Хадис

Сөйлеу әдебі

Этика речи

Риядус-салихин, 328-тақырып · 3 хадис · № 1738–1740

Хадистер

1738
Риядус-салихин, № 1738Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «هَلَكَ الْمُتَنَطِّعُونَ» قَالَهَا ثَلَاثًا

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ үш рет қайталап: «Өздеріне қатысы жоқ, һәм де ақыл-ойлары мен қарым-қабілеттері жетпейтін нәрселерге құр сөзбен килігіп, тыраштанатындар құрыды!» – деп айтқан (Муслим: 6784, Ахмад: 3655).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Масудом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ трижды повторил: «Погибли люди, которые, попусту изощряясь в речах, вмешиваются в то, что их не касается и недоступно их разуму и способностям!» (Муслим: 6784; Ахмад: 3655).

1739
Риядус-салихин, № 1739Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّ رسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ يُبْغِضُ الْبَلِيغَ مِنَ الرِّجَالِ الَّذي يَتَخَلَّلُ بِلِسَانِهِ كَمَا تَتَخَلَّلُ الْبَقَرَةُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Асс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Шынында, Алла бейне бір тілімен шөп орап жеген сиыр ұқсап, қу тілін безеп шешенсіген адамдарды жеккөреді», – деп айтқан (Әбу Дәуіт: 5005, Тирмизи: 2853, Ахмад: 6543).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах ненавидит тех, кто, кичась красноречием, вертит своим бойким языком подобно корове, обвивающей языком траву, когда ест её» (Абу Дауд: 5005; Ат-Тирмизи: 2853; Ахмад: 6543).

1740
Риядус-салихин, № 1740Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر بْنِ عَبْدِ اللَّهِ أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «إِنَّ مِنْ أحَبِّكُمْ إِلَيَّ، وأقْرَبِكُمْ مِنِّى مَجْلِسًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ، أحَاسِنكُمْ أَخْلَاقًَا، وإِنَّ أَبْغَضَكُمْ إِلَيَّ، وأبْعَدَكُمْ مِنِّى يَوْمَ الْقِيَامَةِ، الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ وَالْمُتَفَيْهِقُونَ»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, мен үшін ең сүйіктілерің әрі қиямет күні маған ең жақын болатындарың – мінез-құлқы ең көркем болғандар. Сондай-ақ мен үшін ең жеккөрініштілерің әрі қиямет күні менен ең алыс болатындарың – көп сөйлейтін мылжыңдар, ділмарсып аузын көпіртіп сөйлейтін лепірме мақтаншақтар және басынан сөз асырмайтын тәкаппар сөзшеңдер», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 1975, Ахмад: 6767).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, самые любимые для меня из вас и самые близкие ко мне в День воскресения – обладающие наилучшим нравом. Самыми же ненавистными мне из вас и наиболее далёкими от меня в День воскресения будут многословные болтуны, напыщенные хвастуны, которые, мня себя красноречивыми ораторами, разглагольствуют с пеной у рта, и высокомерные говоруны, стремящиеся во что бы то ни стало оставить последнее слово за собой» (Ат-Тирмизи: 1975; Ахмад: 6767).