Хадис

Риядус-салихин, № 1759

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
342. Қабірге қарап тұрып намаз оқуға болмайтындығы жайында
Нөмірі
№ 1759 (қазақша басылым реті)
1759
Риядус-салихин, № 1759

عَنْ أَبِى مَرْثَدٍ كَنَّازِ بْنِ الْحُصَيْنِ قَالَ: سَمِعْتُ رسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا تُصَلُّوا إِلَى الْقُبُورِ، وَلَا تَجْلِسُوا عَلَيْهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Марсад Кәннәз ибн әл-Хусайн (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Қабірге қарап намаз оқымаңдар және қабірдің үстіне отырмаңдар», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 2250, Ахмад: 17215).

Орысша аудармасы

Абу Марсад Канназ ибн аль-Хусайн (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не совершайте намаз, обратившись лицом к могиле, и не садитесь на могилу”» (Муслим: 2250; Ахмад: 17215).

Түсіндірме (қазақша)

Көптеген мұсылман елдерінде, соның ішінде Мәдинадағы Пайғамбарымыздың ﷺ мешітінде қабірлердің бар екені белгілі. Сондай-ақ мұсылман елдеріндегі көптеген тарихи мешіттердің тура іргесінде немесе ауласында да көне қабірлердің бар екені белгілі, тіпті Ыстамбұлдағы Сулеймание мешіті сынды кейбір іргелі мешіттердің тура құбылаға қараған тұсында да қабірлер орналасқан. Бұған қатысты ғалымдарымыз: Егер іргесінде немесе аулаларында, тіпті құбылаға қараған тұсында қабірлер орналасқан мешіттердегі намаз оқитын орындар мен қабірлердің арасы дуалдармен бөлінген болса, ондай мешіттерде намаз оқудың ешқандай әбестігі жоқ, деп айтқан. Сондықтан да бұл хадистегі тыйымды араға ешқандай бөгет қоймастан тікелей қабірлерге қарап тұрып намаз оқуға қатысты деп түсінген жөн.

Түсіндірме (орысша)

Известно, что во многих мусульманских странах при мечетях имеются могилы; они есть и в мечети Пророка ﷺ в Медине. Известно также, что старые могилы находятся вплотную ко многим историческим мечетям мусульманских стран или в их дворах. Более того, у некоторых крупных мечетей, например, у мечети Сулеймание в Стамбуле, могилы расположены прямо со стороны киблы.

По этому поводу наши учёные говорили: если рядом с мечетью, в её дворе или даже со стороны киблы есть могилы, но место для намаза отделено от них стеной, то совершать намаз в такой мечети не предосудительно. Поэтому запрет, содержащийся в этом хадисе, следует понимать как относящийся к совершению намаза непосредственно лицом к могилам без какой-либо преграды между ними и молящимся.