عَنْ أَبِى عباس سهل بْنِ سعد الساعِدِيِّ، قَالَ: مَرَّ رَجُلٌ عَلَى النَّبِيّ ﷺ فَقَالَ لرَجُلٍ عِنْدَهُ جَالِسٌ: «مَا رَأيُكَ فِى هَذَا؟»، فَقَالَ: رَجُلٌ مِنْ أشْرَافِ النَّاسِ، هَذَا واللَّهِ حَرِيٌّ إِنْ خَطَبَ أَنْ يُنْكَحَ، وَإِنْ شَفَعَ أَنْ يُشَفَّعَ. فَسَكَتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ مَرَّ رَجُلٌ آخَرُ، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا رَأيُكَ فِى هَذَا؟» فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا رَجُلٌ مِنْ فُقَراءِ الْمُسْلِمِينَ، هَذَا حَرِيٌّ إِنْ خَطَبَ أَنْ لَا يُنْكَحَ، وَإِنْ شَفَعَ أَنْ لَا يُشَفَّعَ، وَإِنْ قَالَ أَنْ لَا يُسْمَعَ لِقَولِهِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَذَا خَيْرٌ مِنْ مِلءِ الْأَرْضِ مِثْلَ هَذَا»
Әбу Аббас Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ қасынан бір кісі өткен еді, сол сәтте ол жанында отырған бір кісіден: «Мына кісі жайлы не дейсің?» – деп сұрады. Сонда ол: «Бұл кісі текті адамдардың бірі. Алланың атымен ант етейін! Бұл құда түссе, қыз беруге лайықты, біреуге болысса, сөзін тыңдауға тұратын кісі», – деді. Алла елшісі (оның жауабына) үндемеді. Сәлден соң басқа бір кісі өтіп еді, Алла елшісі: «Ал мына кісі жайлы не дейсің?» – деп сұрады. Ол: «Уа, Расулалла! Бұл құда түссе, қыз беруге лайықты емес, біреуге араша түссе және бір нәрсе айтса, сөзін тыңдауға тұрмайтын пақыр-міскін мұсылмандардың бірі ғой», – деді. Сонда Алла елшісі: «Шынында, бұл (пақыр) – жер беті толы әлгіндей тектілерден әлдеқайда қайырлы!» – деп айтты», – деген (Бұхари: 2447).
Абу Аббас Сахль ибн Саад ас-Саиди (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды мимо Пророка ﷺ прошёл один человек. В тот момент Пророк ﷺ спросил сидевшего рядом с ним: “Что ты скажешь об этом человеке?” Тот ответил: “Он из числа знатных людей. Клянусь Аллахом! Если он посватается, ему стоит дать согласие, а если станет за кого-либо ходатайствовать, к его слову стоит прислушаться”. Посланник Аллаха ﷺ (услышав его ответ) промолчал.
Через некоторое время мимо прошёл другой человек, и Посланник Аллаха ﷺ спросил: “А что ты скажешь об этом человеке?” Тот ответил: “О Посланник Аллаха! Он из числа бедных и неимущих мусульман: если посватается, ему не следует давать согласия, а если станет за кого-либо ходатайствовать или что-нибудь скажет, к его слову не стоит прислушиваться”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, этот (бедняк) гораздо лучше целой земли, наполненной такими знатными людьми!”» (Аль-Бухари: 2447).