Хадис

Риядус-салихин, № 258

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
32. Әлжуаз, пақыр әрі қарапайым мұсылмандардың артықшылығы жайында
Нөмірі
№ 258 (қазақша басылым реті)
258
Риядус-салихин, № 258Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رُبَّ أشْعَثَ أغبرَ مَدْفُوعٍ بالأبْوابِ لَوْ أقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لأَبَرَّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Шашының ұйпа-тұйпасы шығып, үсті-басы шаң-тозаң болып, көрінген үйдің босағасынан қуылып жүрген қаншама жан бар. Егер олар (қандай да бір мәселеге қатысты) Алланың атымен ант ішсе, Алла Тағала олардың антын жалғанға шығармайды», – деп айтты» – делінген (Муслим: 6682; Ахмад: 8348).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Сколько же людей с растрёпанными волосами, с головы до ног покрытых пылью и гонимых от порога каждого дома! Если они поклянутся именем Аллаха (в отношении какого-либо дела), Аллах Всевышний не даст их клятве оказаться ложной» (Муслим: 6682; Ахмад: 8348).

Түсіндірме (қазақша)

Бір қарағанда жай ғана қарапайым адам немесе бейшара біреу болып көрінетін Алланың қаншама әулие құлдары бар. Ондай адамдардың Алланың алдындағы орны ерекше болғандықтан, ішкен анты, һәм ықыласпен жасаған әрбір дұғасы міндетті түрде қабыл болады, сондықтан ондай жандардың қарғысына қалмаған жөн.

Түсіндірме (орысша)

сколько же у Аллаха приближённых рабов, которые на первый взгляд кажутся простыми людьми или несчастными бедняками! Поскольку такие люди занимают особое положение пред Аллахом, Аллах непременно исполняет то, в чём они поклялись, и принимает каждую их искреннюю мольбу. Поэтому не следует навлекать на себя их проклятие.