Хадис

Риядус-салихин, № 1745

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
332. Жаратушыға дұға жасағанда табандылық таныту керектігі жайында
Нөмірі
№ 1745 (қазақша басылым реті)
1745
Риядус-салихин, № 1745Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَقُولَنَّ أَحَدُكُمْ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى إِنْ شِئْتَ: اللَّهُمَّ ارْحَمْنِى إِنْ شِئْتَ، لِيَعْزِم الْمَسْأَلَةَ، فَإِنَّهُ لَا مُكْرِهَ لَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Алладан тілек тілегенде ешбірің: «Уа, Алла! Қаласаң, мені кешір! Уа, Алла! Қаласаң, мені мейіріміңе бөле!» – деп айтпасын, керісінше, тілегін нақты айтып, табандылықпен сұрасын, өйткені (пендесінің дұғасын қабыл алып, алмау мәселесінде) Алланы ешкім мәжбүрлей алмайды», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 6339, Муслим: 6812, Ахмад: 9979).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас, обращаясь к Аллаху с мольбой, не говорит: “О Аллах! Если пожелаешь, прости меня! О Аллах! Если пожелаешь, одари меня Своей милостью!” Напротив, пусть он ясно выражает свою просьбу и просит настойчиво, ведь никто не может принудить Аллаха (к принятию или отклонению мольбы Его раба)» (Аль-Бухари: 6339; Муслим: 6812; Ахмад: 9979).