Хадис

Риядус-салихин, № 260

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
32. Әлжуаз, пақыр әрі қарапайым мұсылмандардың артықшылығы жайында
Нөмірі
№ 260 (қазақша басылым реті)
260
Риядус-салихин, № 260Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَمْ يَتَكَلَّمْ فِى الْمَهْدِ إِلَّا ثَلَاثَةٌ: عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ، وَصَاحِبُ جُرَيْجٍ، وَكَانَ جُرَيْجٌ رَجُلًا عَابِدًا، فَاتَّخَذَ صَوْمَعَةً فَكَانَ فِيهَا، فَأَتَتْهُ أُمُّهُ وَهُوَ يُصَلِّى، فَقَالَتْ: يَا جُرَيْجُ، فَقَالَ: يَا رَبِّ أُمِّى وَصَلَاتِى فَأَقْبَلَ عَلَى صَلَاتِهِ فَانْصَرَفَتْ. فَلَمَّا كَانَ مِنَ الْغَدِ أتَتْهُ وَهُوَ يُصَلِّى، فَقَالَتْ: يَا جُرَيْجُ، فَقَالَ: أيْ رَبِّ أمِّى وَصَلَاتِى، فَأقْبَلَ عَلَى صَلَاتِهِ، فَلَمَّا كَانَ مِنْ الْغَدِ أتَتْهُ وَهُوَ يُصَلِّى، فَقَالَتْ: يَا جُرَيْجُ، فَقَالَ: أيْ رَبِّ أمِّى وَصَلَاتِى، فَأقْبَلَ عَلَى صَلَاتِهِ، فَقَالَتْ: اللَّهُمَّ لَا تُمِتْهُ حَتَّى يَنْظُرَ إِلَى وُجُوهِ الْمُومِسَاتِ. فَتَذَاكَرَ بَنُو إِسْرائِيل جُرَيْجًا وَعِبَادَتَهُ، وَكَانَتِ امْرَأَةٌ بَغِيٌّ يُتَمَثَّلُ بحُسْنِهَا، فَقَالَتْ: إِنْ شِئْتُمْ لأَفْتِنَنَّهُ، فَتَعَرَّضَتْ لَهُ، فَلَمْ يَلْتَفِتْ إِلَيْهَا، فَأتَتْ رَاعِيًا كَانَ يَأوِى إِلَى صَوْمَعَتِهِ، فَأَمْكَنَتْهُ مِنْ نَفْسِهَا فَوقَعَ عَلَيْهَا، فَحَمَلَتْ، فَلَمَّا وَلَدَتْ، قَالَتْ: هُوَ مِنْ جُرِيج، فَأتَوْهُ فَاسْتَنْزَلُوهُ وَهَدَمُوا صَوْمَعَتَهُ، وَجَعَلُوا يَضْرِبُونَهُ، فَقَالَ: مَا شَأنُكُمْ؟ قَالُوا: زَنَيْتَ بهَذِهِ الْبَغِيِّ فَوَلَدَتْ مِنْكَ. قَالَ: أيْنَ الصَّبيُّ؟ فَجَاؤُوا بِهِ فَقَالَ: دَعُونِى حَتَّى أصَلِّى، فَصَلَّى فَلَمَّا انْصَرفَ أَتَى الصَّبيَّ فَطَعنَ فِى بَطْنِهِ، وَقَالَ: يَا غُلَامُ مَنْ أبُوكَ؟ قَالَ: فُلَانٌ الرَّاعِى، فَأَقْبَلُوا عَلَى جُرَيْجٍ يُقَبِّلُونَهُ وَيَتَمَسَّحُونَ بِهِ، وَقَالُوا: نَبْنِى لَكَ صَوْمَعَتَكَ مِنْ ذَهَب. قَالَ: لَا، أعِيدُوهَا مِنْ طِينٍ كَمَا كَانَتْ، فَفَعلُوا. وبَينَا صَبِيٌّ يَرْضَعُ منْ أُمِّهِ فَمَرَّ رَجُلٌ رَاكِبٌ عَلَى دَابَّةٍ فَارِهَةٍ وَشَارَةٍ حَسَنَةٍ، فَقَالَتْ أُمُّهُ: اللَّهُمَّ اجْعَل ابْنِى مِثْلَ هَذَا، فَتَرَكَ الثَّدْيَ وَأقْبَلَ إِلَيْهِ فَنَظَرَ إِلَيْهِ، فَقَالَ: اللَّهُمَّ لَا تَجْعَلْنِى مِثْلَهُ، ثُمَّ أقْبَلَ عَلَى ثَدْيه فَجَعَلَ يَرتَضِعُ»، فَكَأنِّى أنْظُرُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَحْكِى ارْتضَاعَهُ بِأصْبَعِهِ السَّبَّابَةِ فِى فِيه، فَجَعَلَ يَمُصُّهَا، قَالَ: «وَمَرُّوا بِجَارِيَةٍ وَهُم يَضْرِبُونَهَا، وَيَقُولُونَ: زَنَيْتِ سَرَقْتِ، وَهِيَ تَقُولُ: حَسْبِيَ اللَّهُ ونِعْمَ الْوَكِيلُ. فَقَالَتْ أمُّهُ: اللَّهُمَّ لَا تَجْعَل ابْنِى مِثْلَهَا، فَتَركَ الرَّضَاعَ ونَظَرَ إِلَيْهَا، فَقَالَ: اللَّهُمَّ اجْعَلْنِى مثْلَهَا، فَهُنَالِكَ تَرَاجَعَا الْحَديثَ، فَقَالَتْ: مَرَّ رَجُلٌ حَسَنُ الْهَيْئَةِ، فَقُلْتُ: اللَّهُمَّ اجْعَلْ ابْنِى مِثْلَهُ، فَقُلْتَ: اللَّهُمَّ لَا تَجْعَلْنِى مِثْلَهُ، وَمَرُّوا بهَذِهِ الْأمَةِ وَهُمْ يَضْرِبُونَهَا وَيَقُولُونَ: زَنَيْتِ سَرَقْتِ، فَقُلْتُ: اللَّهُمَّ لَا تَجْعَلِ ابْنِى مِثْلَهَا، فَقُلْتَ: اللَّهُمَّ اجْعَلْنِى مِثْلَهَا؟! قَالَ: إِنَّ ذَلِكَ الرَّجُل كَانَ جَبَّارًا، فَقُلْتُ: اللَّهُمَّ لَا تَجْعَلْنِى مِثْلَهُ، وَإِنَّ هَذِهِ يَقُولُونَ: زَنَيْتِ، وَلَمْ تَزْنِ وَسَرقْتِ، وَلَمْ تَسْرِقْ، فَقُلْتُ: اللَّهُمَّ اجْعَلْنِى مِثْلَهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «(Исраил ұрпақтарынан) бесікте үш сәбиден басқа ешкім сөйлемеген: Мәриямның ұлы Иса, Журайждың оқиғасындағы нәресте (және тағы бір сәби). Журайж құлшылыққа берілген құдайшыл кісі еді. Ол өзіне ғибадатхана тұрғызып алып, (сонда күндіз-түні құлшылық жасаумен болатын). Бір күні ол намаз оқып жатқанда анасы келіп: «Журайж, балам!» – деп шақырады. Сонда Журайж: «Уа, Раббым! Анам әлде намазым...»1, – деп (іштей дұға жасайды да, көңілі намазға ауып), құлшылығын жалғастыра береді. (Намазын оқып болғанша) анасы кетіп қалады. Ертесі күні тағы да намазда тұрғанында анасы келіп: «Журайж, балам!» – деп шақырады. Сонда ол: «Уа, Раббым! Анам әлде намазым...», – деп (тағы да іштей дұға жасайды да, көңілі намазға ауып), құлшылығын жалғастыра береді. Келесі күні де намазда тұрғанында анасы келіп: «Журайж, балам!» – деп шақырады. Ол тағы да (іштей): «Уа, Раббым! Анам әлде намазым...», – деп (дұға жасайды да, көңілі намазға ауып), намазын жалғастыра береді. Сонда шешесі: «Уа, Алла! Зинақор әйелдердің жүзін көрмейінше оның жанын алма», – деп налиды. Содан кейін Исраил ұрпақтары Журайжды және оның құлшылығын әңгіме қыла бастайды, (олардың арасында) сұлулығы мысалға айналған жеңіл жүрісті бір әйел бар еді. Ол: «Егер қаласаңдар оны азғырамын», – дейді де, (Журайжға барып) оны азғырады. (Алайда Журайж) оған мойнын бұрып та қарамайды. Содан (айласы іске аспаған әлгі әйел Журайждың) ғибадатханасын паналап жүрген бір бақташыға келіп, оған өзімен жақындасуға мүмкіндік береді, бақташы онымен жақындасады, сөйтіп әлгі әйел одан жүкті болып қалады. (Күндер өтіп, ай-күні толып баласын) босанған соң: «Бұл бала Журайждан», – деп жала жабады. Ел-жұрт жиналып Журайжға келіп, оны төмен түсіріп алып, ғибадатханасын қиратады да, өзін таяқ астына алады. Журайж олардан: «Бұларың не?» – деп сұрағанда, олар: «Сен мына жезөкшемен ойнастық жасапсың, сөйтіп ол сенен бала туыпты», – дейді. Сонда ол: «Сәби қайда?» – дейді, олар оған баланы алып келеді. Журайж: «Мені қоя беріңдер, намаз оқып алайын», – деп намаз оқиды. (Ғибадатын) аяқтаған соң әлгі жаңа туған сәбиге келіп, ішінен нұқып қалып: «Әй, бала! Әкең кім?» – деп сұрайды. Жөргектегі бала: «Пәленше бақташы», – дейді. Сонда ел-жұрт Журайжды бас салып, сүйе бастайды және (теберік ретінде) оны сипап, артынша өз тәндерін сипай бастайды. Кейін оған: «Біз сенің ғибадатханаңды алтыннан тұрғызып береміз», – дейді. Сонда Журайж: «Жоқ, оны бұрынғы қалпынша лайдан қайта тұрғызыңдар», – дейді. Олар оның айтқанындай жасайды.

