4 хадис · № 1762–1765

Хадистер

1762
Риядус-салихин, № 1762Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «لَا تَخُصُّوا لَيْلَةَ الْجُمُعَةِ بِقِيَامٍ مِنْ بَيْنِ اللَّيَالِى، وَلَا تَخُصُّوا يَوْمَ الْجُمُعَةِ بِصِيَامٍ مِنْ بَيْنِ الْأَيَّامِ، إِلَّا أَنْ يَكُونَ فِى صَومٍ يَصُومُهُ أَحَدُكُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Түндердің арасынан тек жұмаға қараған түнде ғана таһажжуд намазын оқуды әдетке айналдырмаңдар. Сол сияқты күндердің ішінен тек жұма күндері ғана ораза ұстамаңдар. Алайда қайсыбіріңнің қалыптасқан әдеті бойынша ұстайтын оразасы жұма күніне дөп келсе, оның жөні басқа», – деп айтты»,– делінген (Муслим: 2684).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Не приучайте себя совершать тахаджуд только в ночь на пятницу, выделяя её среди остальных ночей. Точно так же не выделяйте одну лишь пятницу среди остальных дней для соблюдения поста. Исключение составляет случай, когда пятница совпадает с днём поста, который кто-либо из вас соблюдает по своему обыкновению» (Муслим: 2684).

1763
Риядус-салихин, № 1763Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَصُومَنَّ أَحَدُكُمْ يَوْمَ الْجُمُعَةِ إِلَّا يَوْمًا قَبْلَهُ أَوْ بَعْدَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Жұма күні ораза ұстамаңдар! Алайда одан бір күн бұрын немесе бір күн кейін қосып ұстасаңдар, оның жөні басқа»,1 – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 1985, Муслим: 2683, Ахмад: 10805).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не поститесь только в пятницу! Исключение составляет случай, если вы будете поститься также за день до неё или на следующий день”1» (Аль-Бухари: 1985; Муслим: 2683; Ахмад: 10805).

  1. 1Жұма күнімен бірге одан бір күн бұрын немесе бір күн кейін, яғни бейсенбі-жұма немесе жұма-сенбі күндері ораза ұстауға болады.
  1. 1Разрешается поститься в пятницу вместе с предыдущим или следующим днём, то есть в четверг и пятницу либо в пятницу и субботу.
1764
Риядус-салихин, № 1764

عَنْ محمد بْنِ عَبَّادٍ، قَالَ: سَأَلْتُ جَابِرًا أنَهَى النَّبِيُّ ﷺ عَنْ صَوْمِ الْجُمُعَةِ؟ قَالَ: نَعَمْ

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн Аббад: Бірде Жәбирден (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ жұма күні ораза ұстауға тыйым салды ма?» – деп сұрағанымда, «иә», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 1985, Муслим: 2681, Ахмад: 14154).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Мухаммад ибн Аббад сказал: «Однажды я спросил Джабира (да будет доволен им Аллах): “Запрещал ли Пророк ﷺ соблюдать пост в пятницу?” Он ответил: “Да”» (Аль-Бухари: 1985; Муслим: 2681; Ахмад: 14154).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадисте тек жұма күні ғана ораза ұстауға болмайтындығы айтылған, яғни, апта күндерінен тек жұма күнін ғана ораза ұстауға арнауға немесе тек жұма күндері ғана ораза ұстауды әдетке айналдыруға тыйым салынған. Ал жұма күнінен бір күн бұрын немесе бір күн кейін жұмамен қатар, бейсенбі-жұма немесе жұма-сенбі күндері ораза ұстауға болады.

Түсіндірме (орысша)

В этом хадисе говорится о запрете соблюдать пост исключительно в пятницу. Иными словами, запрещено выделять для поста среди дней недели только пятницу или вводить в привычку поститься исключительно по пятницам. Однако разрешается соблюдать пост в пятницу вместе с предшествующим или следующим днём, то есть поститься в четверг и пятницу либо в пятницу и субботу.

1765
Риядус-салихин, № 1765

عَنْ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ جويرِية بنت الْحارث: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَخَلَ عَلَيْهَا يَوْمَ الْجُمُعَةِ وهِيَ صَائِمَةٌ، فَقَالَ: «أصُمْتِ أمْسِ؟» قَالَتْ: لَا، قَال: «تُرِيدِينَ أَنْ تَصُومِى غَدًا؟» قَالَتْ: لَا. قَالَ: «فَأَفْطِرِى»

Қазақша аудармасы

Мүміндердің анасы Журайрия бинт әл-Харистен (р.а.) жеткен хадисте: Бірде жұма күні Пайғамбарымыз ﷺ оған келгенде, оның аузы берік болған еді. Сонда Алла елшісі одан: «Кеше ораза ұстадың ба?» – деп сұрайды, ол: «Жоқ, ұстамадым», – деп жауап береді. Алла елшісі: «Ертең ұстайсың ба?» – деп сұрағанда, Журайрия тағы да: «Жоқ», – деп жауап берді. Сонда Алла елшісі оған: «Онда оразаңды аш», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1986, Ахмад: 26755).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном матерью правоверных Джувайрией бинт аль-Харис (да будет доволен ею Аллах), сообщается: «Однажды в пятницу Пророк ﷺ пришёл к ней, когда она соблюдала пост. Посланник Аллаха ﷺ спросил её: “Ты постилась вчера?” Она ответила: “Нет”. Тогда он спросил: “Будешь ли ты поститься завтра?” Джувайрия вновь ответила: “Нет”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ей: “В таком случае прерви пост”» (Аль-Бухари: 1986; Ахмад: 26755).