Хадис

Жаман, боғауыз сөз айтуға болмайтындығы жайында

О недопустимости дурных и бранных слов

Риядус-салихин, 327-тақырып · 2 хадис · № 1736–1737

Хадистер

1736
Риядус-салихин, № 1736Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ الْمُؤْمِنُ بالطَّعَّانِ، وَلَا اللَّعَّانِ، وَلَا الْفَاحِشِ، وَلَا الْبَذِيِّ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Шынайы мүмін – (өзге адамдарды) кемсітіп мұқатушы, қарғыс жаудырып лағынеттеуші, келеңсіз сөздер айтатын бейпіл ауыз және балағатшыл бола алмайды», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 1977, Ахмад: 3839).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Истинный верующий не унижает и не поносит (других людей), не осыпает их проклятиями, не произносит непристойных слов, не сквернословит и не бранится» (Ат-Тирмизи: 1977; Ахмад: 3839).

1737
Риядус-салихин, № 1737Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا كَانَ الْفُحْشُ فِى شَيْءٍ إِلَّا شَانَهُ، وَمَا كَانَ الْحَيَاءُ فِى شَيْءٍ إِلَّا زَانَهُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Арсыздық не нәрсенің бойында болса, соның сүйкімін қашырады. Ал керісінше, ар-ұят не нәрсенің бойынан табылса, соны құлпыртып жібереді», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 1974, Ахмад: 12689).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Бесстыдство лишает привлекательности всё, в чём проявляется. Стыдливость же, напротив, украшает всё, в чём присутствует”» (Ат-Тирмизи: 1974; Ахмад: 12689).