Хадис

Риядус-салихин, № 256

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
32. Әлжуаз, пақыр әрі қарапайым мұсылмандардың артықшылығы жайында
Нөмірі
№ 256 (қазақша басылым реті)
256
Риядус-салихин, № 256Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّهُ لَيَأْتِى الرَّجُلُ السَّمِينُ الْعَظِيمُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ لَا يَزِنُ عِنْدَ اللَّهِ جَنَاحَ بَعُوضَةٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Қиямет күні Алланың құзырына мына дүниеде ұлық болған өзі семіз бір адам келеді. Алайда оның Алланың алдында шыбынның қанаты құрлы салмағы болмайды», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 4729; Муслим: 7045).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения пред Аллахом предстанет тучный человек, считавшийся великим в этом мире. Однако пред Аллахом он не будет весить даже столько, сколько весит крыло мухи» (Аль-Бухари: 4729; Муслим: 7045).