Сондай-ақ (үшінші сәбиге келсек) бір күні жөргектегі бір сәби анасын еміп отырғанда, олардың жанынан сондай сұлу асылтұқымды ат мінген бір көрікті кісі өтеді. (Оны көрген) баланың анасы: «Уа, Алла! Баламның осы кісі сияқты болуын нәсіп ете көр», – деп тілейді. Сонда бала шешесінің емшегін тастай салып, әлгі кісіге бұрылып қарайды да: «Уа, Алла! Мені бұл кісі сияқты қыла көрме», – дейді де, емшегіне бұрылып, қайтадан емуге кіріседі», – деген.

Әбу Һурайра: «Сәбидің емшек емгенін әңгімелеп тұрған Алла Ешісі әлі де көз алдымда, сонда ол соны әңгімелеп тұрып өзінің сұқ саусағын емген еді», – деген.

(Алла елшісі әңгімесін әрі қарай жалғастырып): «Сосын (бір топ адам) олардың қасынан бір күңді алып өтеді. Олар (күңді) сабаумен қатар: «Сен зина жасадың, ұрлық жасадың», – деп жазғырып бара жатқан еді. Байғұс күң болса: «Маған бір Алла жетеді. Ол қандай керемет Қамқоршы!» – деумен болады. (Оны көрген) сәбидің анасы: «Уа, Алла! Баламды мынау сияқты қыла көрме», – деп тілейді. Сонда сәби тағы да емуін тоқтатып, әлгі күңге қарайды да: «Уа, Алла! Маған осы сияқты болуды нәсіп ет», – дейді2. Содан (анасы мен баласы) бір-бірімен сөйлесуге көшіп, шешесі: «Жанымыздан сондай көрікті кісі өткенде, мен: «Уа, Алла! Баламның осы кісі сияқты болуын нәсіп ете көр», – деп тілегенімде, сен: «Уа, Алла! Мені бұл кісі сияқты қыла көрме», – дедің. Сосын адамдар мына күңді сабап: «Сен зина жасадың, ұрлық жасадың», – деп алып өткенде, мен: «Уа, Алла! Баламды мынау сияқты қыла көрме», – деп тілегенімде, сен: «Уа, Алла! Маған осы сияқты болуды нәсіп ет», – дедің!» – деп (мұның сырын сұрайды). Сонда сәби: «Расында, әлгі кісі озбыр адам еді, сондықтан мен: «Уа, Алла! Мені бұл сияқты (озбыр) қыла көрме», – деп тіледім. Ал бұған мыналар: «Зина жасадың», – дейді, бірақ ол зина жасамаған еді, «ұрлық жасадың», – дейді, бірақ ол ұрлық жасамаған еді, сол үшін де мен: «Уа, Алла! Маған осы сияқты (күнәдан ада) болуды нәсіп ет», – деп тіледім», – деп (жауап берген екен)», – деген (Бұхари: 3436; Муслим: 6509; Ахмад: 8071).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Никто (из числа сынов Исраиля) не говорил в колыбели, кроме троих младенцев: Исы, сына Марьям, младенца из истории Джурайджа (и ещё одного младенца). Джурайдж был набожным человеком, всецело посвятившим себя поклонению. Он построил себе молельню (и днём и ночью предавался там поклонению). Однажды, когда он совершал молитву, к нему пришла мать и позвала: “Джурайдж, сынок!” Тогда Джурайдж произнёс: “О Господь мой! Моя мать или моя молитва…”1 – и (обратившись с мольбой про себя и отдав предпочтение молитве) продолжил поклонение. Мать (не дождавшись, пока он закончит молитву) ушла.

На следующий день она снова пришла к нему, когда он молился, и позвала: “Джурайдж, сынок!” Тогда он произнёс: “О Господь мой! Моя мать или моя молитва…” – и (снова обратившись с мольбой про себя и отдав предпочтение молитве) продолжил поклонение.

На третий день мать вновь пришла к нему во время молитвы и позвала: “Джурайдж, сынок!” Он снова (про себя) произнёс: “О Господь мой! Моя мать или моя молитва…” – и (обратившись с мольбой и отдав предпочтение молитве) продолжил молиться. Тогда его мать с горечью взмолилась: “О Аллах! Не забирай его душу, пока он не увидит лиц блудниц”.

После этого сыны Исраиля стали говорить о Джурайдже и его поклонении. А (среди них) была одна распутная женщина, славившаяся своей необыкновенной красотой. Она сказала: “Если хотите, я соблазню его”, – а затем (придя к Джурайджу) стала соблазнять его. (Однако Джурайдж) даже не повернулся в её сторону.

Тогда (эта женщина, чья уловка не удалась) пришла к пастуху, находившему приют в молельне Джурайджа, и позволила ему вступить с ней в близость. Пастух сошёлся с ней, и она забеременела от него. (Когда миновало положенное время и наступил срок родов) она родила ребёнка и оклеветала Джурайджа, сказав: “Этот ребёнок – от Джурайджа”. Люди собрались, пришли к Джурайджу, заставили его спуститься, разрушили его молельню и принялись избивать его. Джурайдж спросил: “Что вы творите?” Они ответили: “Ты совершил прелюбодеяние с этой блудницей, и она родила от тебя ребёнка”. Тогда он спросил: “Где младенец?” Ему принесли ребёнка. Джурайдж сказал: “Отпустите меня, я сначала совершу молитву”, – и помолился. Завершив (поклонение), он подошёл к новорождённому, слегка ткнул его в живот и спросил: “Эй, дитя! Кто твой отец?” Младенец в пелёнках ответил: “Такой-то пастух”.

Тогда люди окружили Джурайджа, стали целовать его и (желая обрести благодать) прикасаться к нему, а затем проводили руками по собственным телам. После этого они сказали ему: “Мы построим тебе молельню из золота”. Джурайдж ответил: “Нет, восстановите её из глины в прежнем виде”. И они сделали так, как он велел.

Кроме того, (если говорить о третьем младенце), однажды младенец в пелёнках сосал грудь матери, когда мимо них проехал красивый мужчина верхом на прекрасном породистом коне. (Увидев его) мать ребёнка взмолилась: “О Аллах! Даруй моему сыну стать таким, как этот человек”. Тогда младенец тут же отпустил грудь матери, повернулся к тому человеку, посмотрел на него и сказал: “О Аллах! Не делай меня таким, как этот человек”, – после чего снова повернулся к груди матери и продолжил сосать её».

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я и сейчас словно вижу перед собой Посланника Аллаха ﷺ, рассказывавшего о том, как младенец сосал грудь: повествуя об этом, он положил в рот свой указательный палец и стал его сосать».

Продолжая свой рассказ, Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Затем (группа людей) провела мимо них одну рабыню. Они, избивая (рабыню), укоряли её: “Ты совершила прелюбодеяние! Ты украла!” Бедная рабыня лишь повторяла: “Довольно мне одного Аллаха. Он – прекрасный Покровитель!” (Увидев её) мать младенца взмолилась: “О Аллах! Не делай моего сына таким, как эта рабыня”. Тогда младенец снова перестал сосать грудь, посмотрел на рабыню и сказал: “О Аллах! Даруй мне стать таким, как она”2.

После этого (мать и ребёнок) заговорили друг с другом. Мать (спрашивая, в чём причина этого) сказала: “Когда мимо нас проехал такой красивый человек, я попросила: ‘О Аллах! Даруй моему сыну стать таким, как он’, а ты сказал: ‘О Аллах! Не делай меня таким, как он’. Затем люди провели мимо нас эту рабыню, избивая её и говоря: ‘Ты совершила прелюбодеяние! Ты украла!’ Я попросила: ‘О Аллах! Не делай моего сына таким, как она’, а ты сказал: ‘О Аллах! Даруй мне стать таким, как она!’”

Младенец ответил: “Поистине, тот человек был притеснителем, поэтому я попросил: ‘О Аллах! Не делай меня таким, как он’. Что же касается этой рабыни, то люди говорят ей: ‘Ты совершила прелюбодеяние’, хотя она не совершала его, и говорят: ‘Ты украла’, хотя она ничего не крала. Поэтому я и попросил: ‘О Аллах! Даруй мне стать таким, как она (чистым от греха)’” (так ответил ребёнок)» (Аль-Бухари: 3436; Муслим: 6509; Ахмад: 8071).

  1. 1Яғни: «Анама жауап беріп төменге түссем бе әлде намазымды тамамдасам ба? Уа, Раббым! Маған дұрыс шешім қабылдауды нәсіп ет» деген мағынада.
  2. 2Яғни: «Мені осы күң сияқты күнәдан таза қылғайсың», – деген мағынада. Алайда ол әлгі күң тәрізді жазықсыз айыпталуды тілемеген, өйткені шариғатта өз-өзіне бәле тілеуге тиым салынады.
  1. 1То есть: «Ответить ли мне матери и спуститься к ней или завершить молитву? О Господь мой! Помоги мне принять правильное решение».
  2. 2То есть: «Сделай меня чистым от греха, как эта рабыня». Однако он не желал, чтобы его, как её, обвинили без вины: шариат запрещает желать себе беды.